Түйе төрт түліктің төресі
Багитова Алия Дайрановна
Атырау облысы, Аққыстау селосы
Аққыстау орта мектебінің
биология пәнінің мұғалімі
Сабақ тақырыбы: Түйе төрт түліктің төресі.
Білімділік мақсаты: түйе түлігінің мал шаруашылығында алатын орнымен,
оның жеке қолтұқымдарымен, адам өміріндегі маңызымен таныстыру түйе түлігіне байланысты халықтық ұғымдар, түсініктер, тұжырым қорытындылар және жасына,қолтұқымына, жынысына,қатысты атауларды ажырата білуге үйрету.
Дереккөздер: жеке түйе қолтұқымдарының суреттері, интерактивті тақта,
ресурстар, жарнамаға қажетті құралдар
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, сыныпта жағымды психологиялық
ахуал орнату (оқушыларға жылы сөздер айту, кейбір
оқушыларды мақтап, қолпаштау )
Үй тапсырмасын тексеру.
Жылқы шаруашылығы және оның негізгі салалары (жаңа сабақпен салыстыра отырып тексеру ) .
Жаңа сабақ
Берілген сөздер бойынша оқушыларды топқа бөлу.
1-топ: «Ойсылқара» тобы
Түйетек, түйебас, таутайлақ, кекілеш, нар.
2- топ: «Қамбар ата» тобы
Домбай, құлан, жолат, керқұлан, тарпан, түзат.
3- топ: «Қымыран» тобы
Қазы, қарта, қымыз, жал, жая, шұбат.
Миға шабуыл (түйе тралы ассосация )
«Мәтін бөліктері» оқыта үйрету ойыны.
Берілген мәтін бөліктерін ретімен әңгімелейміз
Шөл дала кемесі
Түйе – сүтқоректілер класының көнтабандылар отрядына жататын күйіс қайыратын жануар. Оңтүстік американың таулы аймақтарында таралған түйетек және түйебас та осы отрядқа жатады. Олардың денесі түйеден кіші, өркеші болмайды. Олардың қолға үйретілген қолтұқымдары таутайлақ (лама) және кекілеш (альпака) деп аталады. Түйелер мен таутайлақтардың башпайларында мүйізді тұяқтары болмайды. Тұяқтың орнында башпайларының ұшында ғана доғаланып, қисық біткен кішкене тырнақ өседі. Табаны жалпақ және астынғы жағы сүйелді, жұмсақ көнмен қапталған. Сондықтан бұл жануарларды көнтабандылар деп тайды. Түйенің кеудесінде, тізесі мен тілерсегінде сүйелді, сірілі, түксіз тықыр жерлері болады. Түйе шөккен кезде сүйелді жерлері ыстық құмның әсерін сезбейді. Осыған байланысты түйе ыстық құмда шыдап шөгіп жата береді. Түйенің дене тұрқы ірі. Оның салмағы 700-800 кг, мойны иір және ұзын. Денесінің әр жерінде ұзын шудалы жүндері болады. Құрғақ далалы, шөлейтті және шөлді аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Сондықтан халық түйені «шөл дала кемесі» деп атайды. Қолда өсірлетін түйелердің арғы тегі – жабайы түйелер. Түйе бұдан 4-5 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Айыр өркешті түйенің қолға үйретілген жері – Орта Азия. Сыңар өркешті түйенің қолға үйретілген жері – Африка өңірі. Қазіргі кезде сыңар өркешті жабайы түйе жойылып кеткен. Айыр өркешті жабайы түйе Монғолияның Гоби шөлінде ғана сақталған. Түйені – төрт түліктің төресі, киелі түліктің бірі деп есептелген. Түйенің пірін – «Ойсылқара», кей жерде «Қаусылқазы» деп атайды.
«Күй құдіреті» аңыз әңгіме
Оқушы әңгімелеп тұрған кезде баяу «Бозінген» күйі ойнап тұрады
Ертеде түйелі көш «сахараның салтанаты» деп аталған. Ежелгі Қытайдан Жерорта теңізіне дейінгі керуен жолының тарихы түйе түлігімен тікелей байланысты. Төрт түліктің бойында болатын жақсы қасиеттердің бәрі түйе малының бойынан табылады. Ауыз әдебиетінің көптеген үлгілерінде түйеге қатысты теңеу сөздер, даналық нақылдар, мақал-мәтелдер көптеп кездеседі. Бұл ой-тұжырымдар түйенің тіршілік ерекшеліктерін айқын аңғартады. «Түйесі бардың – киесі бар», «Көтерем деп түйеден безбе – салтанатың емес пе?». Түйе түлігін қастерлеп «ұлық» деп те атайды. Түйешіні «ұлық баққан» деп құрметтеген. Кейбір аймақтарда түйені «кәуіс» деп атайды. Түйе
түлігіне арналған аңыздар бойынша шығарылған күйлер де ел арасында кеңінен таралған. Сүгірдің «Бозінгені», Ықыластың «Желмаясы», Тәттімбеттің «Бозінгені» және т.б. Түйені алғаш жүк тасымалдау мақсатында көш көлігі ретінде үйреткен. Ерте замандардағы ел мен елдің арасындағы сауда-саттық түйелі көш керуендері арқылы жүргізілген. Тарихи деректерде Самарқан саударгерлерінің сапарға Жібек жолы арқылы 30 мың түйемен шыққандығы жазылған. Ертеде қазақ даласында түйесі көп адамдар аз болмаған.
