Оқығанның көзі ашық
Атырау облысы, Исатай ауданы,
Аққыстау орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Сұлтанова Мейрамгул
Әдебиеттік оқу 2-сынып.
|
1-апта |
6-күн |
2-сабақ |
|
Сабақтың атауы |
«Оқығанның көзі ашық». |
|
|
Сілтеме |
Оқулық,стикерлер. |
|
|
Жалпы мақсаты |
Мәтіндегі негізгі ойды,басты кейіпкерді анықтау. |
|
|
Оқыту нәтижесі |
Сыни ойлауға, мәтінді өз бетімен рөлге бөліп оқуға, топпен жұмыс жасауға дағдыландыру. |
|
|
Негізгі идеялар |
Мәтінді дұрыс,түсініп,рөлге бөліп оқу,оқу-білім мағынасын ұғындыру. |
|
|
Дереккөздер |
Ресурстар,қосымша материалдар. |
|
|
Тапсырмалар |
«Венн диаграммасы», «Болжау», «Бес саусақ», «Қара-жап-айт-жаз-тексер» стратегиялары. АКТ құралдары (интерактивті тақта, видео камера, фотоаппарат), СТО стратегиялары | |
|
Кейінгі тапсырмалар |
Мәтінді рөлге бөліп оқу, «Оқыған адам-білімді»деген тақырыпқа шағын шығарма жазу. |
|
Сабақ бойынша мұғалім жазбалары:
I. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу.Сынып ережесін естеріне түсіру.Топқа бөлу.(3мин)
II. Үй тапсырмасын тексеру.(10мин)
III. «Венн диаграммасы».Тақырыпты ашу мақсатымен топпен орындалады.(5мин)
IV. Жаңа сабақ. Мұғалім мәтінді оқып береді. «Үш қадамнан тұратын сұхбат» (12мин)
а) Әр топқа рөлге бөліп оқу.
ә) Сұрақ қойылады. (өзара)
б) сұраққа жауап береді.
V.«Қара-жап-айт-жаз-тексер» стратегиясы Дәптермен жұмыс.(5мин)
а) «Білгеніңе сенбе,біліміңе сен» деген халық даналығын ұмытпа .Әрқашанда білуге талпын.Сонда ғана көзің ашық,білімді адам боласың.
ә) Сөздік жұмыс. Жаңа сөздердің мағынасын ашу,жазу.
Күкірт-сарғыш,қоңырқай түсті тұтанғыш зат.
VI. «Болжау стратегиясы» мақалды жалғастыру.(1мин)
Оқу-білім бұлағы,
………………………….
«Бес саусақ» стратегиясы. Білетіні,ойлағаны,қызыққаны,білгенін,білгісі келетіні айту.(2мин)
VII.Критерий бойынша бағалау.(1мин)
|
Оқушының аты-жөні |
Мәтінді дұрыс,қатесіз оқу |
Мәтінді рөлге бөліп оқу |
Негізгі ойды анықтау |
Өз ойын анық жеткізу |
Бағасы |
|
Қуанышқали Жанбота |
+ |
+ |
+ |
+ |
5 |
|
Сабыржан Диас |
+ |
+ |
+ |
– |
4 |
|
Ұзақбаев Аманқос |
+ |
+ |
– |
– |
3 |
VIII.Кейінгі тапсырмалар.(1мин)
IX.Нәтижесінде:
Сыни ойлау,мәтінді өз бетімен рөлге бөліп оқуға,топпен жұмыс жасауға дағдыланды,диалогтік әдіс арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысы қалыптасты,өз ойларын ашық айтуға үйренді,СТО стратегиялары арқылы сабақ жеңіл меңгерілді,оқушылардың қызығушылығы артты.
