Без рубрики

Оқу мен оқытуда өз тәжірибесіне енгізгендегі өзгеріс жайлы рефлексивтік есеп. Өзгеріс — өткінші оқиға емес, ол уақытты керек етеді

Сидеғалиева Айгүл Зейнұрқызы

Атырау облысы, Махамбет ауданы

О.Шонаев орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

 

Оқу мен оқытуда өз тәжірибесіне енгізгендегі өзгеріс жайлы рефлексивтік есеп.

Өзгеріс — өткінші оқиға емес, ол уақытты керек етеді.

 

Мұғалім жазбасы

Тренер жазбасы

Білім беру ісіне деген талаптың өзгеруіне байланысты педагогикалық қызметкерлердің кәсіби білімін жетілдіру ісі де жаңа әдістерді талап етіп отырғаны ақиқат.Ол әдістер мұғалімнің өздігінен дамуын,өздігінен жетілуін және өзін көрсетуін ынталандыратындай дәрежеде дамыту,ізгілендіру бағытындағы жұмыстар болуы шарт. өзіміздің оқыту жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлауда негізгі қағидаттар ретінде қабылдап,басшылыққа алып жұмыстану жолында оқып-үйрену мақсатында осы курстан білім алудамын.

Бұл жұмыстарды орындауда біз оқып жатқан курс бағдарламасының алар орны ерекше.Зияткерлік мектебі «ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығының әдістемелік кеңесі ұсынған ҚР-ның педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының Бағдарламасы негізгі Оқытудағы Кембридж тәсілінің теориялық негіздерін»

«Мұғалімнің біліктілігін арттыруға бағытталған осы Бағдарлама заманауи ғылыми зерттеулердің шынайы нәтижелерінің және оқытудың озық практикалық тәжірибесінің ықпалдасуын көрсете отырып,қазақстандық білім беру жүйесін дамытудың сратегиялық жоспарының мақсаттарына сай келеді.»/Нұсқаулық , 4 бет/

Алға қойған мақсатты іске асыруда басты рөлді мұғалімнің атқаратындығы да рас.

Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға мұғалім деген Строундтің пікіріне толықтай қосыла отырып,осы есебімде осы үш ай бойындағы өзімнің оқу және оқыту тәжірибемде Бағдарламаның түйінді идеяларын қалай қолданғанымды көрсетемін.

Алғаш рет осы курс туралы хабарды облысымыздың кадрлар біліктілігін арттыру институтының бір топ қызметкерлерінің Астанаға кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында Назарбаев зияткерлік мектебі жанындағы курсқа кеткені туралы қаңтарда естігенмін.Сәуір айында Орал қаласына осындай курсқа жіберілгенімді директорымнан естіп қуанып едім,бірақ оған тек 12 санатты мұғалімдер ғана жіберілді.Қыркүйекте Атырау қаласында өткізілетін курсқа баратыным туралы жазда естіп тағы қуанып,әйтеуір қыркүйектің 10-да келдім ғой.Мұның бәрін айту себебім,осы оқуды өзім асыға күткенімді білдіру еді.Осы курсқа келгенімде менде осы оқу туралы жағымды мағұлматым болды.

Алғашқы күннен-ақ бір жылылық пен ізгілікті сезгендей болдым.Мүмкін ол тренеріміз Света Хояшқызының жан-жақтан келген 34 ұстазды біріктіріп,оқуға деген қызығушылығын оята алған ұйымдастырушылық қабілетінен болар…

Ия,бірінші ай «Бетпе-бет» аудиторлық кезеңде бағдарламаның түйінді идеяларына және оларды мектеп тәжірибесіне енгізу әдістемесіне шолу болды.Тренеріміздің ұғынықты,кәсіби тілімен түсіндіруінің арқасында толықтай мағұлмат алдым.

Әрине, оқу бірден оңай болмады.Өйткені,өзіміз үйретіп қалған біздерге,4-5 сағат тапжылмай дәріс тыңдау психологиялық жағынан ауырлау болды.Бірақ,бұл ауырлық 3-4 күннен соң тарады.Өйткені,біздер шәкірт болуға бейімделе бастадық.Алғашқы топтық жұмыста да кібіртіктеп,кім,қалай бастарды білмей,бір-бірімізге сеніп отырыңқырап қалып жүрдік.

