Акжаркенова Күнзира Нариманқызы.
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы
Еңбекші орта мектебі. Бірінші санатты
ағылшын пәні мұғалімі.
Жоспарланған тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған сабақ бойынша рефлективтік есеп
Рефлективтік есептің мазмұны. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бұл оқудың нәтижесінде мен көптеген мәліметтер алдым.Жеті модуль бойынша қалай оқыту қажеттігін үйрендім. Соның ішінде бірінші модульға тоқталар болсам, білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерді біз әрдайым жандандырып, жанартып отыруымыз қажет. Қалай оқыту керек екенін түсінуіміз қажет. Өмір бойы өзін-өзі оқытудың қажеттілігін мойындау және оның әдістерін таңдау білім берудің негізі. Біз күнделікті өмірде білім алып, білім алуды үйретуіміз қажет. Осы оқыту негізіндегі факторларға тоқталар болсам, оқушылардың білім алудағы үдерісін түсінуі, нені оқу керектігін үйренуі, өзін-өзі реттеуі, оқу нәтижелерін бағалауды игеруі. Оқушылармен жұмыс жасау барысында олардың пайымдаулары, көзқарастары мен білім деңгейлерін анықтап алу қажет. Оқушылардың нені игере, нені игере алмайтындығын бақылау арқылы әртүрлі әдістерді пайдалана аламын. Оқушылар өздері оқудың қажетті екенін, оны өмірде де өз қажетіне қолдана білу керек екенін сезінуі керек. Сонда ғана олардың оқуға деген ынтасы артады. Алайда оқушы тек қана жаттап алатын болса, онда ол емтихан немесе сабақ аяқталған соң ұмытып қалады. Сондықтан олар өздері оқудың қажеттігін түсінуі қажет. Олар өздерінің алдыңа мақсат қойып, өз ойларын еркін айта білуі қажет. Оқушылар өз ойларын айта алады, пікірлесе отырып, оқуды түсінеді. Осы мақсатта біз өз оқу жүйемізді енгізуіміз қажет. Алда тұрған жұмысты жоспарлау мен мақсат қоя білу арқылы, оқушыларды ынталандырамыз және де оқушылардың барлығын, белсенді ете аламыз.Мен сабақ жоспарын құрған кезімде әріптестеріммен ақылдасып, талқылап барып құрастырдым.Сабақтың жоспарында мақсаты мен ниетін оқушыларға түсінікті етіп жазылды.Оқуды оқушылар жүзеге асырады. Үдеріске өздері қатысады.Тренинг өткізген кезде оқушылар өз идеяларын айтып,өздерінше ұйымдастырды.Мыс: бірінші сабақта олар «ақылды терек» тренингін ұйымдастырдым.
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер нәтижесінде бір біріне жақсы көңіл сыйлап,сабақ көңілді басталды.Оқытуда бірінші баланың өзін-өзі реттелуіне жағдай жасап, үйрету қажет. Оқушыны оқуда белсенді ету үшін оның нені білетінімен, нені білмейтіндігіне көңіл бөлуіміз қажет.Олар тапсырманы сабақ барысында өздері таңдайды.Сыныпты топқа бөліп оқытудың да өз нәтижесі бара.Топ ережесі өз қолдарымен жазылып,әркім өз ойын ортаға салды. Содан кейін сабақтың соңы формативті бағаланалатыны,ынталандырудың болатынын айтып,бағалау крийтерияларын жаздық.Әр оқушы өз алдына мақсат қойып,өз беттерінше оқиды. Оқушыға әртүрлі сұрақтар мен тапсырмалар беру барысында оларды орындауына уақыт бөліп, тыңдап, түсіністікпен қарап, бірін-бірі оқытуына мүмкіндік берген жөн. Сонда ғана оқытуда оқушылар өздеріне деген жауапкершілкті сезінеді, өзіне деген сенімі күшейіп, оқуға деген белседілігі артады. Білім үдерісінің нәтижелі болуы оқушының өздігінен меңгеріп, өзі үшін оқу керектігін түсінуі болып табылады. Оқушылардың өткен тақырыптардан алған білімі жаңа материалдарды игеруде бастау болатыны белгілі. Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрап тексеріп шықтым.Үй тапсырмасына Әр топқа бөлек тақырып беріліп,мағынасын ашу болатын. . Жаңа тақырыпты игерту барысында өткенмен байланыстырып, оқушылардың тақырыпты ашуына септігімізді тигізуіміз қажет.Ол үшін сыни ойлауын қалыптастыратын тапсырма беремін.Мыс:сөзжұмбақ арқылы сабақтың тақырыбын табу.
