Зат есімнің жекеше , көпше түрі
Ақтөбе қаласы
№39 қазақ орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі
Басмағамбетова Гүлзада Құрманбайқызы
Қазақ тілі. 2 – класс
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жекеше , көпше түрі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Зат есімнің жекеше , көпше тұлғада жұмсалатындығын түсіндіру; оқушыларға жекеше түрдегі зат есімдерді көпше түрге айналдыра білуге үйрету; қосымшаларын ажырата білуге және дұрыс жалғай білуді үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдыққа,ұқыптылыққа,көркем жазуға,тазалыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Ауызекі тіл байлықтарын, жекеден көпті,көптен жекені ажырата білу дағдыларын дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сөздік,практикалық,көрнекілік.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,үлестірмелі қима қағаз
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті,Математика,Бейнелеу өнері.
Сабақтың барысы:
-
Алғашқы ұйымдастыру
-
Оқушылармен амандасу;
-
Түгендеу;
-
Психологиялық дайындық;
-
Үй жұмысын тексеру
-
150-бет 3-жаттығу
-
Ереже сұрау;
-
«Асыл сөз » айдары;
Ақ сүйек, кебеже, мәсі.
-
Өткенді еске түсіру
-
«Мен бастайын, сен жалғастыр» ойыны
5. Жаңа сабақты хабарлау
Зат есім
Жалқы-Жалпы Негізгі-Туынды Жекеше-Көпше
Құрманғазы- ел- доп-
-актер -оқушы -гүлдер
Қостанай- өнер- ағаш-
1-жаттығу. Сурет бойынша жаңа сабақты жүйелеу.
1қайық – қайық 1 қарбыз-қарбыз
3 қайық – қайықтар 3 қарбыз- қарбыздар
-лар; -лер; -дар; -дер; -тар; -тер; көптік жалғаулары
Егерде сөздің соңғы буыны жуан болса, жуан жалғау жалғанады,ал егерде сөздің соңғы буыны жіңішке болса жіңішке жалғау жалғанады. Мысалға: доп-доптар; әтеш-әтештер.
6. Дәптермен жұмыс.
– Күннің жады;
– Жаңа сабақтың тақырыбы;
– Көркем жазу;
2-жаттығу.Сөздерді оқып,жекеше мен көпшені бағандарға бөліп жазу.
Сызғыш,апа,жұлдыздар,өрік,суретшілер,көгершін,үйректер,еңбек,көбелектер.
7. Берілген сызба арқылы әңгіме құрастыру.
Астана__________________________ Алматы
4000шақырым
8. Қазақстан сөзінен басқа 10 сөз құрастыр.
3-жаттығу.Сөздерге көптік жалғауын жалғап жазу.
Ұшқыш,құс,шырша,сатушы,дәрі,тиін,маса, бала.
9. Тірек сөздерді пайдаланып өлең құрастырайық.
——————–дәптерді, —————сайрайды,
——————–беттерді, —————жайнайды.
——————–ұстаймын —————-құлпырып.
——————- шеттері. —————-сыйлайды.
10. Сергіту сәті.
4-жаттығу.Мәтіннен көптік жалғауы жалғанған сөздерді теріп жазу.
11. Сабақты бекітуге арналған шағын тест
Менің жетістіктерім Менің кемшіліктерім
12.Бағалау.
13.Үйге тапсырма.5-жаттығу. Ереже.