Бірте-бірте ұйымшылдықпен ,әр тапсырмаға сыни жағынан мән беруге,үйретуші ұстаз екенімізді тағы бір рет дәлелдедік.Берілген ресурстарды ой елегінен өткізе отырып,жұмыс істеуге дағдыландық.Өн бойымызда өзгеріс осылай алғашқы күннен бастап жүре бастады.

«Сана түбінде хабардар болу сатысы,саналы хабардар болмау сатысында өтеді.ол өз кезегінде саналы хабардар болуға ауысады.Біз осы үш күйді өзімізден де,өз курстарымызға қатысушылардан да сезіне аламыз.Өзің бірдеңені білмейтіндігінді ұғыну,әсіресе үлкен тәжірибесі бар мұғалімдер үшін ауыр болады»

(Драмонд және Мак Лаормин 1994:39)

Осы пікірдің ақиқаттығы сол,осы күйді мен өз басымнан өткердім.Сөйтсем бірдеңені білмегеніне қымсынып жүрген басқалардың да бар екенін қасымдағы мұғалімнің оқу басталғаннан соң 3 күннен кейін «Шаршап кеттім» деген сөзінен байқадым .»Ия , біз үйретуші ұстаздармыз,»-деп ауылда көтеріліп жүрген біздерді Мерсер мен Александердің күнделікті кездесіп жүрген ұстаз бен оқушының іс-әрекетіне берген анықтама , талдауларын оқығаннан соң «Қайтіп байқамағанбыз?» деген ойлардың осып-осып өткені рас…

Бұл айда біз тек курс Бағдарламасымен ғана танысқан жоқпыз,жұмыс жасаудың жаңа тәсілі топтасып жұмыс жасауға машықтандық.Топтың маңыздылығын түсіндім.Апта сайын топтарды ауыстырудың арқасында бірімізді-біріміз жете таныдық ,әрқайсысымыздың бойымыздағы жақсы қабілетімізді танып ,үйрендік.Берілген тапсырма бойынша жоба жасаудың қыр-сырын меңгердік.Айтар ойымыздың ең мәйегін көрсету жолдарын түрліше етіп құрастыруымыз ,оның маңыздылығын жан-жағынан ,әр қырынан көрсетуіміз біздің де сыни ойлауымыздың нәтижесі ретінде кабинет қабырғаларынан көріне бастады.Күнделікті берілген дәрісті кері байланыс арқылы қорыту,сол күнгі жұмыстың нәтижесінің шағын хабарламасы болып жинала берді.Бағдарламада берілген . модульдегі жаңа тәсілдерді оқи отырып , оны күнделікті жұмысымыздың өн бойында бірге қабаттаса жүргенін енді байқағандаймын.Оған дәлел:бірлескен топтық жұмыстағы диалогтік әдіс арқылы пікірлесу,талдауымыз,оны сын тұрғысынан талқылауымыз,әрине көп болып атқарған жұмыста дара шығып,сол топтың белсендісі , соңғы нүктесін қояр қабілетті,дарындысы да анықталып отырды.Курс аяқталғанға дейін қалай АКТ-ны тиімді пайдалануды игеріп шыққандығын өзіміз де сезбей қалдық.Өйткені, әр тапсырманы орындауда Интернет желісін пайдалану,таныстырылымдарды тек АКТ-ның көмегімен атқару,жеке сайттармен жұмыс істеу дағдыларының қалыптасуы АКТ-ның тиімділігінің тағы бір дәлелі болды.

Осындай қызуы да қызықты жұмысымызды басқарып,қазіргі оқу үрдісінің жүрісін талдап ,таптаурын болған әдіс-тәсілдерге күмәнмен қаратып ,сапалы оқытуды қалай ұйымдастыру қажеттігін ұғындыру барысында бізге жаңа құлшыныс пен тың идеяларды ұсынып тамаша көшбасшы бола білген Света Хояшқызына көрсетер құрметіміз шексіз.

Міне ,біз бағдарламаны оқи отырып,оның идеясын өн бойымызға осылай сіңіре де білдік.Ендігі 2-айымызда «Мектептегі тәжірибе»кезеңінде өз бойымыздағы оң өзгерістерді, алған білімімізді ұжымымызға ,оқушыларымызға , оқыту әдістерімізге ықпалдастыруымыз қажет болды.

