Без рубрики

Тілім – менің тірегім

Мусағалиева Гүлжан Имантайқызы

Ж.Қаражігітов атындағы №16 орта мектеп

I санатты бастауыш сынып мұғалімі

 

Тақырыбы: Тілім менің тірегім.

Мақсаты: Оқушылардың «тіл», «Отан» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • ана тілінің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

  • ана тіліне деген құштарлықтарын арттыру;

  • ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар : Оқулық, дәптер, қатты қағаздан жасалған «Таным»,

«Ғұламалар», «Қазына» атты қақпа, күн суреті,

көгершін.

Әдісі: сахналау, топтау, сұрақ-жауап, шығармашылық,

ізденушілік.

 

I. Шаттық шеңбері:

Оқушылар шаттық шеңберін құрайды. Бір-бірімен амандасады. Қол ұстасып тұрып, бір-біріне жақсы тілектер тілейді. Мысалы: «Бүгінгі сабағымыз сәтті өтсін!», «ұйымшыл болайық», «алғырлық тілеймін».

Мұғалім: — Осы айтылған жақсы тілектеріңді бір-біріңе қалай жеткіздіңдер? Қай тілде жеткіздіңдер?

  • Тіл арқылы. Қазақ тілі арқылы.

  • Ендеше бүгінгі сабағымыз қазақ тілі тақырыбында болмақ.

2. Оқулықтағы өлеңді талдау. Хормен айтып шығу. С.Кәттебайұлының «Ана тілім» өлеңін.

Неліктен тілді анамен байланыстырып айтамыз?

— Қандай адам өз тілін құрметтемейді деп ойлайсыңдар?

— Неліктен өз тілінде сөйлейтін адам сыйлы болады?

 

II. Сахналау.

Ана тілінің маңыздылығын түсіндіру, туған тілді жете білуге қызығушылығын арттыру мақсатында тақырыпты сахналау. Үнтаспадан С.Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» күйі орындалады. Үш қақпа қойылады. Бірінші қақпа «Таным», екінші қақпа «Ғұламалар», үшінші қақпа «Қазына».

Ортаға патша рөліндегі бала шығады. Қасында уәзірлері бар. Патша: — Тілдер патшалығына саяхат жасауды көптен көңіліме түйіп жүр едім. Соның сәті бүгін түскен сияқты. Мен қазақ тілі туралы білсем деймін. Таным қақпасына келеді.

Мұғалім:- Сонау бесінші-алтыншы ғасырлардан бастап уақыт сынына төтеп беріп, күні бүгінге дейін жеткен Орхон-Енисей, Талас сына жазулары қазақ тілінің кезінде өркендеп, гүлденген дәуірін анықтайды.

Патша «Ғұламалар» қақпасына келеді.Бұл жерде қазақтың маңдайына біткен ғұламалардың портреттерінен жасалған топтамалар көрсетіледі.

Мұғалім: Қазақ тілі — Әйтеке, Төле, Қазыбек билер сынды шешендердің, Абай, Жамбыл, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, М.Әуезов сияқты алып ақын жазушылардың, Қажымұқан, Б.Момышұлыдай батырлардың тілі. Патша: — Туған тілім туралы өлең тыңдасам деймін.

Оқушылар тіл туралы жаттаған өлеңдерін айтып шығады.

«Туған тілім» Д.Әбіловтың өлеңін талдау.

  • «Туған тілім –бабам тілі — өз тілім» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • «Туған тілім – анам тілі — өз тілім» дегенде нені түсінесіңдер?

Патша жайлап «Қазына» қақпасына жақындайды.

Патша: «Бұл қандай керемет болды екен а?!»

Қақпа ашылмайды.

Патша: (ашуланып) – Менің кім екенімді білмейді-ау, шамасы.

Қақпадан тілдей қағаз түседі. Нөкерлер ашып оқиды.

Дүниеде не тәтті?

Дүниеде не ащы?

Патша: — Мұның мәні неде? – деп оқушылардан сұрайды.

Оқушылардың жауаптары тыңдалады.

Мұғалім: — Мұның жауабын білу үшін «Данышпан атаға» хат жазған болатынбыз. Бүгін сол хаттың жауабы келді. Балалардың жауабын салыстырып көрейік. Хатты ашып оқиық.

О,хан,ием!

Дұрыс сөйлеу білу де өнер, жүйесін тауып сөйлеген сөз жүрекке жетіп, жүйені босатады. Сондықтан да тіл – тәтті. Жебе салған жара жазылар, балтамен оталған орман қайта өсер, бірақ тілдің жарасы жазылмас. Сондықтан да тіл – ащы.

Қақпа ашылып, «Ана тілі — қазынам» деген жазуы бар кітапты патша қолына алады, парақтап қарайды.

Патша: — Маған көмек қажет болды, кім көмектесер екен? Мына кітапта берілген мақал – мәтелді аяқтау керек.

  • Өз білмегеніңді кісіден сұра,

Үлкен болмаса …….

  • Өнер алды ……

  • Жүйелі сөз жүйесін табар,

Жүйесіз сөз – иесін табар, т.б.

Патша: — Ойпырмай – а! Тілдің құдыреті де осы де. Балалар сендерге үлкен рахмет!

 

III. Дәйексөз. Дәйексөзбен таныстыру.

— Балалар сахналау арқылы және өзіміздің өмірден түйгендерімізден ұққанымыздай тіл балаға ананың ақ сүтімен туылған сәттен – ақ беріледі. Тіл адамды жақсы да, жағымсыз да көрсетеді. Тіл адамды өсіреді де, өшіреді де. Лай дейтініміз тек қана жанға жайлы жақсы сөздерді айтсаң , адамдар арасында сыйлы боласың. Өз тіліңді жжетік біліп, оны дамыта алсаң, сондай – ақ басқа елге барғанда өз туған тіліңде сөйлесең олар сондай халық бар екенін біледі. Демек халқыңды басқа ұлттарға танытасың, халқыңды өсіресің. Егер сенің ана тіліңде ешкім сөйлемесе халқың өшеді деген осы. Сондықтан да С.Торайғыровтың

«Сүйемін туған тілді, анам тілін

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім» — деген өлең жолдарын ұмытпағандарың жөн.

 

IV. Жаңа ақпарат.

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Ана тілін сүю, құрметтеу, мақтаныш ету — әрбір азаматтың міндеті».

 

V. Тыныштық сәті.

VI. Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі нақыл сөздерді оқып, мағынасын түсініп, өмірде қолдану.

  1. «Тіл жоқ жерже ұлт жоқ.» Ш.Айтматов

  2. «Әрбір халықтың ана тілі – білімнің кілті. Біздің жастарымыз ана тілінде жетік білімді, мәдениетті болсын.» А.Жұбанов.

  3. «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата – бабамызды ұмыту.» Б.Момышұлы.

 

VII. Өз жүрегімнің үні.

Топтық жұмыс. 3 топқа бөлініп тіл туралы тілектерін көгершін суретін қиып, жазады. Бірбіріне таратады.

 

VIII. Жүректен жүрекке.

Балалар кезектесіп ана тіліне деген махаббатын өлең жолдары арқылы бір-бір шумақтан айтып шығады.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.