Арманы асқақ оқушы.
Мен Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Сегізбай ауылы, «Тасбұлақ орта мектебі» КММ-де қызмет істегелі 15 жыл болды. Мамандығым сызу, технология, бейнелеу өнері пәндерінің мұғалімі. Білімім жоғары, І санатты ұстазбын. Осы уақыт аралығында менің алдымнан талай оқушы түлеп шықты. Солардың ішінде мен ерекше бір оқушыға тоқталғым келеді. Ол – тәрбиелі, өнегелі отбасынан шыққан оқушым: Мұқан Меруерт Ерманқызы. Қазыіргі таңда ол 9 – сынып оқушысы. Мен Меруертке 1 – сыныптан бастап ұстаздық етіп келемін. Ол кішкентайынан білімді, өнерлі оқушы болды.
Әсіресе өнерге деген сүйіспеншілігі ерекше. Барлық мектепшілік іс – шаралардың басы – қасында, жүлделі орындардың иегері болып Меруерт тұрады. Ол өте қабілетті және еңбекқор бала. Барлық ұстаздардың көзайымына айналған оқушы. Меруерт сурет өнеріне, қолданбалы өнерге өте бейім болды. Мерекелік концерттерде Меруерттің суреттері сахнаны нұрға бөлеп, жайнатып жібереді. Меруерт облыстық сайыстарға да көп қатысып, әркез жүлделі орын алып отырды. Облыстық жастардың дельфилік ойындарында «Сәне өнері» наминациясы бойынша алғыс хатпен марапатталды. 2012 жылы 1-қыркүйекте «Мөлдір бұлақ» журанлының бас редакторы Жанастан Кучукованың ұйымдастырған «Тәуелсізідк – тұғырым менің» атты бәйгеге қатысқаны үшін «Алтын жұлдыз» сыйлығының иегері атты дипломымен марапатталды. 2012 жылғы №8 санында «Мөлдір бұлақ» журанлына Мұқан Меруерттің «Менің ауылым» шығармасы, 2012 жылғы №10 санында «Мөлдір бұлақ» 9 сыынп оқушысы Мұқан Меруерттің «Табиғат көрінісі» атты жапсырмалау жұмысы жарық көрді. Меруерт қолөнерге үлкен қызығушылық танытып, бар ықыласын өз қолынан әр түрлі туындылар жасауға бұрған жан. Іс тігу, құрақ құрау, бисермен жұмыс істеу, жапсырмалау түрлерін шығармашылық жұмыстар жасау кезінде Меруерт алдына жан салмайды. Бисермен жұмыс істеу қажымас қайратты, талмас қанатты қажет етеді. Осыған қарамастан Меруерт бір іске кіріссе, оны соңына дейін жеткізгенше тыным таппайды. Бисерден жасаған шығармашылық жұмыс Облыстық, Өнер Мұражайында ұйымдастырылған «Жердің жүзін айнала» атты балалар шығармашылығы байқау – көрмесіне қатысып, дипломмен марапатталды. Құрбысына, сыныптастарына да мереке күндері өз қолынан шыққан бұйымдарын тарту етіп жүреді. Оның қолынан шыққан әр заты көздің жауын алады, достары да оған қызыға қарайды. Үйренгілері келіп, Меруертпен «Қылқалам шеберлері», «Алтын оймақ» үйірмелеріне қатысып келеді. Меруерт — өте көпшіл және өте мейірбан қыз. Өзі жасаған заттарының қандай қиындықпен, төзімділікпен, шыдамдылықпен келгенін түсінсе де, еш ренжіместен соның бәрін басынан бастап достарына ерінбей қайталап, көрсетіп, үйретіп, айтып, өзі қоса жасаудан бас тартқан емес. Мен Меруертің осындай жүрегінің кең, пейілінің таза, ниетінің ақ екенін көріп, келешекте аңсаған арманына қол жеткізеді деп сенемін. Меруерт менің жолымды қуып, еңбек, сурет пәнінің мұғалімі болсам деп армандайды. Бала жасынан бойына сіңген осындай қажырлы еңбегінің арқасында Меруерттің арманы орындалады деп ойлаймын. Меруерт – үйінде де балалардың ішінде бір ерекше, қабілетті бала. Жасынан анасының қасында отырып, тоқыма түрлерін де жетік меңгерген. Қазіргі кезде киіп жүрген телпегі, бөкебайы, қолғабы, күртешесін де өрнектеп өзі тоқып, бисермен сәндеп, көздің жауын алатындай етіп, жалт-жұлт еткізіп, моншақтар тағып безендіріп қойған. Өз қолынан шыққан бұйымдарға қарап еріксіз таң қалып, тамсанасың. Бұл да лкен өнер. «Өнерлі өрге жүзеді» деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. Жас шыбықты қалай баптап, күтіп өсірсең, кейін саясында солай дем алып, мейірің қанады, — демекші жасынан бойына тәлім-тәрбиенің қайнар көзін құйып, тек адамгершіліктің, инабаттылықтың мейірімін жанына сусындап өскен, білімге өнерге деген құштарлығыт бар жастар Қазақстанның болашағы емес пе?! Елімізде осындай шәкірттер көп болса, тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болады. Мен Меруерттің болашағы жарқын болатынына, Егеменді еліміздің бір бұрышын ойып тұрып орын алатынына кәміл сенімдімін.