Без рубрики

Пейзаж жанры

Машаева Гүлмира

Атырау қаласы, №15 Абай атындағы

орта мектебінің бейнелеу пәнінің мұғалімі

Бейнелеу сабағы.

Сабақтың тақырыбы : Пейзаж жанры

Сабақтың мақсаты: Табиғат көрнісін бейнелеуде алуан құбылыстарды меңгеруге дағдыландыру, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.Оқушыларды өз елін, оның табиғатын сүюге, құрметтеуге,

қорғауға тәрбиелеу. Бейнелеу өнерінің негізгі жанрларының бірі – пейзаж туралы толық мәлімет бере отырып, оқушыларды сурет өнеріне қызықтыру, оларды әдемілікке, сұлулыққа баулу.

Көрнекілігі: әр түрлі суреттер,слайдтар.

Сабақтың әдісі : баяндау,практикалық ,сыни тұрғыдан ойлау әдісі.

Пәнаралық байланыс: биология, қазақ тілі, география.

 

Сабақтың барысы :

I .Ұйымдастыру бөлімі

Оқушыларды пазл арқылы топқа бөлу.

II .Үй тапсырмасын қайталау.

III.Жаңа сабақ.

1 .Қызығушылығын ояту.

2 .Мағынаны тану.

3 .Ой -толғаныс.

 

Қызығушылығын ояту.

-Қане; балалар бәріміз де көзімізді жұмып, өзімізді мектепте емес, ну орманда жүрміз деп елестетейік. Қазір қандай мезгіл? Көктем. Көктемде жердің жүзі көгеріп, тылсым табиғат тіршілігін бастағандай. Жан-жағымызда әр түрлі талдар, сол жақта ақ қайың, оң жақта шырша, емен, артымызда қарағай,шетен. Не деген керемет талдар! Елестеттік пе? Енді көзімізді ашып тыңдаймыз. Бұл сиқырлы орман, әр тал-жеке адам.Өзіне тән мінезі бар, өзіне тән келбеті бар. Біздер бүгін мейірімді сиқыршылармыз.Бәріміз бірігіп орманның сиқырын ашып көреміз.Олай болса, сендерге бірінші тапсырма табиғат бейнесін бейнелейтін шығарма қалай аталады?

-Пейзаж.

-Ендеше бүгінгі сабағымыз пейзаж жанры туралы болмақ.

Пейзаж – француз сөзі, бұл табиғатты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр ретінде Қытайда, Жапонияда және басқа шығыс елдерінде, сондай-ақ Еуропада дамыған. Адам өмірімен салыстырып қарағанда табиғат өмірі мәңгілік сияқты болып көрінеді. Пейзаж өнері де әр алуан. Кейбір пейзаждар табиғаттың өмірде бар нақты көрінісін бейнелесе,енді біреулері суретшінің қиялынан туады.

 

 

 

2. Мағынаны тану сатысы

 

— Ойлан-жұптас-талқыла.

1-топ Көктемгі табиғат көрінісі.

2-топ. Көктем құстары.

3-топ. Көктем құбылыстары.

 

3. Ой-толғаныс сатыс

а) Зат есім (не?) Көктем.

ә) Сын есім (қандай?) Шуақты, әсем.

б) Етістік (не істейді?) Келді, жылынды, көктеді?

в) Сөйлем (сезім білдіретін төрт сөз) Көктем мерекеге толы мезгіл.

г) Синоним : Жыл мезгілі

 

 

 

4. Шығармалық жұмыс.

 

 

 

 

Үйге тапсырма: Суық түстерді пайдалана отырып көктем көрнісін салу.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.