Дара және күрделі етістік
Батыс Қазақстан облысы,
Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылы
М.Б.Ықсанов атындағы орта жалпы білім беретін
мектеп- балабақшаның бастауыш класс мұғалімі
Закарина Марзия Хабдолқызы
І санатты мұғалім
Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі етістік.
Сабақтың мақсаттары:
-
Етістіктің дара және күрделі түрлерімен таныстыру. Оларды ажырата білуге жаттықтыру.
-
Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу, ойын жүйелі жатық жеткізе білуге, интеллектуалды және эмоционалды белсенділігін арттыруға дағдылау.
Сабақтың түрі: Бекіту
Сабақтың көрнекілігі: Тірек сызба, тесттер, плакаттар.
Сабақта қолданылатын әдістер: проблема тастау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
а) Оқушыларды сабаққа дайындау.
ә) Оқушыларды түгелдеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
-
Үйге берілген жаттығуды тексеру. (330 – ж.)
-
Ой ашар.
-
Тірек сызбамен жұмыс жасау.
-
Балалар, заттың нелері болады.
-
Аты, сыны, қимылы.
-
Бұларды бір сөзбен қалай атаймыз.
-
Сөз таптары.
-
Қандай сөз таптарымен таныстық, кім айтады.
Сөз таптары
Зат есім Етістік
Сын есім
Ой шақыру.
Көрші ойыны пысықтау. Бірі берілгенін оқыса, екіншісі ары қарай жалғастырады.
а) Зат есім дегеніміз …………………………………………
ә) Жалқы есім дегеніміз …………………………………..
б) Сын есім дегеніміз ………………………………………
в) Зат есімнің көпше түрі дегеніміз ………………….
г) Сын есімнің сұрақтары ………………………………..
Ал біз қай сөз табымен танысып жатырмыз?
– Етістік
– Етістік туралы оқушылардың білімін тексеру. (Тест әдісін қолдану)
1)Етістік дегеніміз не?
а)түсін, түрін.
ә)қимылын, іс әрекеттің
б)атын
в)санын
2) Етістіктің сұрақтары:
а) кім? не? Көпше түрі.
ә) қашан? неше?
б) не істеді? Қайтті?
в) қандай? Қай?
3) Етістікті тап.
а) Секірді
ә) Мөлдір
б) Отыз бес
в) Отырғыш
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жаңа тақырыпты өз бетімен меңгертуге жетелеуші тапсырмаларды орындату.
А) Кесте бойынша жұмыс.
– Кестедегі сөйлемдерді оқу. Етістіктерге сұрақ қою.
Жасырынбақ.
Балалар қорада жасырынбақ ойнап жүр. Марат орындық астына тығылды. Сәуле есік артына тұрды. Дариға шөптің түбінде көрінбей отыр. Қанат оларды іздеп жүр.
Дара Күрделі
3) (Балалар өздері қорытынды жасайды).
–Етістіктер дара, күрделі болып екіге бөлінеді.
–Неліктен?
–Дара етістік бір сөзден тұрады. (Мысал келтір)
–Күрделі етістік екі, үш сөзден құрылады.
ә) Осы ретпен «келді» деген сөзді талдау.
келді
Кем
Кем
кем
Жатыр
Жатыр
жатқан
еді
сияқты
еді
(Мұғалім өзі балалармен бірге талқылап, сабақтың негізгі мақсатына жетеді).
Жаңа сабақты бекіту.
(Оқушылардың оқулықпен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру кезеңі).
335 – жаттығу. Тақтамен жұмыс.
336 – жаттығу. Ауызша. (Оқушылар әр сөзді оқып, оның дара, күрделі болып есептелуін дәлелдейді, сөздерге сұрақ қояды).
ә) Терме диктант.
Оқушылар дара және күрделі етістіктерді теріп дәптерлеріне жазады.
Жалғыз өзім серуенге шықтым. Алдымнан шалғынды жапыра басқан аюдың ізі кездесті. Қарақаттардың басын сындырып кетті. Ойда жоқта аю алдымнан шыға келді. Мен шошып кеттім. Бірақ аюдың менде шаруасы болмады
Дара Күрделі
Шықтым, Сындырып кетті,
Кездестім шыға келді,
шошып кетті.
Б) Берілген тірек сөздермен мәтін құрап жазу.
Келді, жылынды, еріп жатыр, ұшып келеді.
-
Сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдау.
ІҮ. Жаңа сабақты қорыту.
-
Балалар, біз бүгін қандай тақырыппен таныстық?
-
Дара, күрделі етістік.
-
Осы сабақты қалай түсінгеніңізді қазір қорытындылаймыз. Мен сөздер оқимын, ал сендер өздеріне дәптерге түртіп отырасыз. Егер де етістік дара болатын болса O, күрделі етістік болса Δ белгілерін қоясыз. Және «Иә» «жоқ» деген жауап бересіз.
-
Ашылды
-
Жылады
-
Ойнап отыр еді
-
Барып келді
-
Жүгіріп жүр
-
Гүлдеді
-
Еріді
-
Кісінейді
-
Еріп жатыр
-
Оқып жүр
-
Жыртылды
-
Созып тұр
-
Толқып жатыр
Тексереміз.
Ү. Бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма беру.