Түйе қолтұқымдары
Қазақстанда қолға үйретілген айыр өркешті түйенің қолтұқымы көбірек кездеседі. Оны кейбір аймақтарда «айыр түйе», Арал мен Каспий аралығының тұрғындары «түс түйе» деп атайды. Айыр өркешті түйенің жабайы түрі «қаптағай» деп аталады. Айыр өркешті түйе ұрғашысын – «інген», еркегін – «бура» дейді. Айыр өркешті түйе ғылыми тілде «бактриан» деп аталады. Оның денесі ірі, салмағы 450-690 килоға дейін жетеді. Қазіргі кезде айыр өркешті түйенің қолға үйретілген үш қолтұқымы бар. Олар – қалмақ, қазақ және монғол қолтұқымдары. Қазақстанда көп өсірілетіні қазақтың айыр өркешті түйесі. Ол құрғақ далалы, шөл-шөлейтті жерлердің табиғи жағдайларына жақсы бейімделген. Аңызақ ыстыққа, үскірік аязға төзімді келеді. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстанның кейбір аудандарында өсірледі. Сыңар өркешті түйені ғылыми тілде «дромадер» дейді. Қазіргі кезде қолда аруана деп аталатын қолтұқымы өсіріледі. Жабайы түрі жойылып кеткен. Оның жалпы аты – «нар». Ұрғашысы – «мая» немесе «аруана», еркегі – «үлек». Сыңар өркешті түйе ыстыққа төзімді, бірақ қатты аязға шыдамайды. Орта Азия мен Қазақстан жерінде ғасырлар бойы халықтық сұраптау әдісімен өсіріліп келеді. Қазір түйені көлік ретінде пайдаланудан гөрі, еті, қымыраны және шудасы үшін өсіру пайдалы. Мамандардың пікірі бойынша, бір түйенің беретін өнімі 15 қойдың беретін өніміне тең. Түйе сүтінің майлылығы сиыр сүтінен әлдеқайда жоғары. Оның құрамында адам ағзасына қажетті нәруыздар , витаминдер мол. Түйе сүтінен шұбат дайындалады (қымыран деп те атайды). Шұбат өкпе, асқазан, ішек ауруларына бірден-бір шипа, қанды толықтырады. Шұбаттың радиацияға қарсы әсері болатыны да анықталған. Түйенің шудасы да қымбат бағаланады. Оны буын, құяң, бүйрек ауруларына және радиация сәулелеріне қарсы ем ретінде пайдаланады. Шудадан бағалы тоқыма бұйымдары жасалады. Түйе түлігі күй таңдамайды, басқа мал жемейтін қатты, тікенді өсімдіктермен қоректене береді. Түйе күндіз жайылып, түнде жатып, күйіс қайырады. Бірнеше тәулік су ішпеуге шыдайды. Бұл кезде өркеш майларынан бөлінген суды пайдаланады.
Ойыннан соң мәтінді тағы бір қарап шығып берілген ақпаратпен салыстырамыз, қай топтың неғұрлым нақты айтқанын анықтаймыз.
Жазу симинары
Таңдау бойынша екі топ түйе және жылқы өнімдерін постер арқылы жарнамалайды, 3-топ тақырып төңірегінде мақал- мәтел айтады.
Түйе шаруашылығы
Жергілікті жеріміздегі түйе шаруашылығының даму деңгейі, жеке қожалықтар жайлы статистикалық мәлімет ( Алдын- ала берілген тапсырма бойынша талантты, дарынды оқушы дайындап келген мәліметтерімен бөліседі)
Полиглот
Елбасымыз халыққа Жолдауында мектептің бар баласы ең жоғарғы деңгейде шетел тілін оқып үйренуіне жағдай жасауға қол жеткізуіміз қажет дегендей бүгінгі сабағымыз барысында кездескен кейбір термин сөздерді үш тілде айту:
Түйе- верблюд-
Жылқы- лощадь-
Сүт- молоко-
Құлын- жеребенок-
Бекіту Венн диаграммасы бойынша:
Түйе Жылқы
Кері байланыс: стикерге сабақтан алған әсерлерін жазу. Осы жерден
оқушылардың түсінігінің қаншалықты деңгейде екенін байқау
Бағалау: сабақ барысында формативті, жинаған фишкалары бойынша топ
басшыларының көмегімен қорытынды бағалар қойылды
Үйге тапсырма: § 61, оқу Түйе түлігі туралы аңыз әңгімелер жинақтау.
Үй жануарлары жайында мақал- мәтел жазып келу
