«Күздің кереметі» тақырыбында 3«в»сыныбы пәніен өткізілген сабаққа мұғалімнің рефлективтік есебінің мазмұны

Cапарова Лаура Асылбекқызы
Атырау облысы, Мақат ауданы,

Х.Санбаев атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі

«Күздің кереметі»

тақырыбында 3«в»сыныбы пәніен өткізілген сабаққа мұғалімнің рефлективтік есебінің мазмұны

Практика кезінде екінші сағабағымды 3сыныптан бастадым. Сынып оқушыларын алдымен үш түс бойынша қызыл-○, көк-○, жасыл-○ үш топқа бөліп алдым. Оқушылар сабақтың қалай өтетініне қызығушылық танытып, енді не істейміз, мен досыммен бірге отырсам бола ма деген сауалдар қоя бастады. Мен бәріміздің бір-бірімізбен тату болу керектігімізді түсіндірдім.

Одан соң сынып ережесін құрғыздым. Сол ереже бойынша жұмыс жасау қажеттігін де ескерттім. Өздері жасаған ереже оларға қызық көрініп, барлық оқушы өз ережесін айта бастады. Бәрі бірлесіп жасаған ережені құрып алып, тақтаға ілдік. Одан соң мен миға шабуыл стратгиясы бойынша оқушыларға күздің суретін көрсеттім! Бұл қай мезгіл деп сұрақ қойдым. Оқушылар күз деп жауап берді. Әрі қарай күзде қандай табиғат өзгерістері болатынын туралы сұрадым. Балалар біреуі күн салқындайды, құстар жылы жаққа ұшады, ағаштардың жапырақтары сарғаяды, адамдар жылы киінеді, жеміс-жидектер пісіп жетіледі деді. Осы аралықта мен жаңа тақырыпты аштым. Иә балабар, бүгінгі жаңа сабағымыз «Күздің кереметі» деген тақырып, ерекше кереметтерін суреттейтін Әдібай Табылдиевтің «Күздің кереметі» әңгімесімен танысамыз. Авторға мәлімет бердім. Одан кейін мәтінді мәнерлеп оқытым, оқушылармен бірлесе отырып, әңгімеге мазмұндық жоспар құрылды. Үш топқа тапсырма бойынша бағалау критерийлерін топтардың алдына үлестіріп түсіндірдім.

1-топқа. «Күз-байлық, молшылық» тақырыбына шағын әңгіме жазу.

2-топқа осы мәтінге бақшадағы жемістер жайлы сурет салу.

3-топқа «ребус шешу» (күз-мереке, күз-береке)

Әр топ берілген уақыт ішінде тапсырма бойынша ойларын оратға салып, бір-бірімен ақылдасып, суретін де сала бастады. Одан соң топ ішінен бір оқушы жасаған жұмыстарын ортаға шығып түсіндірді. Бұл тапсырма барысында мен оқушылардың жарыса ойларын ортаға салып жатқанын, бір-біріне ынтамен қарап, пірлесіп жатқанын байқадым. Тіпті бұрын сабақта өзімен-өзі болып отыратын оқушылар мағұлматты анық білмесе де, өзгенің айтқаның құлақ түріп, суретін мен салам берейінші деген ұсыныстарын да айтып жатты. Сабақтың арасында сергіту сәтін ұйымдастырдым. «Ойлап-топтас-талқыла» стратегиясы бойынша оқулықтан әр топқа мәтінді тауып оқыту. Бұл тапсырма арқылы мен оқушылардың мәнерлеп оқуын, жүйелі сөйлеуін жетілдіргім келді.

Одан кейінгі тапсырмам күз туралы мақал-мәтелдерді дәптерлеріне жаздырдым.

Соңында сурет бойынша күздің ерекшелігін әр топ қортындылап айтып берді: үй тапсырмасына күздің суретін салып келуді ұсындым. Оқушылардың сабақтан алған әсерлерін тақтадағы плакатқа стикермен жазып, жабыстыруын сұрадым. Оқушылар жаңаша өткізлген бұл сабақтың бұрынғы сабаққа қарағанда қызықтырақ екенін, уақыттың аз болғанын, жазып қалдырыпты. Оқушылардың сабақтағы ынтасынан мен жаңаша бастаманың алдағы уақытта жақсы әдіс боларына сендім.

 

Один комментарий

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше