Ақтөбе облысы
Әйтеке би ауданы
Сарат орта мектебінің физика пәні мұғалімі Кемалова Ақнұр Жұмағалиқызы
Сабақ 7 класс
Сабақ тақырыбы: Заттың тығыздығы.
Сабақ мақсаты:
Білімділік: заттың тығыздығы деп аталатын физикалық шамамен таныстыру, оның дененің массасына және көлемдеріне тәуелді екенін сипаттайтын шама екенін түсіндіру, өлшем бірлігімен таныстыру.
Дамытушылық: оқушылардың ғылыми көзқарасын дамыту үшін физикалық тәжірибелер көрсету, логикалық ой-өрісін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру, теориялық білімдерін есеп шығаруда пайдалану дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: зат тығыздығының физикадағы рөлін, оның техникалық, практикалық маңызын ашу
Сабақ түрі: кіріктірілген сабақ
Сабақ типі: жаңа білім беру сабағы
Көрнекілігі: кеспе қағаздар, плакат, жұмыс дәптері, слайд, деңгейлік тапсырмалар.
Құрал-жабдықтар: түрлі заттар, кірпіш, білеуше, тұз
Сабақ әдісі: түсіндіру, тәжірибе көрсету, есеп шығару, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, математика, технология
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару.
Кластың санитарлық-гигиеналық тазалығын қадағалау.
Құрал-жабдықтарды тексеру.
Психологиялық дайындық. Оқушылардың көңіл-күйін сұрау.
Шаттық шеңбері (Оқушылар бір-біріне жылы тілектер, сәттілік тілеу)
Оқушыларды түрлі-түсті фигураларды таңдау арқылы топқа бөлу.
1-топ « Тығыздық» 2-топ «Масса» 3-топ «Көлем»
ІІ. Жаңа сабақ
Заттың тығыздығы деп сол заттың көлем бірлігіндегі массасына тең физикалық шаманы айтады. Зат тығыздығын мына формуламен анықтауға болады:
Зат тығыздығының бірлігі үшін бірліктердің халықаралық жүйесінде (SI) килограмның метр кубқа қатынасы (кг/м³) алынған. Бұл – көлемі 1 м³ болатын, массасы 1 килограмға тең біртекті заттың тығыздығы. Есептеулер жүргізу кезінде тығыздықтың г/ см³, т/м³ сияқты басқа да бірліктері қолданылады:
Заттың тығыздығы және дененің көлемі белгілі болса, онда өлшеулер жүргізбей-ақ оның массасын анықтауға болады:
Егер дененің массасы мен тығыздығы белгілі болса, онда оның көлемін есептеп табуға болады:
ІІІ. Қызығушылықты ояту.
Тәжірибе көрсету.
Кірпіш, білеуше, тұз. Осы заттардың кестеден мәнін ала отырып, көлемін, массасын анықтау.
ІV. « Көбелекті гүлге қондыр» ойыны. Оқушыларға көбелектер беріледі. Оқушылар сұрақтарға дұрыс жауап берсе, көбелектер гүлге қонады.

Тығыздықтың формуласы

Формуладағы шамаларды атап көрсет

Тығыздықтың өлшем бірліктері

Заттың тығыздығы дегеніміз қандай шама?

Көлемнің формуласы

Заттың массасын қалай табамыз?

Күн жүйесі планеталарының зат тығыздығы кестесі берілген:

Планета
Заттың орташа тығыздығы ()
Планета
Заттың орташа тығыздығы ()
Меркурий
5,4
Сатун
0,6
Венера
5,2
Уран
1,3
Жер
5,5
Нептун
1,6
Марс
4,0
Плутон
1-1,5
Юпитер
1,3
Осы кестенің көмегімен мына сұрақтарға жауап бер:
Қай планетаның тығыздығы ең үлкен? Қайсысынікі кіші?

Кестені толтыру

Физикалық шама
Белгіленуі
Негізгі өлшем бірлігі
Есептеу формуласы
Тығыздық
кг/м³
Көлем
м³
Масса
кг
V. Сергіту сәті.
Шахмат атының жүрісі бойынша мақалдарды дұрыс табу.

<col width="87" />
<col width="90" />
<col width="91" />

Асығыста

Ауыры жоқ

Бол

Ұят қысса

Салмақты

Бол

Мақтадай

Салмақты

Керекті тастың

Қорғасындай

Ұстамды

Жеңіл

Асығыста салмақты бол, ұят қысса ұстамды бол.
Мақтадай жеңіл, қорғасындай салмақты.
Керекті тастың ауыры жоқ.
VІ. Сабақты қорытындылау.
1/ 12-жаттығудың есептерін шығарту.
Бөлменің өлшемі: ұзындығы 4м; ені 2,5м; биіктігі 2м. Егер осы бөлмедегі ауаның тығыздығы 1,3кг/м³ болса, онда бөлмені толтырып тұрған ауаның массасы қандай?
Берілген |
Формуласы |
Шешуі |

т/к: |

Ұзындығы 8см, ені 4см, қалыңдығы 2см алтын кесегінің массасын анықтаңдар. Алтын судан 19,3 есе тығызырақ деп есептеңдер.
Берілген |
Формуласы |
Шешуі |

т/к: |

Табанының ауданы 0,4х0,2м тікбұрышты параллелепипед түріндегі аквариум 0,15м биіктігіне дейін сумен толтырылған. Аквариумдағы судың көлемін анықтаңдар. Осы судың массасы қандай? Судың тығыздығы 1000кг/м³.
Берілген |
Формуласы |
Шешуі |

т/к: |

2/ деңгейлік есептер үлестіру.
а/ 5т бетонның көлемі қандай?
б/ 15м³көлемді аквариумға су толтырылды. Судың массасы қандай (қалған шамаларды кестеден ал)
в/ Массасы 3 кг, ал көлемі 200см³ металдың тығыздығы қандай?
VІ. Өлең оқу. «Жігіттер мақтанбалық»
VІІ. Үйге тапсырма. §32. 12-жаттығу; 98-беттегі эксперименттік тапсырма.
VІІ. Бағалау. Психологиялық бағалау.
/Сабақ барысында жақсы жауап берген қыз балаларды түрлі-түсті гүлдермен, сабаққа жақсы қатысқан ұл балаларды бұлттармен бағалаймын. Ортаға үлкен «Күн » ілінеді, жан- жағына сабаққа толық жауап бермеген оқушылар күннің шуақтарын іледі.