Без рубрики

Шартты және шартсыз рефлекстер

Алматы облысы

Балқаш ауданы

2 Жамбыл атындағы орта мектеп

Биология -география пәнінің мұғалімі:

Мұсаева Кулайхан Өмірәліқызы

 

Сабақтың тақырыбы: Шартты және шартсыз рефлекстер.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға рефлекс туралы ұғымды, оның негізгі маңызын, түрлерін қалай пайда болуын түсіндіру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезең: Сыныпта жоқ оқушыларды түгендеу.

2. Үй тапсырмасын сұрау: 2-топқа бөлу(организм, мүшелер)

3.Мазмұндау; 2) Сұрақ-жауап; 3) Кросcворт шештіру; 4) Денсаулыққа байланысты сурет; 5)Адам мүшелерін құрастыру;

Көрнекіліктер: Сызбанұсқа, суреттер салынған плакаттар, теледидар.

Жаңа сабақ: Рефлекс дегеніміз организмнің ішкі және сыртқы орта әсерінен орталық жүйке жүйесі арқылы жауап қайтаруы.

Рефлекс пайда болу жағдайына байланысты: Шартты және шартсыз рефлекстерге бөлінеді.

Шартсыз рефлекстер туа пайда болады. Оның негізгі маңызы организмнің сыртқы орта жағдайына бейімделуін қамтамасыз етуі. Шартсыз рефлекстер организмнің тіршілігінде үлкен орын алады. Шартсыз рефлекстердің өтуі үшін арнайы жағдайлардың болуы қажет емес. Олар рефлекторлық доға арқылы жүзеге асады. Шартсыз рефлекстер тұқым қуалаушылық факторларға негізделеді. Шартсыз рефлекстер: Жай және күрделі болып екіге бөлінеді. Жай рефлекстерге көздің қарашығының жарыққа жауабы ,ыстық затқа саусақ тигенде қолды тез арада тартып алу жауабы, шөлдеу, ашығу, жұтыну т.б Күрделі рефлекстер өтуі үшін бірнеше рефлекс тізбектеле қатысады. Шартсыз рефлекстің өтуі үшін бірнеше рефлекс тізбектеле қатысады. Шартсыз рефлекстердің мұндай түрін түйсік (инстинкт) деп атайды .

Түйсікті сезім – мінез-құлықтың күрделі тұқым қуалау актілерінің жиынтығы болып саналады.

Мінез-құлық деп организмнің ішкі және сыртқы факторлар әсеріне өзінің іс-әрекетін өзгерте алу қабілетінен жауап игеруін айтады.

Күрделі шартсыз рефлекстерге организмнің тітіркендіргішке жауап реакцияларынан басқа, шартсыз –шартты жүйелер қатысады. Мысалы, күрделі шартсыз рефлектерге тамақтану , қорғаныш, жыныстық бағдарлау рефлекстер жатады. Бағдарлау рефлексінің маңызы ерекше. Бұл рефлекс сезім мүшелерде «Бұл деген не?»деген сұрақ туады. Шартсыз рефлекс организмнің бүтіндігін сақтайды және сыртқы орта жағдайларына бейімделуін қамтамасыз етеді. Бейімделудің күрделі түрі тек шартты рефлекстер адамның туған күнінен бастап , оның өмірінің соңына дейін пайда бола береді.

Тақтада ілінген термин сөздерді, суреттер арқылы шешу .

И.П.Павлов « Шартты рефлекстер»1903 жылы ұсынған .Оның анықтамас бойынша организм тіршілігінде өмір бойы пайда болатын және толғаусыз тітіркендіргіштердің шартсыз рефлекстермен сәйкес келуі нәтижесінде құралатын рефлекс деп аталады. Шартты рефлекстер шартсыз рефлекс негізінде құралады.

Қорытынды: Оқушыларға рефлекстер туралы сұрақ-жауап алу.Тізе рефлексінің тәжірибесін теледидар арқылы көрсететін тақырыпты қорытындылау.

Бекіту: бағалау, Оқушылардың күнделіктеріне баға қою. Жауап беру жағдайларын салыстырмалы түрде марапаттау.

Үйге тапсырма: Шартты және шартсыз рефлекс. Тәжірибе жасау.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.