Әр сабақта оқушылар сабаққа белсене қатысады, бір-біріне кеңес береді, идеялармен алмасады, өз алдарына мақсат қояды, өз пайымдауларын айтады, сұрақтар құрастырады, қателерін тексереді және де олар қателер оқудың бір бөлігі екенін түсіне отырып, тәуекелге барады. Яғни оқушыларда дағды мен білім қалыптасады. Оқушылар оқу үдерісінде қызығушылықпен белсене қатысқан кезде ғана жаңа материалды терең меңгеруіне жол ашылады. Осыған қарап менде оқушы нені қалайтынын, не жасағысы келетінін түсінуге тырысамын. Көбінесе оқушыларға бірін-бірі оқытуына мүмкіндік берген дұрыс.. Оқушылар өз қолдарымен жасап көрсе, талқыласа, бір-біріне білім берсе көп жетістікткерге жетеді.. Мен бұл пікірмен келісемін, өйткені өзімнің іс-тәжірибемде байқадым. Сабақ соңында оқушыларға рефлекцияны ынталандыру, өз ойларын қорытып айту, алған білімдерін қорытындылау үшін беремін. Бұның да өз кезегінде оқытуда көп көмегі тиеді.Қазіргі заманғы қарқындап дамып келе жатқан үздіксіз білім алу қажеттілігі бізден тәуелсіз оқи білу қабілетін талап етеді. Қорыта келгенде оқу оқушылардың қалай ойлайтынын әрі оқитынын қадағалау, бағалау, бақылау және өзгерту қабілетін дамытудан тұрады. Олар өздері оқудың әртүрлі әдістерін түсіну арқылы, яғни өздеріне сұрақ қоя отырып, білім алуға үйренеді. Мен іс-тәжірибе барысында осыған көз жеткіздім. Сыни тұрғыдан ойлау кезінде – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты, ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім екенін білеміз. Мен өз іс-әжірибемде сыни тұрғыдан ойлау әдісін көп қолдандым. Ол оқушылардың ойлана білуіне, өз оқуына таңдау жасау, басқалардың идеяларына күмәнмен қарау қабілеті ретінде түсіндіріледі. Сыни тұрғыдан ойлау әдісі оқушының ойын дамытуға көп көмегін тигізетінін байқадым. Мен сыны тұрғыдан ойлау әдісін көбінесе жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында қолдандым. Сабақ барысында үй тапсырмасын орындағаннан соң оқушылардың өздері жаңа тақырыпты ашуына байланысты тапсырмалар беріп отырдым. Бұл әдіс оң әсерін беріп отырды. Сабақ барысында кездескен сұрақтарды, кедергілерді қалай жою керектігін оқушылардың өздерімен пікірлесу арқылы дамытып отырдым. Оқушыларға тақырыпқа қатысты «Сен қалай ойлайсын?» дегендей сұрақтар бере отырып, олардың ойлау деңгейін бақыладым. «Өз жерімізді, табиғатымызды қалай қорғаймыз?»деген сұрақ қойғанымда, олар әртүрлі деңгейде жауап қайтарды. Тәжірибе барысында да суреттерді пайдалана отырып әңгімелер құрастыру, эссе,шығарма жазу олардың сыни тұрғыдан ойлауы дамитынын байқадым. Әсіресе ортаға ой тастап отырсам, олардың сабаққа деген қызығушылығымен жауап беру кезіндегі белсенділігі артқанын байқадым. Яғни сыни тұрғыдан ойлау әдісін сабақта пайдалану жақсы жетістіктерге жеткізеді деген ойдамын. Мен өз іс-тәжірибемде байқағанымдай оқушылардың пәнге деген, оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында келешекте осы әдісті көбірек қолдансам деген ниеттемін. Өйткені оқушылардың ойлау деңгейі әртүрлілігіне байланысты, әрқайсынан әртүрлі идеялар шығады. Олар идеяларға күмәнмен қарай отырып, ақпараттың дұрыс немесе бұрыс екендігіне қол жеткізеді. Пікір алмасады, өз пікірін дәлелдей алады. Қарама-қарсы айтылған пікірлерді сыни тұрғыдан ойлай отырып, шеше алады. Дұрыс және нанымды жауаптарды қайтаруды үйренеді. Дәстүрлі оқытуда біз көбінесе оқушылардың ойларын тыңдай бермейміз. Олардың қалай ойлайтыны бізді ойлантқан емес. Ал, осы сыни тұрғыдан ойлауды дамытуда біз олардың пікірлерін тыңдап, өзгелердің