Ақтөбе облысы
№6 Хромтау гимназиясы
Бастауыш сынып мұғалімі:Кысырауова Шынар Андебековна
Пәні:математика
Сыныбы:1
Тақырыбы: Кері есептер.
Мақсаты:Кері есептер ұғымымен және олардың мәнді белгілерімен таныстыру.
Білімділік: Есепті қатесіз дұрыс шығаруға үйрету.
Дамытушылығы: Ой-өрісін, өзіндік жұмыс істей білу қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұйымшылдыққа, белсенділікке, өздерін емін-еркін ұстай білуге тәрбиелеу.
Керекті құралдар: Магнитафон, текшелер, тексеру парағы, себет, алма.
Сабақтың түрі: Жаңа материалдарды игеру
Пәнаралық байланыс: Дүниетану.
Сабақтың әдісі: талдау, салыстыру,тұжырымдау, өзін-өзі тексеру, көрініс,ойын, практикалық жұмыс, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырма, топтық тексеру.
Өтілу кезеңдері |
Әдіс тәсілдері |
Мақсаты |
Мұғалім қызметі |
Оқушы қызметі |
1.Ұйымдастыру бөлімі |
Психоло-гиялық даярлық |
Сабаққа даярлығын қадағалау |
Математика пәніне әзірсіңдер ме? |
Терең ғылым сананың, Тегі дөп ой саламын. Маңыз беріп оқимыз, Математика сабағын. |
2.Актуали-зация |
Хабарлама |
Бүгінгі өтетін сабақтан хабардар болу |
Бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Өзара есептер».Мұндағы мақсатымыз есептерді қатесіз дұрыс шығара білуге үйрету, сабақтың жүру барысымен таныстыру.Ендеше сабақты бастауға кірісейік. |
Ұстаздың айтқан әр сөзін ойға тоқып мұқият тыңдап алу.Тақырыптан ауытқымау керектігін есте сақтау. |
3.Көркем жазу |
Әдемі жазайық |
1.Көркем әдемі жаза білуге дағдыландыру. 2.Орындықты дұрыс қойып, Дәптерді көлбеу қоялық. Қаламды қолға алып әдемі етіп жазалық |
1.2 цифрын әдемі етіп жазайық. 2.2цифры өмірде не нәрселерге ұқсайды? Айтып көрейік. |
1.2 2 2 2 2 2 2.Көлдегі аққуға, ілгішке, мұрынға, көлбеу сызыққа ұқсайды. |
4.Жаңа сабаққа даярлық |
Матемети- калық дик- тант(өзін- өзі тексеру әдісі)
|
|
1.2мен3-тің қосындысы 2.4пен6аралығындағы сан. 3.1жылда неше мезгіл 4.8-ді2-ге арттыр 5.1аптпда неше күн. 6.7-мен1-дің айырмасы. |
1.Диктант жауабы: 5,6,4,10,7,6. 2.Өзін-өзі тексеру әдісі. |
5.Өз мүмкінді-гіңді пайдалан |
Оқу,талдау салыстыру, тұжырым-дау |
Есепті оқып талдап шығара білуге үйрету. |
1.Есептің құрамды бөліктерін айталық. 2.Оқулықтағы есептің берілгенін оқыту. Не белгілі?Не белгісіз? Ұқсастығы..Айыр-машылығы. |
1.Шартты сұрағы,шешуі,жауабы.2. Салыстыр.Ұқсастығымен айырмашылығын ата..Ағасымен қарындасы туралы айтылған. |
6.Пысық- тау (текшемен) |
Логикалық есеп. |
Шапшаң ойлап, тез жауап беру |
