«Атомдық физика» тарауы бойынша «Ядролық энергия және экологиялық жағдай» тақырыбында семинар сабақ
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті
№ 121 орта мектебінің физика жән математика пәнінің мұғалімі
Тұрмағамбетова Балқаш Сиезбекқызы
Сабақтың мақсаты:
Атомдық физика тарауынан алған білімін пысықтау және экологиялық білім беру.
Экологиялық проблемаларға ынтасын дамыту.
Сабақтың түрі: Семинар сабақ
Сабақтың көрнекілігі:
Табиғат туралы сөздер жазылған плакаттар, оқушылрдың жазған рефераттары.
1.Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ
2. Табиғат – ел байлығы,
Табиғат жер байлығы.
Сабақ жоспары
І. Ұйымдастыру
ІІ. Сұрақтар бойынша оқушылар дайындығымен жұмыс
ІІІ. Қорытындылау
І. Ұйымдастыру бөлімінде
Ядролық энергия АЭС-лары туралы шолу жасау.
ІІ. Сұрақтар
1.Ядролық энергияны бейбітшілік мақсатта қолдану
2. Ядролық жарылғыш заттарды пайдалануға не себепті қатаң шек қойылды?
3. Организмді радиактивті сәулеленуде қалай сақтауға болады?
4. Атом бомбасының экологиялық зардаптары қандай?
5. АЭС-тердің пайдалы және зиянды жақтары
6. Семей полигонының қажеттілігі, пайдалы және зиянды жақтары.
7. Қазақстандағы полигонның қажеттілігі, пайдалы және зиянды жақтары
8. Байқоңыр ғарыш аймағының ғылыми – практикалық және экологиялық пайда,
зияндары туралы не білесіз.
Сұрақтар бойынша оқушылар жауаптары тыңдалады.
Қорытынды барысында Қазақстан ядролық жанталасушылығында ең көп қасірет шеккен елдердің бірі екені айтылады. 1849 жылдан бастап біздің 659 жарылыс болды.
Семей полигонында 473 жарылыс жасалған. Оның 90-ы ашық аспанда 26-сы жер үстінде, қалған 354 жер астында.
Аспан мен жер үстіндегі 14 жыл бойы жүргізілген сынақтан радиоактивті 55 бұлт пайда болған. Еліміздің жер көлемінің 40-ке жуығын радиациялық жағымсыз аймаққа жатқызуға болаы. Қоршаған ортадағы өнеркәсіптің екі жақты ролі, қоршаған ортаға қатысты ғылыми – техникалық прогрестің екі жақты ролі бар екенін қорытындылаймыз. Табиғатты сақтап оның байлығын қорғау басты міндетіміз екенін оқушыларға ұғындырамыз.