де пікірін тыңдай білуіне жағдай жасаймыз . Сыни тұрғыдан ойлау әдісін өте аз мөлшерде пайдаланамыз, ендігі ойым келешекте осы әдісті қолға алу. Әр сабағымда пайдаланамын деген ойдамын. Сыни тұрғыдан ойлау баланың оқуға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, кез келген нәсені бақылап, талдай алатын, озық ойлы, білімді, өзін-өзі реттей алатын тұлғаны тәрбиелеуде көп көмегін тигізеді. Мен оған сенімдімін, өйткені өткізген іс-тәжірибемнің арқасында осыны байқадым. Келешекте осы әдісті пайданлана отырып көптеген жетістіктерге жететініме сенімдімін. Оқыту мен оқудың жаңа тәсілдері оқыту білім сапасын арттыруға көп көмегін тигізеді деп ойлаймын. Яғни диалогтік оқыту баланың білімін жетілдіруде көбірек қолданылады. Біз көбінесе диалогтік оқытуды сұрақ – жауап ретінде қолданамыз. Әсіресе ағылшын пәні бойынша тіл дамыту кезінде немесе басқа тілді үйрену барысында көп көмегі тиеді. Ы. Алтынсарин: «Балаға айтып түсіргеннен гөрі , қолымен ұстап, көзімен көріп, мұрнымен иіскеп түсіндірген сабақ ұғымды » деген.
Әр сабақта бала теорияны меңгерумен қатар тәжірибе жүзінде де қалай жасау қажеттігін ұғынуы керек. Тәжірибелік жұмыс жасау барысында көптеген сұрақтар туындайды. Оқушылар өзара пікірлері мен болжамдар айта отырып, бірлесе жұмыс жасайды. Жұмыс жасау барысында оқушыларға көптеген сұрақтарды қоюға болады. Мысалы айта кететін болсақ кез келген сабақтың басталуы сұрақ – жауаптан тұрады. Сұрақтардың берілуіне байланысты оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруға болады. Яғни сабақ барысында «Оңай және қиын сұрақтар» кестесін қолдау арқылы сұрақтар қояды. Оқушы мен мұғалім арасында жақсы қарым-қатынас орнайды. Диалогтік оқыту оқушы мен оқушы арасында да туындауы мүмкін. Мұнда оқушылар бір -біріне сұрақтар қояды. Бір-бірінің жауабына қанағаттанбаса, қосымша да сұрақтар беруі мүмкін. Диалогтік оқыту оқушылар арасындағы пікірталас кезінде көп туындайды. Мұнда оқушылар бір – бірінің жауаптарына қосымша сұрақтар қоя отырып, өз пікірлерін қорғауға қатысады. Оқушылар бір – бірімен әңгімелесу, яғни пікірлесу арқылы диалог құрады. Сабақ кезінде оқушылар берілген тапсырманы орындау барысында бір-бірімен сұхбат жүргізеді. Яғни талқыға салады. Ойдан ой туындайды, идеяларын бөліседі, онысын дәлелдеуге тырысады, бір-бірімен келіспейтін кездері де болып жатады, яғни өздерінің бойына сенімділік ұялап, сабаққа деген ынтасы артып, өздеріне деген жауапкершілікті сезінеді. Мұның барлығы диалогтік әңгіме болып табылады. Оқушыларға ойын кеңейтетін, яғни ойын дамытатын тапсырмалар беріп отырсақ, онда олардың ойлау деңгейлерін көтеріп, сөйлеу дағдыларын арттырамыз деген ойдамын. Сабақ соңындағы кері байланыстың өзін де диалогқа жатқызуға болады. Олардың бұл сабақтан алған білімдері мен сабаққа қатысты ойларын сұрау арқылы да біз диалог құрамыз. Сабақ кезінде мұғалімнің сұрақ қойғанынан гөрі оқушының оқушыға сұрақ қойғаны дұрыс деп есептеймін. Өйткені оқушылар сыныптасының қойған сұрағына қызығушылықпен жауап береді. Мұндай сәтте жауап дұрыс болмай қалған жағдайда «басқа жауап беретін оқушы бар ма?», деп мұғалімнің қайта бағыттауына болады. Егер оқушылардың жауабы дұрыс болмай қалған жағдайда сұрақ қойып отырған оқушы өз ойын ашық білдіріп, мысалдар келтіре отырып, түсіндіріп береді. Яғни оқушылар арсында пікірлесу, әңімелесу, ой бөлісу арқылы сабаққа деген қызығушылық артады, білім беруді қиындататын қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтайды, жояды. Оқуды тиімді бағалау білім