Оқуымыздың 1-бетпе-бет кезеңі аяқталғанда 34-імізде де «тау көтерген Толағайдай сезім болды.Алған іліміміз бен әдіс-тәсілді бірден мектебімізге орнатсақ «қалай өзгерер екен?» деген күдік ой да қылаулап тұрды.Әсіресе,стажы аз жас ұстаздар бойынан сенімсіздік те байқалды.Біздер,тәжірибиелілер оларға бәрі бірден бола қоймайды,біртіндеп орнайтынын ,дегенмен сенімді жоғалтпауын айтып қолдау көрсеттік.

Тренеріміз де тәжірибе бастамас бұрын, мектеп басшыларымен сөйлесу жолын , сол ортада ынтымақтастық атмосфераны қалыпты ұстау жағын үйретумен болдым.

Мектебімізден 4 мұғалім осы курс бағдарламасымен дәріс алудамыз.Мектеп басшысымен кездесіп ,пікірлескеннен соң мектепте «Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдер» атты семинар өткіздік.Семинардың бағдарламасында

І-тренинг топтық жұмыс -жауапты Табылдиева А.

Топтық жұмыс: постер қорғау

ІІ. 1)Оқытуға әсер ететін оң және теріс әсерлер

2)Мінсіз мұғалім дегеніміз кім?

3)Мінсіз оқушы дегеніміз кім?

ІІІ.Курс бағдарламасының негізгі идеяларына шолу-таныстырылым.

ІҮ.Бағдарлама мақсаты,күтілетін нәтижесі,кезеңдері-жауапты:Түсекенов Қ,Сидеғалиева А.

Осы бағдарламаға сай мектеп мұғалімдерінің арасында жұмыстар жүргізілді.

Тренингте: Топқа түстерге қарай бөлу.Әр топтың өз түсіне психикалық түсініктеме бердік.

Топтық жұмысқа мұғалімдер белсене қатысып,өз постерлерін безендіруге көңіл бөлді.Ойларын символдық белгілерімен /оқушы,жұлдыз,күн бейнесімен/ көрсетті.Әр топ өз жобаларын қорғап,берілген сұрақтарға нақты жауаптарын айтты.

Бағдарламаның 7 модулінде қарастырылатын идеялар туралы шағын таныстырылым көрсетілді.Курс бағдарламасының мақсаты, міндеті, күтілетін нәтижесі, кезеңдері туралы таныстырылым көрсетілді.

Семинар соңында мұғалімдермен кері байланыс ретінде «Өз орныңды көрсет» суретін толықтырды.

Стикерге өз пікірлерін жазып қалдырды.Семинар мақсаты: Мектеп ұжымына өзіміз дәріс алып жүрген курс бағдарламасы туралы мағұлмат беру,жаңа әдіс-тәсілдерді таныстыру.

Сыныпта алғашқы 2 апта топпен жұмыс жасауға үйретумен болдым. Жеке ойлап, дара сөйлеп, тек мұғалімнің нұсқауымен қозғалып, жалаң сұрақтар мен бірізді түсіндірме сабақтарға үйреніп қалған сынып атмосферасын 3 апта ішінде кері бағытқа бұру өте қиын болды.

Әсіресе, топтық мәдениетке ,топтық ережеге сай болуды үнемі ескертумен отырдым. Бағалау өлшемін өздерінің құрастыруы балалар үшін өте қызықты болды. Алдымен берілген әр тапсырмаға бағалау өлшемін жасадық,оның критерилерінің талапқа сай болуына назар аударып, безендіруіне көңіл бөлдім. Бірте-бірте оқушылар үй тапсырмасын үй тапсырмасына бөлек бағалауды жасайтын болды.Сөйтіп алдын-ала келесі күні сол бағалау бойынша өзінің қанша алатынын біліп отырды.

