Қазақ әдебиеті

Қазақ халқының салт-дәстурлері. Үйлену тойы

Ақмола облысы, Көкшетау қаласы «Көкшетау қаласы,
1 cервистік-техникалық колледжі» КММ
қазақ тілі және әдебиет пәнінің оқутышысы
Қапезова Баян Болатқызы

Сабақтың тақырыбы: «Қазақ халқының салт-дәстурлері. Үйлену тойы»

Тақырыптың мінездемесі

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат- міндеттердің ең бастысы — өзіңнің ісін, өмірін жалғастыратын салуатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлау болып табылады.

Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өресі озық азамат етіп тәрбиелеу біздің де қоғам алдындағы борышымыз. Ал ойлы-пайымды,білімді,мәдениетті, іскер, еңбекшіл азамат тәрбиелеуді адамзаттың ақыл-ойы мен мәдениетінің дамыуындағы бағалы байлықтың бәрін игере отырып және оны бүгінгі ұрпақтың санасына ұстаздық шеберлікпен біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады.

Ал жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіруде халықтық салт-дәстурлердің тәлім-тәрбиелік, білім-танымдық рөлі орасан зор.

Өзге халықтар сияқты, қазақ елінің де бала тәрбиесі жөнінде ата заманнан бергі жиып-терген мол тәжірибиесі бар. Аға буын өз бойындағы ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейлділік, әдептілік, елін-жерін, Отанын сүюшілік секілді ең асыл қасиеттерін жас ұрпаққа күнделікті тұрмыста үнемі үйретіп, қаны мен жанына сіңіріп келеді. Адамның жарық дүниеге келген күнінен бастап, оның есейіп, қартайып, о дүниеге аттанып кеткенге дейінгі өмірі мен іс-әрекеті, басқалармен қарым –қатынасы атаулының барлығы-салт-дәстүрлерден өзекті орын алып, адамның дүниетану көзқарасын қалыптастыратын тәрбие мектебі. Өз ұрпағының «сегіз қырлы, бір сырлы», өнегелі, өнерлі болып өсуін мақсат етке ата-бабамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін әлденеше ғасырлар бойы өлең-жырмен насихаттанды.

Бұл тақырыпты оқытудың мақсаты қазақ халқының салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол,мәдени-ғылыми өрісі озық азамат етіп тәрбилеу.

 

 

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

 

Тіл үйрету барысында басқа ұлт өкілдеріне әрбір сабақта ойын түрлері мен өзара сөйлесу үлгілерін, Қазақстанның тарихын, салт-дәстүрлерін, мәдениетін таныстыруда әр мұғалім өз топтарына дайындық деңгейіне лайықтап жеңілдетіп, күрделендіріп құруына болады.

Білім беру концепсиясында өмір талабы ретінде екі тілде сөйлеуді одан әрі орнықтыру, қазақ тілін үйренгісі келетін басқа ұлт өкілдеріне мемілекеттік тілді меңгерту, қазақ тілін оқытудын сапасын жақсартудың міндеттері қойылады.

Қазкқ халқы – салт-дәстүрге өте бай ел. Бұл – оның мәдениетті әр тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Белгілі қоғам қайраткері, заңгер Н.Шайкенов: " Ұлт дәстүрі – заңнан биік", — днген. Демек, салт-дәстүрлі ел – мықты әрі тұғыры берік ел. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт-дәстүрмен, өнегені әдет-ғұрыппен, үлгіні жөн-жосықпен, әдепті ырым, тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген. Ұлттық тәлім, салт-сана сабағы адамгершілік тәрбиесінің аса сенімді әрі ғажайып жол екенін көрсетті. Отаншылдық,ерлік, мәрттік, жомарттық, қайрымдылық, жоғары адамгершілік қасиеттер осы жол арқылы дарыған.

Дана халықтың өз жасаған осы әдет-ғұрыппен жөн-жосықты біліп, үйрену және өмірде қолдану – ағайынды адастырмас сара жол.

Мұны отбасында ата-ана, мектеп ұстаз, көпшілік ортада ақсақалдар жастарға үйретіп, айтып отырса, ұтарымыз көп болар еді.

 

Тақырып : ҮЙЛЕНУ ТОЙЫ

 

Сабақтың мақсаттары:

а) Білімділік: Оқушылардың қазақ халқының салт-дәстүрлерін, мәдениеті мен өнері туралы тақырыптарды қай дәрежеде меңгергендіктерін байқау, ұлттық салт-дәстүрімізді тереңірек таныту

жиналған білімдерін пайдалана отырып, сөздік қорларын молайту.

ә) Дамытушылық. Ойлау қабілеттерін, қызығушылықтарын, тіл байлықтарын, сөйлеу мәнерін жетілдіру. Сын есімнен өткендерін қайталау.

б) Тәрбиелік. Ұлттық салт-дәстүрді қадірлеу білуге, мемілекеттік тілге деген сүйіспеншілікті аттыру. Елін, жерін, салтын қастерлейтін ұл-қызы тәрбилеу. Болашақ ұрпақты этнопедагогика тәрбиесін насихаттау.

