Сабақтың тақырыбы: Бөлшектерге есептер
Сабақтың мақсаты: Бөлшектер тақырыбынан алған білімдерін толықтыру, жетілдіру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушыларды бөлшектер тақырыбына берілген логикалық ойлауды қажет ететін жаттығулар барысында қалыптасқан дағдыларын әрі жетілдіру, логикалық ойлау әдістерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, зеректілікке, тапқырлыққа тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: Сұрақ- жауап, есептеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың типі: Білім жинақтау
Қолданатын технология: АҚТ
Көрнекілік құралдар: Слайд
І.Ұйымдастыру
І. “Ой түрткі” кезеңі
- Жай бөлшек туралы не білдік?
Жай бөлшек
Жай бөлшекті оқуды және жазуды |
Жай бөлшек- терге амалдар қолдануды |
Жай бөлшек түрлерін |
Жай бөлшектің негізгі қасиетін |
Жай бөлшек- терді салыстыруды |
ІІ. Есептер шығару
- 1. Санның бөлігін тауып, оны тиісті жауаптермен қосыңдар.
15тің 1/3-і; 15·1̸ 3= 15̸ 3=5
15-тің 1/3-ін; |
18-дің 2/3-сін; |
21-дің 3/7-ін; |
32-нің 7/8-cін; |
40-тың 9/10-ын; |
28-дің ¾-ін; |
12-нің 5/6-ін; |
12 |
28 |
5 |
21 |
10 |
36 |
9 |
ІІІ. Амалдарды орындаңдар:
1) 28/3 : 7/2 = □
2) □ · 15/4= ○
3) ○ – 58/7 = ◊
4) 143/28 + 8/7=⌂
5) ⌂ : 5= ∆
6) ∆ — 11/ 28=►
7) ◊ : ►= 2
ІV. Шешімін тап!
1.Тік төртбұрышты қаңылтырдың ұзындығы 5/2 м, ені оның 4/5-індей. Тік төртбұрышты қаңылтырдың ауданын табыңдар.
- 2. Үш санның қосыындысы 342-ге тең.Бірінші сан қосындысының 2/3-сіне, ал екінші сан 5/9-іне тең. Үшінші санды табыңдар.
- 3. Тігіншіде қызыл, сары, көк және жасыл түсті барлығы 24 орам жіп бар. Оның 17сі қызыл түсті емес, 18і сары түсті емес, 22сі жасыл түсті емес. Тігіншіде неше орам көк түстң жіп бар?
А) 2 орам В)9 орам С)3 орам Д) 11 орам
V. Ойлан, тап!
Суреттегі фигураның периметрін табыңдар.
D E
В С Ғ К
А L
Мұндағы АL=15/2см, КL=9/4 см, ЕF=5/4 см.
ҮІ. Графикалық диктант
- Алымы мен бөлімі өзара жай сандар болатын бөлшектер қысқармайды.
- Дұрыс бөлшекті аралас сан түрінде жазуға болады.
- 0 мен 1-дің арасында 10 жай бөлшек бар.
- Дұрыс бөлшектер сандық сәуледе 1-дің сол жағында жатады.
- Кез келген санға кері сан бар.
- Кері бөлшектердің көбейтіндісі 0-тең
- Дұрыс бөлшек 1-ден артық болады
ҮІІ.Қорытынды
IV.Үйге тапсырма
Бөлшектерге берілген есептер жинақтау
Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді азайту
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жай бөлшектерді азайта, натурал саннан жай бөлшекті азайта білуді үйрету
Дамытушылық мақсаты: Жай бөлшктерді азайту ережесін пайдалаланып өз бетімен жай бөлшектерді азайта білу сезімдерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Математикалық тілде сөйлеуге, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: кесте, кеспе
Сабақ әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап
Сабақ түрі: Саяхат сабақ
Сабақ типі: Жаңа білім беру сабағы
І. Ұйымдастыру
ІІ. “Біліміңді байқап көр” еліне саяхат
Өткен сабақтар бойынша бірнеше сұрақтар қойып көр “Жай бөлшек” туралы біліміңді сынап көрейік.
Мына сөзжұмбақты шешейік.
А |
||||||||||||||
З |
||||||||||||||
А |
||||||||||||||
Й |
||||||||||||||
Т |
||||||||||||||
У |
||||||||||||||
- Бөлшек сызығының үстіндегі сан
- Аралас санның бүтін бөлігі қандай бөлігі
- Алымы мен бөлімі өзара жай сан болатын бөлшек
- -қандай сан?
- Алымы 1-ге тең бөлшек
- Жай бөлшектің алымы мен бөлімін бірдей санға бөлуді не дейміз?
Барлық сұрақтарға жауап алынды білімдеріңді көрсете білдіңдер. “Азайту” деген сөз шықты. Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: “Жай бөлшектерді азайту”.
ІІІ. Енді “Білім” еліне саяхат жасап бөлімдері бірдей, бөлімдері әртүрлі бөлшектерді, натурал саннан бөлшекті азайтуды қарастырайық.
Суретте тік бұрыш берілген
1сұрақ. Тік төртбұрыш неше бөліктен тұрады?
2сұрақ. Неше бөлігі боялған?
3сұрақ. Неше бөлігі боялмаған?
Бөлімдері бірдей бөлшектерді азайтқанда азайғыштың алымынан азайтқыштың алымын азайтып, алымы етіп жазып, ал сол бөлшектің бөлімінің өзін қалдыру керек. Мұны әріптермен жазып көрсетейік.
мұндағы а>с немесе а=с Мысалы:
Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді азайтуды қарастырайық
Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді азайту үшін
- Бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру керек.
- Бөлімдері бірдей бөлшектерді азайту ережесі бойынша бойынша азайту амалын орындау керек.
Натурал саннан бөлшек санды азайтуды қарастырайық
1-тәсіл. 2-тәсіл
“Білім” еліне саяхатымызды одан әрі жалғастырып білімімізді есептер шығару арқылы толықтырамыз.
№685 (ауызша) №686 (1-4)
1) 2) 3) 4)
№987
1) 2) 3) 4) №688
1) 2) 3) 4)
ІҮ. “Тапқыштар” еліне саяхат
“Күн” ойыны
Күн ойынында азайғыш ортаға жазылған одан азайтылатын азайтқыштар айнала дөңгелек бойына орналасқан
Ү. “Зеректер” еліне саяхат
1тапсырма .Дөңгелек 8 тең бөлікке бөлінген. Дөңгелектің неше бөлігі боялған. Дөңгелектің қандай бөлігі боялмай қалды?
2тапсырма. Тік төртбұрыш неше бөлікке бөлінген. Неше бөлігі боялмаған? Қандай бөлігі боялған?
3т. Сызбаға қарап өрнек құр және оның мәнін тап.
0
? 1
ҮІ. Қорытындылау:
-Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді азайту.
-Бөлшектерді ЕКОБ-ге келтіру
-Бөлімдері бірдей бөлшектерді азайту ережесін қолдану
-Бөлімдері бірдей бөлшектерді азайту
-Азайғыштың алымынан азайтқыштың алымын алу
-Алымы етіп жазу
-Бөлімдерін бірдей етіп жазу
ҮІІ. Бағалау
ҮІІІ. Үйге тапсырма №686 (3-4), №687(3-4), №688(3-4)