Топ болып жұмыс істеуді,әлсіз оқушыға бәрініңде көмектесу қажеттігін түсіндіруге тырыстым.Дегенмен де сабаққа бөгде адамдар қатынасса топты алып шығады деп отырған үздік оқушыларым өздері жеке қолдарын көтеріп,сабақ айтуға тырысатындықтарын байқадым. Бұл құбылыс түсінікті. Біздер ұстаздар сабақта қиын сұрақтар, түсініктер туындаған сәтте осы ұздік оқушыларға сүйендік емес пе? Міне енді соның нәтижесі… Топ та оларды мойындап, солардың жауабының дұрыс болатынына сеніп, алаңсыз отыра береді. Осыны байқаған мен бұл сеңді де бұзуға тырыстым. Топтық тапсырманы қорғауды көбіне орташа, екпінді үлгеретін балаларға тапсырдым. Өздеріне сенім ұялатуға тырыстым. Ал үздік оқушыларды бөлек тапсырма арқылы дамытуға жұмыстандым.

Оқытудағы тағы бір өзгеріс оқушылардың бағалау әрекетіне өздерінің қатынасыуы дер едім. Бұрын тек мұғалім ғана бағалап, бәріне төреші мұғалім ғана еді. Тіпті оқушының жеткен жетістігіне айтар мадақтамамыз да сирек еді. … Сәл нәрсенің көтерілуіне, сынық көңілдің бүтінделуіне, «мен жақсы екенмін ғой» дегізетін де біздің бір ауыз «ой, бәрекелді!» деген сөзіміз емес пе? Ендеше, өзіне әліде сенімсіз болып отырған балаға айтар мадақтамамыз, әр жетістігін жоғары пікірмен бағалауымыз олар үшін үлкен жеңіс екенін ұқтым. Тіпті сабақтағы өз білімін өзі бағалар сәтте олардан өткен әділ сарапшы кездеспейді екен. Тәжірибедегі үш аптада оқушылар өз-өздерін, жұптық, топтық бағалауды жақсы меңгерді. Әр тапсырманы бағалау критерийі бойынша ұпайын қойып алып, жалпы ұпай саны бойынша бүгін неше алатынын біліп отыру оларға үлкен сенімділіе пен алға қарай ілгерілеуге мүмкіндік берді.

Осындай бағалаудың тағы бір оң ықпалы бала әр төмен бағаға үлкен өкінішпен қарайтын болды. Өйткені бұл баға тек мұғалімнің сабақ соңында айтар бұйрықты бағасы емес, өзіне – өзі , сыныптастары қойған баға. Осы тәжірибе кезеңінде кезекті үй тапсырмасын тексеріп, бағалаған соң мен орташа оқитын Нұржанның көзінен жас көрдім. Сыныптан «Нұржан төмен баға алған сайын жылай ма?» деп сұрадым. Олар «жоқ, тек бүгін , » деді. Нұржанның өзінен сұрағанымда ол үйден диафильм жасай алмай төрт алғанына өкәініп отырғанын айтты. Міне бұл да оқытудағы өзгерісті бала бойынан табылып, өзіне сыни көзқараспен қарауының тағы бір дәлелі емес пе?!

Орта мерзімдік жоспардағы алғашқы сабағымды бейнетаспаға жазып алып, көрсем… сабақтың өн бойында менің даусым, уақытты қуалаған асығыс әрекетім, үлгермей қалған тапсырма… Келесі күнгі сабағыма өзге адам болып кіруге тырыстым. Бұл жолы бала жауабын асықпай тыңдап әр жетістікті марапаттап отырдым. Тапсырманы азайтып, нақтылап беруге тырыстым. Даусымдағы бұйрық райды алып тастап, мейілінше даусымды да, қимылымды да пқырындатуға тырыстым. Өз сабақтарымда оқушының өзіндік пікірін , өзін-өзі реттеуін қалыптастыруға ықпал ететіндей бағадрламаның жеті модулін пайдаландым. Әр сабағымнан соң әріптестеріммен кеңесіп, олардың ұсыныстарын ескеріп отырдым. Кері байланыс жасап, оқытуды жетілдіру үшін керекті дерек көзді ғаламтордан алып отырдым.

Тәжірибе өткізер кезең басталғанда менде «астаудағы суға бас қоятын қырдың жылқысындай» сезім болды. Өйткені,1-ай «бетпе-бет» кезеңінде өзіміз біліп, білмей жүрген оқыту мен оқудың түрлі стратегияларын қаншалықты меңгергенімді өз сабағымды байқағым келді. Әрине, өзгерістерге толы сабақта түрлі топтық жұмыстар, оқушының өзіне деген сенімін ұялату, зерттеушілік қасиетін ашу тәсілдері, өзін-өзі бағалауда жауапкершілікті сезіндіру мақсаттары да тұрды.