 

Сабақтың түрі: ОЙЫН САБАҚ

Сабақта қолданылатын әдіс: Ойын элементтерін қолдану, СТО ( сын тұрғысынан ойлау) технология элементтерін қолдану, сұрақ-жауап, тест

Сабақтың көрнектілігі: кеспе карточкалар,интерактивтік тақта, түрлі-түсті суреттер, қуыршақтар, кестелер, қоржын.

 

 

 

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқыушылармен сәлемдесу, балаларды түгендеу. Оқушылардың назарын саббақа аудару.

  1. Жаңа сабақтың алдында "Қыз Жібек" фильмнен үзінді көрсетіледі.

  • Мына фильмде қандай тойдан үзінді көрсетілген?

  • Қыз бен жігіттің қандай тойы?

  • Үйлену тойында қандай рәсімдер көрдіңдер?

 

III.

Сонымен, бүгінгі сабақтың тақырыбы үйлену той. Қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрлерінің бірі – үйлену тойы.

Үйлену, өз алдына отау тігіп, түтін түтету, ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан тарихи салт, құбылыс. Қазақ халқында "Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық, үшінші байлық – он саулық" деген мақал бар.

 

IV. Тестпен жұмыс.

Тест сұрақтары

 

1.Үш байлыққа қай сөз жатпайды?

а) денсаулық

ә) ақ жаулық

б) жұмыс

в) он саулық

2. Шаңырақтағы отты жағуды кімге тапсырған?

а) келін

ә бойжеткен

б) қайын ене

в) нағашы апа

3. Тойда кімдер шашу шашады?

а) әжелер

ә) аталар

б) ағалар

в) қыздар

4. Жігіттің әкесі қалындыққа кім болады?

а) нағашы ата

ә) қайын ата

б) қайын аға

в) бөле

 

 

 

5.Жігітпен қалындық туыстары бір-біріне кім болады?

а) құдалар

ә )нағашылар

б) жиендер

в) немерелер

6.Қазақтың мақалын аяқта:

" Құда – мың жылдық

Күйеу — ….. жылдық"

а) жүз

ә) екі жүз

б) елу

в) ғасыр

7. Қазақ халқы ұл баласын неше жаста үйлендірген?

а) он үш

ә) жиырма

б) он бес

в) он сегіз

8.Неше атаға дейін қыз алыспау дәстүрі бар?

а) алты

ә) жеті

б) үш

в) сегіз

9. Жігіттің шешесі қалындыққа кім болады?

а) қайын ене

ә) қайын апа

б) қайын бике

в) құдағи

10. Қызға беретін құн қалай аталады?

а) қалың мал

ә) зекет

б) садақа

в) ақша

 

V. Қуыршақтармен көрініс.

Театрландырылған көрініс.

Әр оқушы өз кейіпкерлерінің сөздерін тауып оқыиды.

Құда бала:

  • Сүйінші! Сүйінші! Жастар келе жатыр, қарсы алайық!

 

Асаба:

— О, халайық, халайық!

Тыныштала қалайық,

Күмбірлетіп күй тартып,

Әсем әнге салайық – деп тойды бастайық.

Енді беташар айтайық: Келін, келін келдіңбе?

Керілмей сәлем бердің бе?

Құтты болсын босағаң.

Құт келің бол еліңе!

Құда: Көп жаса, қарағым! Бақытты бол! Қосағыңмен қоса ағар

 

Құдағи: Армысыңдар, халайық! Бармысыңдар, халайық! Қазақтың бір салты деп тойға шашу шашайық.

 

 

Құда ( қыз жағынан): Қазақта мынандай мақал бар: "Күйеу – жүз жылдық, құда – мың жылдық". Екеуң болып баламыз, қосылады арамыз.

 

Құдағи ( қыз жақтан) Тойымыз құтты болсын, екі жас бақытты болсын!

 

VI. Жаңа тақырыпты бекіту.

 

5 жол стратегиясы бойынша жаңа сабақты бекіту.

Схема:

    1. Зат есім

    2. Сын есім

    3. Етістік

    4. 3-4 сөзден сөйлем

    5. Синоним

 

VII. Жаңа тақырыпты қортындылау

 

Осымен сабағымызды аяқтаймыз. Біз бүгін бәріміз үйлену тойына қатыстық, Сондықтан үйлену тойында айтылатын "Жар-жар" өлеңін орындайық.

 

 

ЖАР-ЖАР

 

Осы өмірге ылайық

Әулет құрып, жар-жар,

Келеді әне екі жас

Топты жарып, жар-жар.

 

Ұялмаңдар, келіңдер,

Күтудеміз, жар-жар.

Бүгінгі күн тамаша!

Кел, жырлайық, жар-жар.

 

Ата-ананың борышын

Ақтаңыздар, жар-жар.

Мақаббатты мәңгілік

Сақтаңыздар, жар-жар.

 

Үлкені мен ауылдың

Жасы мұнда, жар-жар.

Жас келінді көруге

Асығуда жар-жар.

 

Жаңа отаудың есігі

Мықты болсын, жар-жар.

Қадамдарың , екі жас,

Құтты болсын, жар-жар!

 

VIII. Сабақты бағалау.

 

Қалта тарту рәсімін көрсете отырып, оқушылырды бағалау.

 

IXI. Үй тапсырмасы

 

"Жар-жар", "Шашу" өлендерін жаттап келу.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.