Оңтүстік Америка халқы және елдері

Биназарова Гулистан Аманқосқызы
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Ақжігіт ауылы

Совет Одағының Батыры М.Бегенов атындағы жалпы білім
беретін орта мектептің география-биология пәнінің мұғалімі

Ашық сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік Америка халқы және елдері.

Сабақтың оқу-тәрбиелік мақсаты:Материктің халқы қалай қалыптасқанын, байырғы халқы-үндістердің тақғырын көрсету, оқыушыларды Оңтүстік Американың қазіргі саяси картасымен таныстыру. Сабақта жалпы мәліметтерден басқа, халықының әркелкі орналасу себебін де қарастыру қажет.

Сабақтың оқу жабдығы;Оңтүсік Американың физикалық картасы, Дүние жүзінің саяси картасы, т. б. карталар, орамал, камзол, қамшы, слайдталған суреттер.

Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыр

ІІ. Өткенді қайталау логикалық тест беру

ІІІ.Жаңа сабақ түсіндіру

1.Халықтың құрамы және олардың материкте орналасуы.

2 .Байырғы және келімсек халықтары.

ІҮ. Әлемге саяхат.(сыныпты 3- топқа бөлеміз, әр топ өздеріне берілген елдер туралы дайындаған материалдарын қорғайды. )

а . таныстыру аялдамасы

б . ел тану аялдамасы

в . білім аялдамасы

Ү. Қайталау білім анасы

а. Бәйге (капитандар сайысы )

б. Қыз қуу (әр командадан бір ер бала , бір қыз бала шығып географиялық номенклатура жазу)

в. Орамал тастау

г. Бұл кім, ол не?

ғ. Бәрін білгім келеді

Үй тапсырмасын сұрау.

«Логикалық тест» әр оқушыға беру, өзін-өзі бағалау.

Оңтүстік Америка материгінде қандай зоналар орналасқан?

Экваторлық ормандар зонасында, жануарлар қайда тіршілік етеді?

Гевея ағашы қайда өседі?

Оңтүстік Американық Анд тауында тіршілік ететін жануарлар?

Пампа дегеніміз не, ол қай жерге тән?

Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама

Льянос дегеніміз не?

Оңтүстік Америка қандай өсімдіктердің Отаны?

Ит тұмсығы батпайтын қалың орман қалай аталады?

Бұтағы өте қатты, қабығынан тері илеуге қажетті шикізат алынатын ағаш қалай аталады?

Жаңа сабақ түсіндіру.

Оңтүстік Америка материгінде қазіргі кезде 320 млн-нан астам халық тұрады. Олар қалыптасуы мен нәсілдік, ұлттық құрамы жағынан алуан түрлі халықтардың жиынтығынан құралған.

Біздің жыл санауымыздың 20-30 мың жыл бұрын Оңтүстік Америкаға адамдар Солтүстік Америка арқылы ( шамамен бұдан 10 мың бұрын Беринг бұғазы құрлық болған) Азиядан қоныс аударды деген жорамал бар.

Үндістер- материктің байырғы тұрғындары- монғол типтес нәсілдің америкалық тармағына жатады. Мұғалім еуропалықтар келгенге дейін үндістердің едәуір дамыған өркениеті мен мәдениетінің болғандығын дәлелдейтін мысалдар келтіреді. Отарлаушылардың үндістерді қырып жоюды әрі аяусыз езуі нәтижесінде олардың өркениеті мен мәдинетіне көп нұсқан келді. Плантацияларда жұмыс істеу үшін Африкадан ұзақ жылдар бойы құл-негрлер әкелінген,соның нәтижесінде араласқан халықтар(метистер, мулаттар, самболар) пайда болғандығы туралы айтып беру. Халықтың тығыздығы картасы бойынша, оқушылар адамдардың тіршілік ету үшін аса қолайлы аудандар мен ондағы халықтың ұлттық құрамын, олардың ұрпақтарының басым қоныстанған аймақтарын анықтайды.

Үндістер еуропалықтар негрлер

 

 

 

Метис мулат

 

самбо

Оңтүстік Американың халқы испан және португал тілінде сөйлейді.

Елдері. Оңтүстік Американың қазіргі саяси картасы ұзаққа созылған тәуелсіздік үшін күрес нәтижесінде қалыптасты. Табиғат жағдайларына байланысты материк Анд елдері мен Шығыстағы жазық елдеріне ажыратылады.