Тәжірибе алаңы етіп 4 «а» сыныбын алдым. Сыныптағы оқушылармен жете танысу мақсатында: «Мен сізге сыйлаймын, өйткені ,сіз.. » треннингісін өткізу арқылы олардың ортада өзін-өзі ұстауын, сөйлеу мәнерін, бір-бірін тыңдауын, ойлауларын бақыладым.

-Әр күн сайын топты жаңартып отыру арқылы балалардың бір-бірімен тату,жанашыр қасиетін анықтадым және топ басшысына лайықты баланы тауып отырдым.

Пазылдар арқылы топқа бөлінгесін « топ ережесін» жасау мақсаты мен оны әрлендіру қажеттілігі ескертілді.Балалар ереже шығаруға құлшына кірісті. Әрі ереженің жүйелілігіне, безендірілуіне көңіл бөлінді. Оқушылар бұл тапсырмаларға белсене қатынасты. Әсіресе «Сынып ережесін » құрастырғанда Заринаның: «Үзілісте есіктен жүгіре шықпау керектігін,баса айтқандығы, оқушылардың кейбір тәртіпсіз қылықтарын түзету мақсатында айтылған пікірлерінен еркіндік сезіле бастады. Осы мезеттен бастап ,іште жүгірген , бір-бірін жәбірлеген бала болса еш ұрыспай –ақ Сынып ережесінің тармақтарын дауыстап оқытам. Артынан өздері де бір-біріне осыны қайталайтынын байқадым. Сыныптағы ең қозғалшақ балалардың өзі кабинетте тәртіп бұзбайтын болды. «Бүгінгі күнге тілегім», «Мені таны», треннингтері және үзілісте билеген сәттерінде оқушылар бөлек күйге түсетінін байқадым.Ең белсенділігі төмен балаға жауапты іс тапсыру арқылы өзіне деген сенімін оятуға тырыстым. Топтасып, жоба қорғағанда әр баланың мінездері көріне бастады. Топпен жұмыс істеу үшін ұйымшылдықтың қажеттігін ескерттім. Топпен жұмыс сәтінде үздік оқушы Мараттың «тек өзім ғана айтсам» деген пиғылын байқап,оған өз тобының артта қалмауына жауапты екендігін ескерттім.Әр кездесуіміздің соңы сыныптың рефлексия парағымен аяқталып отырды.Дегенмен топтың мақсаты бірлікте, «бәрі бірі үшін, бірі бәрі үшін» ұранымен жұмыс істеу қажеттігін ұғына бастаған еді,бірақ практикамызды тез аяқталуына байланысты бұл жұмысымыз тоқтап қалды.Топтық жұмыс жасау оқушының бәріне бірдей ұнай қоймайды,әсіресе, үздік оқитындарға .Тапсырманы басқалармен талдап отырғанша өздері ғана жауап бергілері келеді екен. Ал орташа үлгеретін балалар топтық жұмыста бірте-бірте талдауға қатыса бастады.Оларға қасындағы баланың пікір айтқаны ұнап ,өзінің де айтқысы келетіні байқалды.Ия,бұлай жұмыс жасау тәсілі үздік оқушыдан гөрі,орташа оқушыларға тиімді екені,олардың өздеріне деген сенімділігінің оянуына,өзіндік пікір қалыптасуына үлкен әсер етеді екен.Мысалы, жәй мінезді орташа үлгеретін Фархат соңғы уақытта өз ойын айту үшін тобындағы балалардың қасына барып тұрып алып,өз ойын жайлап айтып,кейде жобаны қорғау үшін ортаға да шығып жүрді.Қажет кезде бізге «Жетімдер» кинофильмін өз үйінен әкеліп беруінен, Фархаттың қызығушылығының оянғаны көрінді. Оқушыға қызығушылық тудыратын мәселе сабақтың өн бойында толып тұрады.Сондықтан мен жоспарланған мәселе мен қызығушылық тудыратын мәселе арасында айырмашылық жоқ деп ойлаймын. Осындай бірігіп орындайтын тапсырмалары бар, өзгелер өздерін тыңдап , пікірлерімен санасатындығын сезінетін сабақтар оқушының оқуға деген жағымды қарым-қатынасын қалыптастырады екен.

