Айтыс туралы түсінік
Мухамбетчиева Жазира Салахиденқызы
Атырау облысы
Құрманғазы ауданы, Жыланды селосы
Д. Нұрпейісова атындағы орта
мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
| Мұғалімнің аты–жөні |
Мухамбетчиева Жазира Салахиденқызы |
Д.Нұрпейісова атындағы орта мектеп |
|
|
3-апта |
3-күн |
4-сабақ |
Биология кабинеті |
|
Сабақ атауы |
Айтыс туралы түсінік | ||
|
Сілтеме |
Білім стандарты,пән бағдарламасы, “Қазақ әдебиеті”, Алматы, ”Мектеп” 2005 жыл,Т.Ақшолақов , Т.Жұмажанова, С.Дүйсебаев | ||
|
Жалпы мақсаты |
Айтыс жанрының өзіндік ерекшелігін,түрлерін,көрнекті өкілдерін танытып, зор әлеуметтік мәнін ұғындыру |
||
|
Күтілетін нәтиже |
– -Шағын топтарда жұмыс істеуі арқылы бірін-бірі оқытуын қалыптастыру, -тапсырмаларды орындауда өмірдегі білімі мен білетініне сүйену, – өз бетімен білім алушылық қабілетін қалыптастыру -сыни ойлау арқылы терең білім алу қабілеттерін дамыту |
||
|
Негізгі идеялар |
Шыншылдыққа,әділдікке,турашылдыққа ,сөз өнері қадірін ұғынуға тәрбиелеу |
||
|
Дереккөздер |
“Айтыс” І, ІІ том, М.Ғабдуллин “Халық ауыз әдебиеті”, ғаламтор деректері,сайттар,ресурстар,бейнебаян,үнтаспа,т.б |
||
|
Тапсырмалар
|
Ой шақыру”Айтыс өнері бар туралы білетіндерін ортаға салу(өрмек құру ) Айтыс түрлері,өзіндік ерекшелігі туралы топтық жұмыс (постер қорғау) Бұрынғы және бүгінгі айтыстарды салыстыру (Венн диаграммасы ) Айтыс мәтінінің тілі,сөздер мағынасы,көтерген тақырыбы арқылы қай дәуір туындысы екенін анықтау Қайым айтысқа түсу Ойталқы “Айтыстың болашағы туралы не ойлайсың?” Блум кестесін толтыру арқылы өзін-өзі бағалау |
||
|
Кейінгі тапсырмалар |
Айтыс өнері,көрнекті тұлғалары туралы реферат жазу,веб-сайттан тың деректер жинау, |
||
Мұғалім жазбалары:
Ұйымдастыру жұмыстары:
Амандасу ,”Не ортақ?” тренингі 2 мин.
Топқа сурет арқылы бөлу
Сабақ мақсатымен таныстыру
Бағалау өлшемдерімен таныстыру
Білу, түсіну -1
Қолдану-1
Салыстыру-1
Жинақтау -1
Ой түйін-1
Үй тапсырмасы: “Бекежан болсам мен егер…”тақырыбындағы
эссе,ойтолғауларын оқыту 5 мин.
Ойқозғау
-”Айтыс ”сөзінің синонимі?
Айтыс туралы бар білетіндерін топтастырып, ”Өрмек құру”.3 мин.
ІБілу
“Қызығушылықты ояту”
Айтыстан үзінді бейнебаян көрсету2 мин.
Электронды оқулықтан “Айтыс ,оның түрлері” туралы мәлімет тыңдатып,
Тьютор-оқушы айтыстың өзіндік ерекшелігі,заман шындығын танытудағы
рөлі,айтыскер ақындар туралы презентация дайындап,қорғату.6 мин.
ІІ Түсіну (топтық жұмыс)
Постер қорғау 6 мин.
І топ “ Зерттеушілер “-Айтыс түрлері,тақырып ерекшелігі
ІІ топ “Сарапшылар” – Айтыскерге тән қасиеттер
ІІІҚолдану(Мәтінмен жұмыс) 5 мин
І топ-Мәтіндегі сөздердің қолданысына,мәніне қарай
ІІ топ-Мәтін тақырыбы,идеясына қарай
Айтыстың туу дәуірін,сол қоғамдағы әлеуметтік мәнін тану
Шығармашылық жұмыс(талантты,дарынды балалармен жұмыс)
Дайын жыр тармақтарын беріп,қайым айтыс ұйымдастыру 5 мин
І топ – І оқушы
ІІ топ –ІІ оқушы
IYТалдау (Венн диаграммасы) 4 мин
Ітоп-Бұрынғы айтыс
ІІтоп –Бүгінгі айтыс
Айтыстың кешегісі мен бүгінгісін салыстырып,айтыстың заман ағымына қарай
әлеуметтік рөлін,тақырыбын саралау
Y Жинақтау(Ойталқы)
“Айтыстың болашағы туралы не ойлайсыңдар?” сауалы төңірегінде ой бөлісіп
,белгілі бір тұжырымға келу 7 мин
YI Бағалау Блум кестесі бойынша 3 мин
|
Білім |
Жаңадан қандай білім алдың? |
|
Түсінік,ұғу |
Берілген білімді түсінгеніңді немен дәлелдейсің? |
|
Қолдану |
Алған біліміңді неге қолданар едің? |
|
Анализ |
Қабылдаған біліміңнің маңызы неде? |
|
Синтез |
Алған біліміңді жинақта |
|
Баға |
Өзіндік баға бер |
|
Коррекция |
Нені ұға алмадың? |
Қорытынды баға. Стикерге пікір жазып, көңіл-күй смайлигіне ілу 2 мин.