беру үдерісіндегі жаңа тәсілдердің барлығымен байланысты. Бағалау оқыту барысында ілгерілеу қадамдарын айқындау мен қолдау көрсету үшін қажет. Оқушылар алға қойған мақсатқа жету үшін, сол мақсатқа жету өлшемдерін түсінуі қажет. Өйткені кез келген істі жасған кезде оған критерийлер қойып, сол талаптар арқылы өзін-өзі бағалайды, «мен осы қойылған талаптарға сай жұмыс жасадым ба?, қандай дәрежеде орындадым?» – дегендей сұрақтарды өздеріне қойып, жақсы жетістікке жетуге, алға қарай ілгерілеуге қадамдар жасайды. Бағалау – одан арғы, білім алу туралы нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин деп нұсқаулықта көрсеткен. Яғни, бағалау оқыту мен білім берудің ажырамас бөлігі екенін білеміз. Сондықтан біз оқытуды бағалау білім беруді жетілдіру болып табылатынын түсінуіміз қажет. Оқу үдерісінде әр кезде әртүрлі бағалауды қолданамыз.Бағалаудың екі түрі қарастырылған: формативті бағалау және жиынтық бағалау. Формативті бағалау оқыту үшін бағалау болып табылады да, ал жиынтық бағалау оқытуды бағалау болып табылады. Жиынтық бағалауды оқудың қорытындысын шығаруда, оқудың алға ілгерілеуін тіркеу мақсатында қолданамыз. Оқыту үшін бағалауда оқушы өзін-өзі реттеу арқылы өз білім деңгейін бағалайды, білімін жақсартады, сабаққа деген белсенділігі артып, қызығушылығы оянады, өзін-өзі, бірін-бірі бағалауды үйренеді. Мен өз іс-тәжірибемде көбінесе оқушыларды өзін-өзі, бірін-бірі бағалауына баса назар аудардым. Өйткені оқушы өзін-өзі реттей отырып, өз білім деңгейін анықтайды, өз білімін басқалармен салыстыруды үйренеді. Қате кеткен жерлерін түсініп, әділ бағалауды үйренеді, дағдыланады. Балаларға әртүрлі бағалау әдістерін қолданып көрдім. Мұндағы мақсатым, оқыту үшін бағалауда қайсысы ыңғайлы. Алғашында бағалау кездерінде қиындықтар болды, оқушылар өздеріне жоғары баға беріп, бірін-бірі көтермелеп қойды. Сабақ барысында оқушылар бағалаудың маңыздылығын түсінді. Бағалағанда сөз мәнері, идеялары, өз ойларын дұрыс жеткізе алуы, тәртіптері, ережені сақтауы т.б. қарастырылса, бірін-бірі бағалағанда дәптерде жазылған жауаптарының дұрыстығына, қатесіз жазылуына, яғни критерийлерге сүйене отырып бағаланса, өзін-өзі бағалағанда оқушыда әртүрлі сұрақтар туындайды. «Мен өз ойымды жеткізе алдым ба?», «жауабымның дұрыстығына нақты дәлелдер келтіре алдым ба?», «қаншалықты?», «мен жаңа тақырыпты қандай деңгейді меңгердім?», «қаншалықты белсенділік таныттым?», «өзгелердің пікірін тыңдай алдым ба?», «неге үй тапсырмасын орындауда салғырттық таныттым екен?». Осының нәтижесінде бала жауапкершілікті сезінді, өз білімін жетілдіру қажеттігін түсінді, талдау жасауды, өз білімін басқалармен салыстыруды, білім алу барысында шешімдерді қабылдай білуді үйренеді, дағдыланады. Білімін жақсарту үшін бағлауды түсінді. Оқушыларды бағаламас бұрын ол оқушы нені біледі, нені білмейтінін анықтап алу қажет. Көбінесе тапсырманы бере отырып, олардың іс-әрекетін, өзара әңгімелерін, пікірлерін, жауаптарын тыңдап, бақылап отырдым және де оқыту үшін бағалау қорытындысына сүйене отырып, баланы ары қарай дамытуды ойластырдым. Оларға білім алу үшін бағалауды үйренуі қажет екенін, ол өзінің білімін жақсартуына көмекші екеніне талдау жасалынды. Бұл ары қарай өзінің нәтижесін, білім деңгейін көтеру үшін не істеу қажеттігін түсінуіне мүмкіндік береді.Ынталандыруда қол шапалақтау,тәтті таратуды да қолдандым. Қорыта келгенде бағалаудың оқушылардың өзін-өзі бағалауы, оқуға деген қызығушылығын арттырып, білім алуға көп көмегін тигізеді, өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатынын түсінеді. Қазіргі уақытта білім беру үдерісінде ақпараттық –коммуникациялық технологияларды қолдану қажеттілігі туып отыр. Осыған байланысты білім берудегі әдіс-тәсілдер жаңарып отырады. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану қазхіргі кездегі заман талабы болғандықтан оған басты назар аударуымыз қажет. Жаңа ақпараттық технологияларды білім беру үдерісінде қолдану біршама жетістіктерге апаратын жол. Яғни ақпараттық-коммуникациялық технология білім беруде маңызды құрал деп айтсақ та болады. Басты мақсат ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жетік меңгеру және оқушыларға меңгерту. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану мұғалімге де оқушыға да қолайлы. Біз сабақта теория мен практиканы ұштастырамыз. Бұл екеуі бір-бірімен өзара тығыз байланыста болады. Тәжірибелік жұмыс жасау барысында бала теориялық білімін шыңдайды. Конфуций: «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтаймын, өзіме жасатсаң — үйренемін» деген. Конфуций айтпақшы бала қолымен жасағанда ғана жақсы түсінеді, есте сақтайды. Сондықтан да сабақта АКТ пайдалану қажеттілігі туындайды. АКТ-ні тек қана сабақ кезінде ғана емес, сабақтан тыс уақытта да қолданамыз. Өйткені кез келген деректерді интернеттен алуымызға мүмкіншілігіміз бар. Қазіргі кезде қашықтан оқыту тәсілі қолға алынған. АКТ-ны сабақта қолдану оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттырады, сыни ойлауға, басқалармен ой бөлісуге, өз тәжірибесін шыңдауға, АКТ пайдалану машықтарын арттыруға көмектеседі. Электронды оқулықтар мен тесттер барлығын оқушы өз кезегінде пайдалана алады. Өз білім деңгейін анықтап, салыстырып отырады. Дарынды балаларды әр түрлі жағдайда анықтауға болады. Менің өз сабақтарыма тоқталсам баланың жұмыс жасау барысын бақылау арқылы оның икемділігін, қабілетін байқаймын . Оқушының дарындылығын үйге берілген тапсырманы тексеру барысында да анықтауға болады. Әр түрлі программаларды интернеттен жүктеп алып, өздері үйренеді, білмегенін сұрап, айтып отырады. Оның пәнге деген қызығушылығы басым келеді.. Өз білімін жетілдіре отырып, өзін-өзі реттей алады. Жоспар құрып, шығармашыл, проблемаларды шешуде балама шешімдерді көріп, дұрыс шешім қабылдай алады. Дарынды және талантты балалардың ашылуына семинарлар, дебат-клубтар, өнер фестивальдері септігін тигізеді.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолдану арқылы заман талабына сай құзырлы, өз мені бар оқушыны қалыптастырамыз деп ойлаймын. Бағалау критерийлері:
Топ басшысының топ мүшелерін бағалау бетшесі.
|
Түсіну дәрежесін бағалау. Рефлексивтік есеп
Тәжірибе кезінде өткізген сабақтардың барлығында да оқушылардың тұжырымдамалық түсінуін дамыту үшін сабақ кезінде қойылған немесе берілген тапсырмаларға байланысты берген жауаптарын оқушының өзінің білімі мен тақырыпты түсінуі үшін тиімді қолданып отырдым. Әр сабақта мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасында тоқтамайтын кері байланыс болады. Осы байланыстар арқасында мұғалім-оқушының, оқушы- мұғалімнің, оқушы-оқушының қандай сұрақтарға жауап алғысы келгенін,қандай мәліметті алғанын, қаншалықты түсінгенін біліп отырады. Сол әрекеттерді жіті бақылауда ұстай отырып,олардың жауаптары мен сұрақтарының қойылу бағытын зерттей отырып,сабақтың келесі сатыларында немесе келесі сабақтағы тапсырмалар мен негізгі мәліметтерді түсінуі және талдауы үшін қойыларын сұрақтар мен тапсырмаларды нәтижеге жететіндей етіп әзірлеймін.
Оқушылар үнемі сұрақтарға қысқаша ғана жауап беруге дағдыланып кеткендігі белгілі,осындай олқылықты жою үшін,мен сабақты жоспарлаған кезде,олардан қалайда жүйелі жауап ала аламын,оларға жүйелі,өз ойларын жинақтап жауап беруі үшін мен қандай сөздерді,сауалдарды қолдана аламын деп ойланамын.
Сабақ басталған кезде өтілген сабақты пысықтап,берілген оқу,жазу жұмыстары тексерілген кезде,олардың барлығын бірдей бағалай алмайсың.
Себебі,кейбір оқушы өзі оқып,өзі жазып жұмыстанғандығы көрініп тұрады. Оларды еңбектенген жұмысын және қосымша мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап беруімен қоса есептеп,бағалауға болады. Ал,кейбір оқушы оқуды орындамай тек жазба жұмысын ғана орындап,қосымша тапсырмаларға жауап бере алмай қалады. Мұндай оқушыны дәл осы сәтте бағалау мүмкін емес. Ондай оқушыларды сабақтың келесі кезеңдерде тапсырмалар орындата отырып,бағалауға болады.
Сабақта оқушылардың нені үйренгенін бағалау үшін,оқушыларға төмендегідей сатыда құрылған сұрақтар қойдым: Жерге неге қауіп төнуде?
-Оны қалай байқадың?
-Осы тақырып бойынша постер құрастыр.
-шағын әңгіме құрасытырып айт.
-Өтілген жаңа сөздердің аудармасын дәптерге жазып бер.
Осындай сұрақтарды пайдалана отырып,оқушылардың негізгі білімді қаншалықты меңгергендігін тексере отырып,бағалаймын.
Оқушылардың білім деңгейі әр түрлі болғандықтан сабақта олардың мүмкіндіктерін ескере отырып,тапсырмалар мен сұрақтарды арнайы дайындап бердім.
Сабақта оқушылар біліміне қарай дайыналып қойылған сұрақтар мен тапсырмалар:
Үлгерімі төмен оқушыға:
-тақырыптағы қоршағын ортаға байланысты сөздерді теріп жаз.
-қысқаша сөйлем құрастырып көр..
-Өз сыныптасыңа сурет бойынша сұрақ қой.
Үлгерімі жоғары оқушыға:
-Мәтінді оқы.
-Мәтінде не туралы айтылған?
-Сөйлемді тақтаға жаз.
-Осы мәтінге ұқсас қандай әңгіме білесің,айтып бер.
-тақырыпқа байланысты мақал мәтел айтып бер.
Оқушыларға осындай тапсырмалар,сұрақтар бере отырып,олардың қабілеттерін арттырып,білімдерін бағалаймын.
Жекелеген оқушылардың қажеттіліктерін ескеру үшін,олардың сабаққа қатысуын,белсенділігімен,жұмыс нәтижелерін қадағалап,ол оқушымен жиі пікірлесіп отырамын.осындай бақылаулар арқылы мен оларға қоюға болатын сұрақтарды таңдауда қиналмаймын. Кейбір оқушылар жұмысты орындауды қиынсынып,тасада үндемей отырып қалуға бейім болады. Мен сондай оқушыларды жұмыстан тыс қалмауы үшін,оған оңай келетін тапсырмамды бере отырып,мәселені осылай шешіп жіберемін.
Оқушыларыма негізгі ұғымдарды меңгерту кезінде оқушылардың ойлау қабілеттерінің жоғарғы деңгейде болатындай жауаптар алу үшін,қосымша сұрақтар қоюды үнемі пайдаланамыз.
Мысалы;
—Экология ненің әсерінен ластануда?
— егер сен басшы болсаң қандай шара қолданар едің?. Осындай сұрақтар қойғанда және сұрақтарға жауап бергенде оқушылар негізгі ұғымды кеңейтілген көлемде түсінеді. Оқушылардың жоғары деңгейдегі ойлауын қалыптастыру үшін кең көлемді сұрақтар қоюға болады..
Алдағы уақытта да сабақ кезеңдерінде оқушылардың түсіну дәрежесін жетілдіре түсетіндей сұрақтар мен тапсырмалар беруді одан әрі дамыта беремін. Бұл менің жұмысымның нәтижесін жақсартады.Оқушының бойында қалыптасуға тиісті дағды мен шеберлік мемлекеттік стандарт талабына сәйкес болу үшін мұғалім оқу-білім үрдісінде қиындықтарды жоюға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізу арқылы білім сапасын арттыруға болатынына көз жеткіздім.