Өсімдіктердің өсімді (вегетативті) мүшелері. Тамыр және тамыр жүйесі
Багитова Алия Дайрановна
Атырау облысы, Аққыстау селосы
Аққыстау орта мектебінің
биология пәнінің мұғалімі
|
Сабақтың атауы |
Өсімдіктердің өсімді (вегетативті) мүшелері. Тамыр және тамыр жүйесі |
|
Сілтеме |
Биология 6-сынып (Жүнісқызы), Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы (Ағелеуова ), ресурстар |
|
Жалпы мақсаты |
1.Өсімдіктердің вегетативті мүшелерін ажырата білу 2.Тамырдың атқаратын қызметі және тамыр түрлерінің бір- бірінен айырмашылығын білу |
|
Оқыту нәтижесі |
Өсімдік мүшелерін жіктейді, соның ішінде өсімді мүшесі тамыр, оның түрлері, атқаратын қызметімен танысады |
|
Негізгі идеялар |
Тамыр түрлерін бір- бірінен ажырату, атқаратын қызметін білу |
|
Дереккөздер |
Оқулық, кеппешөп (тамыр түрлері ), тамырланған өсімдіктер (пияз, сәбіз, т.б.) |
|
Тапсырмалар |
|
|
Кейінгі тапсырмалар |
§7, оқу; тамырларының емдік, дәрілік қасиеті бар өсімдік түрлері туралы мәлімет жинап келу |
Сабақ бойынша мұғалім жазбалары
1. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнату ( оқушыларға жылы сөздер айту, кейбір оқушыларды мақтап, қолпаштау ). Топқа бөлу, топ ережесін шығару.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
(Тарауды қорытындылауға берілген «Біліміңді сына», кілті беріліп сол бойынша оқушылар бір- бірінің дәптерлерін тексеріп, критерий бойынша баға қояды)
Бағалау критерийі
20-24 дұрыс жауап – «3» (сары фишка)
25-27 дұрыс жауап – «4» (көк фишка)
28-29 дұрыс жауап – «5» (қызыл фишка)
3. Жаңа сабақ
Өткен сабақпен байланыс
Ой қозғау сұрақтары:
– Өсімдіктің қандай мүшелері болады ?
– Өсімдіктің қай мүшесі жер астында орналасқан ?
– Тамыр өсімдікке не үшін қажет ?
4.Жигсо стратегиясы ( мәтінмен жұмыс, постер арқылы қорғау )
1- топқа: Өсімдіктің өсімді мүшелері. Тамырдың атқаратын қызметі.
Жасуша ұлпа мүше
Мүше– өзіндік құрылысы бар, белгілі бір қызмет атқаратын ағзаның бөлігі.
Өсімдіктің мүшелері өсімді (вегетативті) және көбею (генеративті ) болып
екіге бөлінеді. Өсімдіктің өсімді мүшелеріне тамыр, сабақ, жапырақ жатады.
Өсімдіктің өсімді мүшелері екі түрлі жүйе құрайды: өркендер жүйесі (сабақ,
жапырақ), тамырлар жүйесі (тамыр).
Тамыр- өсімдіктің жер асты мүшесі. Ол мынадай қызметтер атқарады:
1.Топырақтан суды және суда еріген минералды тұздарды сіңіріп, оларды
сабаққа өткізеді;
2.Өсімдікті топыраққа берік орнықтырады;
3.Қоректік заттарды қорға жинайды ( сәбіз, қызылша, шомыр, шалқан, т.б.);
4.Көбеюге қатысады;
2-топқа: Тамырлар шығу тегіне қарай
Тамырлар шығу тегіне қарай:
1.негізгі
2.жанама
3.қосалқы деп бөлінеді. Негізгі тамыр тұқымның ұрық тамыршасынан
дамиды. Ол төмен қарай бағытталып,топыраққа тереңдей береді. Негізгі
тамырдың жан- жағынан жанама тамырлар таралады. Олар топырақтан
қоректік заттарды соруға қатысады.
Қосалқы тамырлар сабақ пен жапырақтан өсіп шығады. Өсімдіктің
топыраққа берік орнығып, қоректенуін күшейтеді.
3-топқа: Тамыр жүйесі
Бір өсімдікте болатын әр түрлі тамырлардың ( негізгі, жанама, қосалқы )
жиынтығын тамыр жүйесі деп айтады. Тамыр жүйесі кіндік және шашақ
тамыр болып екіге бөлінеді.
Кіндік тамыр жүйесінде негізгі тамыр өте жақсы жетіледі. Одан жан- жағына
жанама тамырлар тарайды. Дамуының алғашқы сатысында тамыр сабаққа
қарағанда тез ұзарады, себебі суды топырақтың терең қабатынан соруға тура
келеді.
Шашақ тамыр жүйесінде негізгі тамыр болмайды. Болсада өте нашар дамып,
жуандамай, басқа тамырлармен бірдей өседі. Жуандығы біркелкі жанама
немесе қосалқы тамырлар шашаққа ұқсап топталып тұрады.
5.Инсерт стратегиясы ( негізгі ұғымдарды түртіп алу )
6.Зертханалық жұмыс №5 ( Топ болып берілген кеппешөптерді талдау)
7. «БҮҮ» стратегиясы
|
Білемін |
Үйренгенім |
Үйренгім келеді |
|
|
|
|
8.Соңғы сөзді маған қалдыр
9.Бір айналым сөйлесу стратегиясы
(өзгені қайталамай жаңа тақырып бойынша бір- бір сөйлем айту )
10.Бағалау ( критерий бойынша балалармен бірлесе отырып )
|
№ |
Сабақ кезеңдері Оқушы аты-жөні |
Үй тапсырмасы |
Жигсо |
Зертхана лық жұмыс |
Орта бал |
|
1 2 3 4 5 6
|
|
|
|
|
|
10.Үйге тапсырма: § 7, тамырларының емдік, дәрілік қасиеті бар өсімдік
түрлері туралы мәлімет жинап келу

Сабақтың құрылғаны жаман емес, мүмкін сергіту сәтін қосқанда тіпті жақсы болар деп ойлаймын.