X.Сабақты талдау:
|
Күшті жақтары: Топқа бөліну,оқушылардың тәжірибені талдауы,интерактивті тақтаны қолданулары,Венн диаграммасын толтырулары,сергіту тренингіне қатысулары. |
Әлсіз жақтары: Сабақта сұрақ-жауап әдісін қолдану барысында оқушылар белсенділік таныта алмады. |
|
Мүмкіндіктер: Сұрақ- жауап бөлімінде ашық сұрақтарды көбірек қолдану керек.Бағалау критерилерін жеке оқушыға беру керек. |
Кедергілер: Жабық сұрақтардың көп қойылуы,критерилердің дұрыс қойылмауы. |
Әдебиеттік оқу 2-сынып
|
2-апта |
1-күн |
3-сабақ |
|
Сабақтың атауы |
Б.Данабеков Қайырымдылық |
|
|
Сілтеме |
Оқулық,кесте,маркер,флипчарт,бейнефильм |
|
|
Жалпы мақсаты |
Мәтіндегі негізгі ойды анықтау. Қарлығаштың басқа құстардан ерекшелігін сыни тұрғыдан талдай отырып ұғындыру. |
|
|
Оқыту нәтижесі |
Мәтінді талдай білуге,топпен жұмыс істеуге,талдау, жинақтауға үйрету |
|
|
Негізгі идеялар |
Мәтін мазмұнын ұғындыру.Құстарға қамқорлық жасауға үйрету.Құстардың адам өміріндегі маңызын ұғындыру. |
|
|
Дереккөздер |
Қосымша материалдар,интернет жүйесінен бейне таспа,музыкалық таспа,ресурс |
|
|
Тапсырмалар |
«Әңгіме кестесі»,«Қызығушылықты ояту»,«ЖИГСО стратегиясы», «Ойлан,жұптас,талқыла»,«RWSP» стратегиялары.Бағалау критериі. |
|
|
Кейінгі тапсырмалар |
Мәтінді түсініп оқу «Құстар-біздің досымыз»тақырыбына шығарма жазу |
|
Сабақ бойынша мұғалім жазбалары:
I. Ұйымдастыру.(2мин)
Түрлі суреттер арқылы топқа бөлу.
II. Үй тапсырмасын тексеру. (7мин)
«Әңгіме кестесі» стратегиясы.
-
Әңгіменің аты
Басты кейіпкерлер
Әңгімедегі негізгі ой
Әңгіме мәніне өз ойыңды білдір
III. Жаңа сабақ.
1.Қызығушылықты ояту. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» ертегісін бейнетаспадан үзінді көру.(5мин)
2 .Ой қозғау.(1мин)
-Ертегідегі басты кейіпкер не?
-Ертегіден қарлығаштың қандай қасиеті көрінді?
3.Мәтінмен жұмыс.(10мин)
«ЖИГСО» стратегиясы
4 «.Түртіп алу» стратегиясы.Сөздік жұмысы.
– Оқушының мәтінді оқи отыра,мағынасы түсініксіз сөздердің астын сызып белгілеуі.(3 мин)
-Бір-бірімен ой бөлісу арқылы талқылауы,қорытуы(саты,қыл)
IV.деңгейлік тапсырма.Постер қорғау. (10 мин)
І-деңгей
-Мәтіндегі балаларға мінездеме бер
ІІ-деңгей
Қарлығаштың басқа құстардан ерекшелігі
Құстардың адамға пайдасы,адамның құстарға қамқорлығы
ІІІ-деңгей
Қарлығаш балапандарының аяғын неліктен қылмен байлап қойды?
Мәтін мазмұнын қысқаша түсіндір.
Сергіту сәті «Балапандар» биі (2мин)
«RWSP» стратегиясы.
|
I-топ Мәтін мазмұны бойынша сурет салды |
II-топ Сурет бойынша түсінгенін жазды |
|
III-топ Сурет бойынша өлең шығарды |
IV-топ Мақал жазды |
V.Критерий бойынша бағалау: (4мин)
|
Тапсырма |
I-деңгей |
II-деңгей |
III-деңгей |
Баға |
|
Топ |
+ |
|
|
«3» |
|
Топ |
+ |
+ |
|
«4» |
|
Топ |
+ |
+ |
+ |
«5» |
VI.Үйге тапсырма: (1мин)
Мәтінді түсініп оқу «Құстар-біздің досымыз»тақырыбына шығарма жазу.
VII.Сабақты талдау:
|
Күшті жақтары: Топқа бөліну, оқушылардың тәжірибені талдауы, интерактивті тақтаны қолданулары, видео материалдарды қызығушылықпен қараулары, сергіту тренингіне қатысулары. |
Әлсіз жақтары: Постер қорғағанда ашық жазбай, мағынасы жабық күйінде болды, өз ойлары ашық жазылмаған.
|
|
Мүмкіндіктер: Келесі сабақтарымда электрондық оқулықтар, видео материалдар, аудио материалдарды қолданып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру. |
Кедергілер: Уақыттың жетпеуі, оқушылардың бағалау критерилерін нақты түсінбеуі.
|
VIII.Нәтижесінде:
Сыни ойлауға,мәтінді өз бетімен түсініп оқуға,топпен жұмыс жасауға дағдыланды,сұрақ-жауап арқылы оқушылар өз ойларын ашық айтуға үйренді,видео материал көрсету арқылы сабақ жеңіл меңгерілді,оқушылардың қызығушылығы артты.
Деңгейлік тапсырмалар беру арқылы оқушылардың білім деңгейі анықталды.