Өзгерісті үздік, екпінді, орташа оқитын оқушыларымнан байқағым келіп, тәжірибе жасадым.

Сыныптағы үздік оқитын Дамирды, екпінді Мырзабекті, нашар оқитын Фархадты бақылап, оларға боран, жаңбыр, ыстық сөздерін беріп, болжауға тапсырма бердім.

  • Бұл тапсырманы беру себебім оқушыларымның ойлау, қиялдау, жүйелеу дәрежесін білгім келді.

  • Мырзабек жаңбырды бұлт пен тамщылар арқылы суреттеп , әр тамшыға жаңбырдың қасиеттерін жазған.

  • Дамир қар ұшқындары арқылы тапсырманы орындап, боранды, үскірік, аяз деген мәндес сөздер жазған. Фархад болса, ыстықты күн бейнесімен суреттеген. Оның ойлау қабілетінің төмендігі, сөздік қорының аздығы байқалды.

  • Тапсырманы орындауда байқағаным: Мырзабек алғашқы болып қорғау үшін асығыстық танытты. Фархад өте ұзақ ойланып, мұғалім көмегінен соң орындай бастады. Дамир өзна мұқияттылықпен кірісіп, Мырзабекк айтылған ұсыныстарды жазып алып отырды.

  • Осы үш оқушымның бірлескен топтық жұмыстардағы іс әрекетіне тоқталсам: Дамир өзі ғана жауап беруге тырысады. Қабілеттілігі өте жоғары, өз көзқарасын дәлелдей біледі. Топта жауапты істі өзіне алады. Ойлау жылдамдығы шапшаң. Соңғы уақытта Дамирде өзгерістер байқалып, топтың басқа мүшелеріне өз көмегін бере бастады.

  • Мырзабек-көпшіл, өзін өте еркін ұстайды. Бөтен ортада тез тіл табысады. Лидерлік қабілеті басым. Топта басқа мүшелермен кеңесе алады., өз көмегін көрсетуге әзір. Бірақ Мырзабекте тапсырманың басым көбіне өзі жауап беруге әзір екенін көрсетіп, қол көтерумен отырды.

  • Фархад – баяу қозғалады. Өз пікірін айтуға қысылып отыра береді. Топтық әңгімелесуге араласпады. Дегенмен, өзіне айтылған мадақтамалардан соң оның бойында құлшыныс пайда болды. Соңғы кезде топтық кеңсуде өз ойын айтуға талаптанатынын, пікірін қабылдағанда үлкен мақтанышта отыратынын байқап, үнемі мадақтап отырдым.

  • Топтық жұмыстың оң ықпалын үш оқушымның бойынан байқалғанына өзімде риза болдым.

Міне, қызық та, қиын, жаңалыққа толы тәжірибе кезеңі де аяқталды. Үйренерім әлі көп сияқты.

Оқушыларымның білімді, ел абыройын көтерер азамат болса екен деп армандайтын көп ұстаздың бірімін. «Оқушым білімді болуы үшін тағы қандай әдіс тәсілді меңгерсем екен?» деген сұраққа жауапты осы курс бағдарламасынан тапқан сияқтымын. Курсты ұйымдастырғандарға да, бар идеясы мен тәжірибесін бөлісіп, оқытуға деген көзқарасты өзгертуші Света Хояшқызына да ризамын.

Қалың елге жарық тауып беремін деп, өз жүрегін алау етіп жаққан Данко сияқты, қарапайым көп ұстаздың бірі мен де өз жүрегімнің алауымен оқушымның ынтасын тұтандырып, білім биігінің асқарынан көрсем деймін.

 

 

 

Оқу мен оқытуда өз тәжірибесіне енгізгендегі өзгеріс жайлы рефлексивтік есеп. Өзгеріс — өткінші оқиға емес, ол уақытты керек етеді: 1 комментарий

  1. Айгуля, есебің керемет.Аты-жөніңді көрмей-ақ стиліңнен таныдым.Шымкенттік курстасың Гуллаззат.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.