Оңтүстік Америка елдері

 

Анд елдері шығыстағы жазық елдер

 

 

Колумбия

Боливия

Чили

Перу

Эквадор

Венесула Гайана

Суринам Бразилия

Парагвай Уругвай

Аргентина Француз Гвианасы

 

Колумбия-алтын мен асыл тастардың, әсіресе жақұттардың мол қоры бар.

Эквадор- әрекет етуші 30 жанартау орналасқан.

Перу мемлекетін “ежелгі өркениет елі, Оңтүстік Американың археологиялық мұражайы” деп атайды.

Боливия астанасы Ла-Пас дүние жүзіндегі ең биікте орналасқан қала.

Чили дүние жүзіндегі ең ұзын ел.

Бразилия ең ірі, халқы ең көп ел.

ІІ. Әлемге саяхат. Саяхатқа ұшақпен ұшатын болғандықтан, кассадан билет аламыз, әр билетте сұрақ жазылған соған жауап берген соң, ұшаққа отыруға рұқсат беріледі.

І-топ «Венесуэла» командасы

ІІ-топ «Парагвай» командасы

ІІІ-топ «Перу» командасы. а.Әр команда өздерін таныстырып өтеді.

б. Өз елдерін слайд арқылы таныстырады

в. «Сен білесің бе?»

ІІІ. Қайталау білім анасы.

«Бәйге» сұрақтары. Капитандар сайысы

1. Материктің жер көлемі қанша?

2. Оңтүстік Америка ежелгі қай материктің құрамында болған?

3. Материктің халқының саны

4. Картоптың Отаны Оңтүстік Америка екенін анықтаған кім?

5. Оңтүстік Американың байырғы халқы

6. Материктің ең төмен нүктесі

7. Панама бас киімін қандай өсімдік жапырағынан тігеді?

8. Дүние жүзіндегі ең кішкентай құс

9. Кактустың Отаны

10.Құс саңғырығынан алынатын аса бағалы тыңайтқыш қалай аталады?

11.Батыс жарты шардың ең биік нүктесі

12.Оңтүстік Америка жер көлемі жөнінен нешінші орында?

13.Материктегі дүние жүзіндегі ең биік сөнбеген жанартау

14.Оңтүстік Американың табиғатының басқа материктерден ерекшелігі қандай?

15.Материкке адамдар алғаш рет қашан келді?

б. Қыз қуу

в. Орамал тастау

1.Ең ұзын мемлекет

2.Ең биікте орналасқан мемлекет

3.Оңтүстік Америка халқы қай тілде сөйлейді?

4.Анд елдері қатарына жататындар

5.Ежелгі өркениет елі

6.Дүние жүзіндегі ең суы мол өзен

7.Алтын мен асыл тастардың, әсіресе жаһұттың мол қоры бар ел

8.Материктің байырғы халқы кімдер?

9.Жергілікті үндістер мен европалықтардың некелерінен туған ұрпақ

10.Жұмыс істеуге денсаулығы жарамсыз және қарт адамдарға жәрдем ақы төлеу алғаш рет қай елде жүзеге асқан?

11.Материктің байырғы халқы қандай шаруашылықпен айналысқан?

12. Қай мемлекетте 30 жанартау орналасқан?

13.Африкалық негрлер бұл жерге қалай келген?

г. Бұл кім, ол не? Слайдтан саяхатшылар портретін, жануарлар суретін көрсету

Христофор Колумб, Америго Веспучи, Александр Гумбольд, Н.И.Вавилов.

Виктория регия, Лама, Колибри, Капибара

 

Қорытындылау: «Не білдік?» оқушылар осы тақырып бойынша не біліп шыққанын қорытындылайды.

Ей адамдар, Жер-сенің аяулы бесігің,

Осы жер үстінде аштың сен тіршіліктің бесігін.

Онымен кіндіктес жаныңда, қаныңда,

Жер жаһанды аялап алақанда.

Жұлдыздар аспаннан құласа жамырап,

Күнде ұлы сәулесін төгеді жадырап.

Бар тірлік тұрады бұл жерден жалын ап,

Дүниеге Жер-ана қара шаңырақ

Бағалау.

Үй тапсырмасын беру: Кескін картаға елдерін түсіру.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше