§ 14 Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі

Рита Қаражанова
Атырау облысы, Исатай ауданы,

Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектебінің

бірінші санатты биология пәнінің мұғалімі

 

2 апта

2 күн 1сабақ(биология-8)

 

Сабақтың аты

§ 14 Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі.

 

Сілтеме

 

Биология 8 сынып авторы Е.Очкур,жоспар,презентация, жүйке жүйесінің мүшелерінің муляжы,препараттар микроскоп.

 

Жалпы мақсаты

 

.Жүйке жүйесінің құрылысы мен жүйке ұлпасының,нейронның құрылысы,қызметімен танысу,деректер жинақтау.Оқушылардың сыни ойлауын дамыту.

 

Оқыту нәтижесі

 

Нейрон жасушасын,басқа жасушалардан ажырата білу,жүйке жүйесінің құрылысын,қызметін білу.

 

Негізгі идеялар

 

Бүкіл адам ағзасының өзара үйлесімді жұмысын реттейтінін,адамның қоршаған ортамен байланысын, саналы ойлауы, сөйлеуі,мінез-құлқының дамуына жүйке жүйесінің маңызы зор екенін түсіну.

Дереккөздер

Ресурстар,Н.И.Сонин Билогия Адам 8 сынып, Биология 8 сынып авторы Е.Очкур,

Тапсырмалар

  • Оқушыларды топқа

бөлу,топ ережесін шығару

  • Сұрақ-жауап

  • «Жигсо» әдісімен топпен жұмыс

  • Сәйкестендіру кестесі

 

 

  • Жұптық жұмыс.Микроскопта нейрон жасушасын қарау

  • Өзім үшін жазу(дәптермен жұмыс) стратегиясы

  • «Ортадағы қаламсап» стратегиясы

  • Топтық жұмыс.Зертх. жұмыс.Тізе рефлексі.

 

Кейінгі тапсырмалар

§14 « Жүйке жүйесінің маңызы» тақырыбында реферат жазу

 

Мұғалімнің жазбалары:

Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеп,назарын сабаққа аудару. Сыныпты берілген сурет қиындыларын құрастыру арқылы топқа бөлу,топ ережесін қабылдау.

Қызығушылықты ояту

Тірек суреттерін, символдарды құрастыру арқылы сабақтың тақырыбын ашу.

Ой қозғау стратегиясы. 1 тапсырма

Топтарға сұрақтар қою арқылы тақырыпты ары қарай ашу.

1 . Мүше дегеніміз не? 2 . Мүшелер жүйесі дегеніміз не?

3 . Қандай мүшелер жүйесін білесің? 4 . Нейрон қай ұлпаны түзеді?

5 . Жүйке жүйесінің мүшелерін ата? 6 . Нейронның құрылысын ата?

2 тапсырма Топпен жұмыс. «Жигсо әдісі» бойынша үш топқа мәтінді бөліп беріп,постер қорғату.

1 топ Жүйке жүйесі, жүйке жасушасы –нейрон

2 топ Жүйке синапсы,рефлекс

3 топ Рефлекс доғасы,тізе рефлексі

3 тапсырма «Сәйкестендіру» стратегиясы

  1. Рецептор а)қозуды жұмыс мүшесіне өткізеді;

  2. Қимыл-қозғалыс жүйке

ұштары ә)қозуды жұмыс мүшесіне береді;

3. Нейронаралық синапс б) ішкі мүшелерге тітіркенуді

қабылдайды;

4. Сезімтал жүйке талшықтары в) бір нейроннан басқасына жүйке

импульсін береді;

5. Қимыл-қозғалыс жүйке г) қозуды жүйке жүйесінің орталық

талшықтары бөліміне өткізеді;

ғ) сырқы ортадан тітіркенуді қабылдайды;

4 тапсырма Жұптық жұмыс. Микроскоптан жүйке ұлпасын қарап,суретін салып қорғау.

5 тапсырма «Өзім үшін жазу» стратегиясы (дәптермен жұмыс)

Оқушыға оқытып,дәптеріне жаздыру.(слайдта)

  1. Нейрон

  2. Рефлекс

  3. Рефлекс доғасы

  4. Рецептор

 

6 тапсырма «Ортадағы қаламсап» стратегиясы

(Топқа бір қаламсап тастаймыз,біреуі тез алып сұраққа жауап береді)

1 топ

  1. Нейрон дегеніміз не?

  2. Мидың сұр және ақ заты неден құралған?

  3. Қандай жүйке жасушасын сезімтал нейрон дейді

2 топ

  1. Нейрон қандай қызмет атқарады?

  2. Қимыл-қозғалыс нейрон қызметі қандай?

  3. Рефлекс деген не?

3 топ

  1. Нейронның құрылысы?

  2. Аралық нейрондар жүйке импульсін өткізуде қандай роль атқарады?

  3. Рефлекс доғасы деген не?

 

7 тапсырма Топтық жұмыс .№1 Зертханалық жұмыс

Тізе рефлексін зерттеу және тәжірибе жүзінде тізе рефлексін бақылау.

Топта жұмыс жасай отырып,зертеп,бақылап нәтижесін түрлі –түсті қағазбен жасырма түрінде суреттеу.

 

Бағалау бетшесін талдау ,сабақты аяқтау.

Үйге тапсырма: 14 оқу, «Жүйке жүйесінің маңызы туралы » реферат жазу.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше