Без рубрики

Дауыссыз дыбыс түрлері

Жұмаділдаева Майра Әжімханқызы,

2 Жамбыл атындағы орта мектептің

Бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыс түрлері

Мақсаты:

Білімділік:Өтілген материалдармен сабақты байланыстыру арқылы жаңа сабақ туралы түсінік беру.

Дамытушылық:Логикалық ойын дамыту, дұрас, анық сөйлеуге жаттықтыру.

Тәрбиелік:Ұқыптылыққа, сауатты жазуға тәрбиелеу.

Көрнекілік: Интерактивті тақта,слайд.

Сабақ түрі: Аралас.

Сабақ әдісі: Түсіндіру,іздену,сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық даярлық

Қазақ тілім- өз тілім- ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

Болашағым, бақытым дара тілім.

-Міне балалар ақындарымыз жырлаған тіл- туған тіліміз қазақ тілі сабағы.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл?

Тіл мерекесі қай күн?

Балалар өздерің білесіңдер алда үлкен мереке бар?

16-желтоқсан тәуелсіздік күні.Осы мерекеге қандай сыйлық тарту етесіңдер?

Күнделікті міндетіміз:

Сабақтан қалмай, сапалы да, саналы білім алу.

  1. Ой ашар

Үйге қандай тапсырма берілді?

119-жаттығу

Еңкею- 5-әріп,6-дыбыс, 3-дауысты, 2-дауыссыз.

жантаю- 6-әріп,7-дыбыс, 3-дауысты, 3-дауыссыз.

кию- 3-әріп,4-дыбыс, 2-дауысты, 1-дауыссыз.

миуа- 4-әріп,4-дыбыс, 3-дауысты, 3-дауыссыз, (У)

қию- 3-әріп,4-дыбыс, 2-дауысты, 1-дауыссыз.

Парта аралап тексеру,4-5 оқушыға оқыту.

  1. Ой шақыру

Дыбыс дегенді қалай түсінеміз?

Дауысты дыбыс дегеніміз не?

Қаншаға бөлінеді?

Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?

Жұмбақ

Бір ағашта отыз жеті алма,

Оны алып жемек болсаң,

Он шақтысы тамағыңнан еркін өтіп кетеді

Қалғандары қақтығып барып өткеді? (дауысты, дауыссыз.)

  1. Сергіту сәт

Дауысты дыбыстарды атау.

А, Ә, О, Ө, Е, Ё, (У), Ұ, Ү, Ы, І, Ю, Я.

  1. Жаңа сабақ

Дауыссыз дыбыстардың қасиеті:

Дауыссыз дыбыстар айтқанда өкпеден шыққанда кедергіге ұшырайды.

Дауыссыз дыбыстар сөздерді буынға бөле алмайды.

Ереже: Дауыссыз дыбыстар дегеніміз ауыз қуысында кедергіге ұшырап, өздігінен буын құрай алмайтын дыбысты айтамыз.

Дауыссыз дыбыстар үшке бөлінеді:

Қатаң (салдырдан тұрады)

Қ, К, П, С, Т, Ф, Х, Һ, Ц, Ч, Ш, Щ.

Ұяң (салдырмен үннен тұрады)

Б, В, Г, Ғ, Д, З, Ж.

Үнді (салдырмен үннен тұрады, бірақ, үн басым келеді)

Л, М, Н, Ң, Й, Р, (У).

  1. Оқулықпен жұмыс

121-жаттығу, өз бетінше.

122-жаттығу, жатқа жазу. Жаңылпашта дауыссыздардың қай түрлері кездеседі. (қатаң-қ, үнді-р,н,м)

123-жаттығу, сөйлем құру, ребусты шешу. (қолшатыр)

124-жаттығу, тақтамен жұмыс.

«Кім жылдам?» ойыны.

Әр оқушы өз есіміне дыбыстық талдау жасау.

7.Қортынды.

Күнделікті енді ашайық,

Үй тапсырмасын жазайық.

Бүгінгі алған білімді,

Ұмытпай есте сақтайық.

125- жаттығу, ереже жатқа.

8.Білімдерін бағалау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.