Мейірім А.Хамзин

Атырау облысы, Исатай ауданы,

Аққыстау орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Сұлтанова Мейрамгул

Әдебиеттік оқу 2-сынып

 

2-апта

3-күн

2-сабақ

Сабақтың атауы

Мейірім А.Хамзин.

Сілтеме

Оқулық,маркер,флипчарт,мейірім ағашы

Жалпы мақсаты

Мәтіндегі негізгі ойды анықтау, «мейірім»

сөзінің мағынасын ашу.Оқушының бойына адамгершілік,мейірімділік қасиеттерін қалыптастыруға жұмыстану,тәрбиелеу.

Оқыту нәтижесі

СТО стратегияларын және әдіс-тәсілдерін

қолдана отырып, оқушылардың сыни тұрғыдан

ойлау дағдысын қалыптастыру, өз ойларын еркін жеткізуге бейімдеу. АКТ құралдарын қолдана отырып, сабақ беру әдісін жеңілдету, оқушылардың қызығушылығын арттыру.

Негізгі идеялар

Мәтінді түсініп оқуға бағыт-бағдар беріп, негізгі кейіпкерді анықтап, кейіпкерге мінездеме беріп, оқушының өз пікірін айтуға ерік беру. Оқушының пікірімен санаса отырып, топтағы оқушылардың

өзара пікірлерін қабылдауға ықпал ету.

Дереккөздер

Қосымша тапсырмалар

Тапсырмалар

Ой қозғау сұрақтары,тақырыпты қорғау,постер

қорғау «ЖИГСО»,«RWSP »,«Ортадағы қаламсап»,«Мейірім ағашы» стратегиялары.

Кейінгі тапсырмалар

«Мейірім» мәтінін өз басынан өткен,осыған ұқсас оқиғаны әңгімелеу

 

Сабақ бойынша мұғалім жазбалары:

I. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу.Топқа бөлу (сурет бойынша) 3мин

II. Үй тапсырмасын тексеру. 10мин

“Ата тәлімі” мәтіні бойынша түсінігін айту.

“Сен маған, мен саған” ойыны арқылы өткен сабақты қорытындылау;

 

III.Жаңа сабақ: ЖИГСО-2 стратегиясы. 10мин

Мәтінді оқып бір-біріне түсіндіреді.

«RWSP стратегиясы»

 

I-топ Мәтін мазмұны бойынша сурет салды

 

II-топ Сурет бойынша түсінгенін жазды

 

III-топ Сурет бойынша өлең шығарды

 

IV-топ Мақал жазды

IV «Ортадағы қаламсап» стратегиясы.Қаламсапты бұрын алған оқушы сұрақ қояды. 5мин

V. Тренинг 5мин

VI. «Мейірім ағашы» стикерге әр оқушы мейірім туралы ойларын жазады. 2мин

VII. Критерий бойынша бағалау. (5мин)

Оқушының аты-жөні

Мәтінді дұрыс,қатесіз оқу

Мәтінді рөлге бөліп оқу

Негізгі ойды анықтау

Өз ойын анық жеткізу

Бағасы

Қуанышқали Жанбота

+

+

+

+

5

Сабыржан Диас

+

+

+

–

4

Ұзақбаев Аманқос

+

+

–

–

3

 

VIII. Кейінгі тапсырмалар. ( 2мин)

IX. Сабақты талдау.

Күшті жақтары:

Топқа бөліну, оқушылардың тәжірибені талдауы,интерактивті

тақтаны қолданулары,сергіту тренингіне қатысулары

Әлсіз жақтары:

RWSP стратегиясын қолдануда оқушылардың өздігінен жұмыс жасауына, мұғалімнің қолдауы қажет етілді.

Мүмкіндіктер:

Рефлексия жасауда оқушылардың ойларын еркін жазуы, бұл оқушының өзін-өзі реттеуі жоғары дәрежеде екенін байқатты.

 

Кедергілер:

Уақыттың жетпеуі, оқушылардың бағалау критерилерін нақты түсінбеуі.

 

 

X.Нәтижесінде.

СТО стратегияларын және әдіс-тәсілдерін қолданып,оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдысы қалыптасты,өз ойларын еркін жеткізуге бейімделді.

АКТ құралдары қолданылып,сабақ беру жеңілдетілді,оқушылардың қызығушылығы артты.

Әдебиеттік оқу 2-сынып.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше