Ауа. Ауаның қасиеті
Мырзағалиева Токжан
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы,
Мұқыр селосы, Тасқұдық бастауыш мектебі
| Уақыты | 16.10.2012 жыл |
| Сабақтың тақырыбы: |
«Ауа. Ауаның қасиеті»
|
| Сілтеме |
Дүниетану. Алматы «Атамұра» 2002 жыл, интернет жүйесі
|
| Жалпы мақсаттар: | Оқушыларды жаңа сабақпен таныстыру.Ауаның қасиеттерін білу. Оқушыларды сыни ойлату арқылы өзіндік пікір қалыптастыру. Оқушылардың тапқырлығын анықтау, оқушылардан сұрақ–жауап арқылы ойлау дағдыларын арттыру, жұптасып, топта жұмыс жасай білу. |
| Күтілетін нәтиже: |
|
| Дерек көздер: | Ғаламтордан алынған мәліметтер, электронды оқулық, тәжірибеге қажетті заттар. |
| Тапсырмалар |
|
| Қосымша тапсырмалар | Ғаламтордан сабаққа қатысты деректер жинау. |
Жүргізілетін жұмысым
| Уақыты | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті |
|
3 минут
3 минут
5 минут
10 минут
8 минут
2 минут
8 минут
3 минут
2 минут
1 минут |
І Ұйымдастыру кезеңі. а) Поэзия минуты Қуан, шаттан, алақай, Куантын келді күн. Қайырлы таң, қайырлы күн! Күліп шықты бүгін күн! Сыныптың оқушыларын түрлі-түсті парақшалар арқылы топқа бөліп отырғызу. Сабаққа қатыспаған оқушыны белгілеу. Бағалау критерийлері.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау 1-топ: Масштаб неге керек? 2-топ: Жергілікті жердің сұлбасына қарап бағдарды қалай білуге болады. Қызығушылықты ояту.
ІІІ Жаңа сабақ «Қызығушылықты ояту» Екі түрлі ішінде ауасы бар және ауасы жоқ екі допты көрсету арқылы талдау жұмысын жүргізу. «Ауа. Ауаның қасиеті» тақырыбымен танысу. Слайд көрсету. Тірек сөздер: (есік-терезені жабу, бөлме өсімдіктерін отырғызу, терезені ашу, тазалық сақтау) «Ойлан-жұптас-талқыла» 1-топ: Ауаның негізгі қасиеттерін білесің бе? Ауаның алатын орны туралы мысал келтір. 2-топ: Ауа тірі табиғатқа қажет пе? Ауаны сезінуге болама? IV Сергіту сәті. -Мультфильм көрсету
«Ой-толғаныс сатысы» Шығармашылық жұмыс. 1-топ:Ауаның орын алатындығы 2-топ: Кез келген заттың бойында ауа болатындығын дәлелдеу.
V Бағалау Бағалау критерийі арқылы жиынтық баға қойылады.
VI Үйге тапсырма. Тақырыпты түсініп оқимыз. Тақырып бойынша білімдерімізді жетілдіреміз.
VI Қорытынды. Мұғалім: бүгінгі сабаққа белсене қатысқандарынызға рахмет! Сау болыңыздар! |
Мұғаліммен сәлемдесу. Оқушылар түстер бойынша бөлініп, өз үстелдерінің басына жиналады.
Оқушылар бағалау критерийлерін ескере отырып, жақсы бағалануға ұмтылады. Белсенді қатысады.
Сабақтың мақсатына жетеді. Үйге берілген тапсырманы айтып түсіндіреді.
Екі допты салыстыру арқылы әр оқушы өз бетінше ойланады тірек сөздермен тансып,жұмыс жүргізеді.
Мұғалімдердің тапсырмалары бойынша оқушылар жұптасып бір–бірімен ой бөліседі. Мұғалім бағыттауы бойынша топтық жұмыс істейді, яғни топта талқылап бір шешімге келеді . Постер жасап қорғайды, өздеріне түртіп алады.
Топ басшысы келесі топқа барып зертханалық жұмыс түсіндіреді.
Оқушылар бір-бірін бағалайды. Бағалау бетшесі арқылы оқушылар өздерін бағалайды.
Ғаламтордан қосымша мағлұмат алады.
Стикерге пікірлер жазып тілек ағашына жапсырады. |