Есеп шығар,ойлан тап: Өздеріңе сеніңдер. Есепті тез шығарып, Жауабын тек беріңдер. 1.Пісіп тұрған 4алмұрттан Қызығатын көрген жұрт. 2 алмұртты бұтақтан алып жеді Мұратқан.Қанша қалды алмұртттан(2). 2.Келеді көп құс ұшып, Төменде 3 құс ұшады Үшеуі бұлтты құшады, Айтшы болды нешуі.(6) 3.Аулада жүр балалар Самат,Армат,Сашалар Келді және оларға Сәуле, Шолпан ойнауға Неше бала ойнауда?(5) |
1.жауаптарын Қолдарындағы текшелер арқылы көрсету. 2.Көршісін байқау. |
7.Көрініс. |
Сахналау,көз жеткізу. |
Көзбен көріп, есте сақтай білу. |
«Үлкен ұғымын есте сақтау мақсатында екі бала көрініс жасайды»
Балалар Инабаттың жауабы дұрыс па?Ағасының неше жас үлкен екенін тапты ма? |
Көрініс: Ислам:-Инабат сенің ағаң неше жаста? Инабат:-менің ағам 10жаста. Ислам:-Ал сен неше жастасың? Инабат:7 жастамын. Ислам:-Ағаң сеннен неше жас үлкен? Инабат:3жас үлкен. -Дұрыс. |
8.Сергіту сәті |
Сергіп алайық |
Оқушылардың бойын сергіту |
Оңға қарай….. |
….бір адым Солға қарай бір адым Жоғары-төмен қарайық Орнымызды табайық. |
9.Тақтамен жұмыс |
|
Қосу,азайтудың компененттерін ажырата білуге үйрету. |
1.Қосу және азайтудың компоненттерін атайық. 2.Кім мәні 5-ке тең болатын қосындылар табады? -Қосу кестесіндегі неше теңдікті қолдандық? Сол теңдікті жаз. |
1.Қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні. Азайғыш, азайтқыш айырманың мәні. 2. 2+3=5 5-3=2 1+4=5 5-4=1 0+5=5 5-0=5 3+2=5 5-2=3 4+1=5 5-1=4
|
10.Шығар- машылық жұмыс |
Ойын; Себеттегі алма; Практикалық жұмыс. Көз жеткізу. |
Ойлау қабілетін қызығушылығын арттыру. |
4Оқушы және таратушы.Шарты.: Бір оқушы себеттегі алманы 4оқушыға бір-бірден және себетте бір алма қалатындай етіп бөліп беру керек.Қалай бөліп беруге болады? |
Үш оқушыға бір-бір алмадан соңғы адамға бір алманы себетпен бірге береді. |
11.Деңгей-лік тапсырма |
Монохов әдісі өзіндік жұмыс магнитафон қосу. |
Жеңілден ауырға жылжу. Өзіндік жұмыс істей білуге жетелеу. |
1.4 6 5 8 2+4= 8-2= 6+3= 4-3= 2.2+5*6 6*7-2 4+3*8 9*5+3 3.Ойлан тап. +2≤7- 4.Ағасы 4 жаста інісі -2 жаста неше жас үлкен? |
1. 456 5678 2+4=6 8-2=6 6+3=9 4-3=1 2. 2+5≥6 6≥7-2 4+3≤8 9=5+4 3.1+2≤7-1 2+2≤7-2 4.Ш:4-2=2 Ж:ағасы 2 жас үлкен |
12.Қоры-тындылау |
Сұрақ-жауап әдісі |
Бүгінгі сабақтан не үйренгенін қандай жұмыс жасағанын әр бала сезіну мақсатында сұрақ қою. |
1.Ауызша жұмыс жасау барысындағы оқушыларды мадақтай өту және өз бетінше жасаған жұмыстарының нәтежиесін ертең; білім сапасын тексеру парағынан көресіздер. 2.Бүгінгі сабақ ұнады ма?Қандай жұмыстар жасадық? Не үйрендік? |
Оқушылар ойын тыңдау. |
13.Үйге тапсырма |
Өзіндік жұмыс |
87 бет №3 |
Байқау, бақылау нәтежиесін көру. |
Орындап келу. |