Паскаль тілінде мәтіндік ақпараттарды өңдеу
Паскаль тілінде мәтіндік ақпараттарды өңдеу
Сөз тіркестерін өңдеуге арналған стандартты функциялар мен процедураларды түсіндіру
Сабақтың тақырыбы:Паскаль тілінде мәтіндік ақпараттарды өңдеу
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: Ізденімпаздық, шығармашылық
Технология: «Үш өлшемді жүйелі оқыту» Ж.А.Қараев,
Құзыреттілік тәсіл.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік:Сөз тіркестерін өңдеуге арналған стандартты функциялар мен процедураларды түсіндіру;
Дамытушылық: Шығармашылығын, алгоритмдік ойлау, оперативті шешім қабылдау дағдысын дамыту;
Тәрбиелік:Компьютермен жұмыс істеудегі біліктілігін және ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың көрнекілігі мен құрал жабдықтары:Жергілікті желімен жабдықталған компьютерлік сынып, MERITS жүйесі, проектор, экран.
ФункцияLength (s:String) : Integer;
Тіркестің ұзындығын анықтайды. Жақшаның ішінде тіркестік типтегі айнымалы болуы қажет немесе апострофқа алынған тіркес, нәтиже бүтін сан болады.
Мысалы:
S:=’monitoring’;
Yz1:= length (S);
Yz2:= length (‘тарих’);
Нәтижесінде «Yz1» айнымалысының мәні 10-ға, ал «Yz2» айнымалысының мәні 5-ке тең болады.
Length(`Aта-ана`)=? Length(`Алаш`)=?
Length(`Отан`)=? Length(`Атамекен`)=?
Функция Copy(s:string, x:Integer, n:Integer): String;
s тіркесіненің x нөмірлік (позициялық) символынан бастап қатар тұрған n символ көшіріліп алынады.
Мысалы: Copy(‘Tomiris’,3,3)=’mir’;
S:= Copy(S1,4,2);
Нәтижесінде S1 тіркесінің 4-ші нөмірлі символынан бастап 2 символ көшіріліп алынады.
Copy(‘Sabalak’,3,4)= ?
Copy(‘Sultan Beibars’,11,3)= ?
Copy(’22 nauryz’,2,3)= ?
Copy(’1004+405’,4,4)= ?
