Физиканың сырын ашайық
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті
№ 121 орта мектебінің физика жән математика пәнінің мұғалімі
Тұрмағамбетова Балқаш Сиезбекқызы
Сабақтың тақырыбы: «Физиканың сырын ашайық»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың алған білімдерін дамытып, қорытынды жасап, білім сапасының
қаншалықты артқандығын, ой – өрістерінің дамығандығын анықтау.
Дамытушылығы: Оқушылардың пәнге деген ынтасы мен қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушыларды ұжымдыққа, еңбекке және практикалық шеберлікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: саяхаттың жолы белгіленген сурет, үлестірме материалдар, әр түрлі
құрал – жабдықтар, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: дамыта оқыту, деңгейлеп саралап оқыту,топтық жұмыс.
Сабақтың өтілу барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар 3 топқа бөлінеді: Паскаль, Архимед және Рычаг тобы
І. Білімқұмар ауылы: Оқушылар тақтада көрсетілген сұрақтарға жауап береді. Жауап берген
оқушыларға түсті жұлдызшалар беріледі.
ІІ. Тапқырлар ауылы: әр топқа сапалық есептер жазылған карточка таратылып беріледі.
-
Қандай күштің әсерінен бұлттан пайда болатын бұршақ жерге жауады? Қандай физикалық денелер бұл жағдайда өзара әсерлеседі?
-
Ауыр кеме суда жүзіп жүреді, суға тасталған шеге суға батып кетеді? Мұның себебі не?
-
Су хайуанаттарына берік қаңқа керек болмайтыны неліктен?
-
Ауыл шаруашылық машиналарының табандарын неге жалпақ етіп жасайды?
-
Көкөніс, балықты және басқа азық – түлікті тұздау қандай құбылысқа негізделген?
-
Неліктен сорпаның майы бетінде орналасады?
-
Жұмыртқа таза суға батып кетеді, тұзды суда жүзіп жүреді. Себебін түсіндір.
ІІІ. Ойшылдар ауылы: әр топқа деңгейлік есептер карточкаға жазылып беріледі. Топ мүшелері
тақтада есеп шығарады.
ІҮ. Ашылмаған құпиялар ауылы: топтар физикалық сөзжұмбақтар, не ребустар шешіп
жарысады.
Ү. Заңдар ауылы: қай топтың мүшелері «Физика» елінің заңдарын жақсы білетінін байқау.
ҮІ. «Қызықты физика» ауылы: Қызықты тәжіриблер жасау
-
Тарелканың сабынмен көтерілуі
-
Төңкерілген стақандағы су
-
Графиндегі жұмыртқа
ҮІІ. Зеректер ауылы: эксперименттік тапсырма
-
Резеңке жіпке картопты байлап, жіптің ұзындығын өлшеңдер. Картопты суға батырып жіптің ұзындығын тағы өлшеңдер. Ол қалай және неліктен өзгереді?
-
Су құятын ыдыс, су және мензурка бар болса, ағаш шариктің массасын қалай анықтауға болады?
-
Шай стаканын толтырып су құйыңдар, қажетті өлшеулерді орындап, судың стақан түбіне түсіретін ұысымын анықтаңдар.
ҮІІІ. Құрал – жабдықтар ауылы: бұл ауылда түрлі физикалық құрал – жабдықтар өмір сүреді. Ендеше бұл ауылдың қонақтары көрсетілген құрал – жабдықтардың қай жерде қолданылатынын білгені жөн.
ІХ. Шеберлер ауылы: әр топ мүшесі қолынан дайындаған құралын қорғайды. Физикалық шамалар, формуласы жән өлшем бірліктер қаншалықты меңгерілгенін анықтау үшін «Қазақ үй» ойыны ойнатылады.
Қорытынды. Сабақты қорытуда оқу материалын қаншалықты меңгергеніміз анықталып,
бекітіледі. Үш топтың ұпай саны шығарылып, қорытындыланады. Осылай ой
қорыту сабағы аяқталады.
Үйге тапсырма. Қайталау.
Оқушыларды бағалау
Топ мүшелеріне берілген жұлдызшалар бойынша жеңіске жеткен топты анықтау, бағалау.
