Қайталау – білім анасы

Батыс Қазақстан облысы,
Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылы

М.Б.Ықсанов атындағы орта жалпы білім беретін
мектеп- балабақшаның бастауыш класс мұғалімі
Закарина Марзия Хабдолқызы

І санатты мұғалім

Сабақтың тақырыбы: «Қайталау – білім анасы»

Сабақтың мақсаты:

  1. Балалардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін жүйелеу, тиянақтау.

  2. Оқушыларды білімді, сауатты, тез ойлауға, шапшаң есептеуге баулу, ой өрісін кеңейту. Жарысуға, үйренуге деген қызығушылық арттыру, жарыста жеңімпаз болуға ынталандыру.

  3. Өз өзін басқаруға, өзара сыйластық сезімін оятуға үйрету.

Сабақтың типі: Бекіту сабағы.

Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап, топпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, сызбалар, сұрақтар жинағы, мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан

Математикаға орын берсең басыңнан,

Барлық ғылым саған үйір болады

Досың солар табылатын қасыңнан.

ІІ. Психологиялық дайындық. Бір біріміздің қолымыздан ұстап алақан жылуы арқылы бір бірімізге жылы лебіздер тілейік.

ІІІ. Жаңа сабақ. Балалар, бүгінгі жаңа сабағымыз бекіту, қайталау, қорыту деп аталады. Бүгін біз математика пәні бойынша өз арамыздан жеңімпаз топты анықтаймыз. (Оқушыларды екі топқа бөлу, әр топ өз атын, ұранын айтады, өздерінің капитандарын сайлайды.)

І топ «Білгірлер»

Ұраны: «Білекті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады».

ІІ топ «Тапқырлар»

Ұраны: «Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнім жоқ»

Бүгінгі сабағымыз жеті бөліктен тұрады.

1. Жұмбақ есептер.

2. Оқулықпен жұмыс. (№ 295 бет)

3. Кім жүйрік? Теңдеу шешу. (№ 495 бет)

4 . Кім тапқыр? (Логикалық қызық есептер)

5. Ойлан, тап! (Өрнектің мәні дұрыс болатындай етіп тиісті таңбаларды қой)

6. Капитандар жарысы

7. Бәйге (№ 696 бет)

Көбейту кестесін еске түсіру. Екі топтан екі оқушы шығады.

  1. Жұмбақ есептер. «Неше алма».

Бес бұтақты ағашта,

Бұтақ сайын бес алма.

Біреуін бер Омашқа

Қалды сонда неше алма.

«Неше үйрек»

Аулада бес үйрек,

Қорада үш үйрек.

Бір үйрек тығылды

Бір үйрек жығылды

Қалғаны неше үйрек?

Қалғаны екі есе көбейді.

  1. Оқулықпен жұмыс. (№295 бет)

  2. Кім жүйрік? Теңдеу шешу. (№495бет)

Көп білетін оқушы,

Мына бізге келіңдер.

Теңдеу есеп шығарып,

Дұрыс тауып жауабын

Саудаласып көріңдер.

  1. Кім тапқыр? (Логикалық қызық есептер)

  1. Әпкесі 4 жаста, інісі 3 жаста. Әпкесі 7 жасқа толғанда, інісі неше жаста болады?

  2. Бөрененің ұзындығы 5 метр. Минут сайын бөрененің бір метрден кесіп кесіп отырса, бөренені қанша минутта кесіп бітіруге болады?

  3. Төрт мысықтың неше құлағы, неше аяғы, неше жүрегі бар?

  4. Біз нешінші ғасырда өмір сүріп жатырмыз?

  5. 1 ұзын ағаш, ағаштың үстінде 12 ұя, әр бір ұяда төрт төрттен тұқым, әр тұқымда 7 балапан.

  6. Бір ағаштың 12 бұтағы бар, әр бұтағында 30 жапырағы бар, жапырақтың бір жағы ақ, бір жағы қара.

  1. Ойлан, тап! (Өрнектің мәні дұрыс болатындай етіп тиісті таңбаларды қой)

6 6 6 = 30

3 3 3 3 = 30

  1. Капитандар жарысы.

І топ

  1. Азайтудың нәтижесі қалай аталады?

  2. Бір сағатта неше минут бар?

  3. Қарама қарсы қабырғалары өзара тең геометриялық фигураны қалай атаймыз?

  4. Әріпті өрнек дегеніміз не?

  5. Палетка не үшін керек?

  6. 6 * 8 = ?

  7. Ауданды табу үшін не істейді?

  8. Бір тәулікте жиырма төрт сағат бар 16 бөлігі неше сағат болады?

  9. Кез келген санды 0-ге көбейтсек не шығады?

10 . Ұзындығы 4 см, ені 3 см тік төртбұрыштың ауданын тап.

ІІ топ.

  1. Қосудың нәтижесі?

  2. Ұзындықтың өлшем бірліктерін ата

  3. Перимертді қалай табамыз?

  4. Бір ғасырда неше жыл бар?

  5. Оқу жылының алғашқы айы қай ай?

  6. Барлық қабырғалары тең өзара геометриялық фигураны ата

  7. Бір тәулікте неше сағат бар?

  8. Айманда 24 гүл бар, 31 досына берді. Неше гүл берді?

  9. Ұзындығы 5 см, ені 2 см. Тіктөртбұрыштың периметрін тап.

  10. Санды өрнек дегеніміз не?

  1. Бәйге. (№696 бет)

 

Х

9

8

3

7

3

 

 

 

 

5

 

 

 

 

7

 

 

 

 

Х

5

7

6

4

2

 

 

 

 

4

 

 

 

 

6

 

 

 

 

Қорытындылау. Топтың жеңімпазын анықтау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше