Күннің жылдық қозғалысы.Күн жүйесінің құрылысы туралы ежелгі ғалымдардың көзқарастары

Жұмағазиева Халила Ибатоллқызы
Атырау облысы, Мақат ауданы,
Абай атындағы орта мектеп.
Жоғары санатты физика пәнінің мұғалімі

 

2 апта 5 күн 4сабақ
Сабақтың аты Күннің жылдық қозғалысы.Күн жүйесінің құрылысы туралы ежелгі ғалымдардың көзқарастары
Сілтеме Оқулық, сабақ жоспары, есептер жинағы, презентация, ресурстар
Жалпы мақсаты -Күн жүйесінің қозғалысы, Күннің эклиптика бойымен қозғалысын, геоцентрлік жүйе және гелиоцентрлік жүйе туралы мағұлымат беру; -Күн жүйесі құрылысы туралы сынй ойлауын дамыту;
Оқыту нәтижесі -Күн жүйесінің құрылысы және ол туралы деректерді, Күннің қозғалысы , зодиак белдеуі туралы түсініктерін қалыптастыру; -Тапсырмалар орындауда қолдану;
Негізгі идеялар

Шын мәніндегі Күннің қозғалысы.

Гелиоцентризм идеясы Н.Коперниктің гелиоцентлік идеясының жаратылыстану ғылымдарының дамуындағы аса маңызды рөлі.

Дереккөздер Астрономиялық энциклопедия,  ресурс,Астрономия-11сынып 2004ж.Бұл не?Ол кім? балалар энциклопедиясы. Физика-7сынып
Тапсырмалар

1.ЖИГСО-2 стратегиясы:

1-топ.Дүниеге геоцентрлік көзқарастың дамуы

2-топ.Әбу Райхан Бирунидың гелиоцентристік

көз қарасы

3-топ.Николай Коперниктың гелиоцентрлік

жүйесі

4-топ.Қазіргі кездегі Күн жүйесі турал түсінік

2.СУРЕТ пен ЖҰМЫС стратегиясы:

1-топ. Зодиак белдеуінің суретін салып

оны 2-топқа түсіндіреді.

2-топ.Геоцентрлік жүйенің суретін

салып оны 3-топқа түсіндреді.

3-топ.Гелиоцентрлік жүйенің суретін салып

4-топқа түсіндреді.

4-топ. Күн жүйесінің қазіргі кездегі сызбасын

салып 1-топқа түсіндіреді.

Кейінгі тапсырмалар  
   

 

Мұғалім жазбалары:

Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасып, жаңа топпен отырғызып

зейіндерін сабаққа аудару-2минут

 

А.Үй тапсырмасын тексеру Сұхбат стратегиясы

Оқушылар бір-біріне сұрақтар қоя отырып жауап

береді -5минут

Сұрақтар:1.Барлық 8-планета Күнді айнала қандай орбитамен

қозғалатындығын байқадыңдар?

 

2.Көршілес орбиталардың арақашықтығы Күннен

алыстаған сайын арта түст і ме?

3.Ең ұзақ жол жүретін қай планета?

4.Өз осінен айналу бағыты Күнді айналу бағыты мен сәйкес

келетін қанша планета бар?

9-тапсырма бойынша оқушылар жұмысын тексеру-3минут

Б.Жаңа тақырып бойынша ақпарат беру-7минут

Күнді бақылай келе, ғалымдар ерте кезден-ақ жұлдыздар арасында

қозғала отырып,бір жылда эклиптика бойымен бір айналым жасайтындығын байқаған.

Эклиптика зодиак шоқжұлдыздары деп аталатын12 шоқжұлдыз арқылы өтеді. Грекше зодиакос куклос- жан-жануарлар дөңгелегі

деген сөзден шыққан екен.

Олардың саны бір жыл ішіндегі айлар санына сәйкес келеді,ал осы шоқ-

жұлдыздардың жиыны зодиак белдеуі деп аталады.Күн зодиак шоқ-

жұлдыздарының әрқайсысында бір ай шамасында болады.

Күн эклиптика бойымен жылжи отырып, аспан экваторын екі рет

қиып өтеді.

21 наурыз және 23 қыркүйек- күн мен түннің теңелу күні.

Күн мен түннің көктемгі теңелу нүктесі Балықтар шоқжұлдызында

ал күзгі теңелу нүктесі Таразы шоқжұлдызында.

Аспан экваторын аспан көкжиегі қақ бөледі де көкжиек астындағы

және үстіндегі Күн жолдары тең болып яғни күн мен түннің ұзақты-

ғы бірдей болады екен.

22 маусымда Күн экватордан солтүстікке қарай мелінше қашық

орналасады.

Бұл ең ұзақ күн –жазғы Күн тоқырауы деп аталады.

22 желтоқсан Күн экватордан оңтүстікке қарай ең алыс қашықтық-

та болады.

Бұл ең қысқа күн-қысқы Күн тоқырауы күні.

Шын мәнінде Күннің эклиптика бойымен жылдық қозғалысы жалған

көрніс болып табылады.Ол біз Күнді бақылаған кезде санақ денесі ретінде Жерді таңдап алғанымыздың салдары.

Күн-жұлдыз. Күн өзінің маңайындағы планеталардың қозғалыс бағытымен өз осін айнала қозғалады.

 

C.1 Топтық жұмыс Жигсо-2 стратегиясы бойынша-8минут

Топ мүшелері топ басшысын сайлайды-ол топты басқарады.

Бір оқушы топ ішінен тайымкипер-уақытты есептеп

айтып отырады.

Топ ішіндегі қалған оқушылар бақылаушы болады.Топ өзіне берілген

тапсырманы талдап талқылайды Таимкипер уақытты айтып отырады.

Уақыт-5минут

Содан кейін топ мүшесінің біреуі берілген тапсырманы басқа топқа барып түіндіреді.Бұнда да таимкипер уақытты айтып отырады.

Уақыт-3минут

2Топтық жұмыс. Сурет пен жұмыс стратегиясы-10минут

Топ мүшелері өздеріне берілген тапсырманы орындайды содан кейін тақтаға іледі, оны басқа топ мүшелеріне түсіндіреді.

 

3Рефлексия жазу-3минут.

Әр оқушы бүгінгі өтілген сабақ туралы не ұнады не ұнамады нені жақсы түсінді нені түсінбеді соны жазу керек. Аты –жөнін көрсету міндетті емес.

 

БАҒАЛАУ критерийлері:

 

5-бағасы үй тапсырмасын орындаған, және жаңа сбақтың тапсырмаларын түсініп орындаған оқушыға қойылады. Күннің жылдық қозғалысы туралы, Күн жүйесінің құрылысы туралы геоцентрлік және гелиоцентрлік жүйелер туралы ғалымдардың көзқарастарын талдайды ойын жинақтап пайымдайды;

4-бағасы үй тапсырмасын толық орындамаған ,жаңа сабақтың тапсырмаларын түсініп орындаған оқушыға қойылады. Күннің жылдық қозғалысы,Күн жүйесінің құрылысы туралы ғалымдардың көзқарасын,олар ұсынған жүйелер туралы біледі,түсінеді,қолданады.

3-бағасы Күннің жылдық қозғалысы туралы, Күн жүйесінің құрылысы туралы біледі.

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ:-2минут

№ Оқушының аты-жөні Үй тап. бағалау Өзін-өзі бағалау Критериал-ды баға Жиынт-ық баға
1 Балғали Гүлназ 4 5 4 4
2 Ғарифолла Жайнагүл 4 5 4 4
3 Ғинаятова Данагүл 5 5 5 5
4 Денмент Гаухар 5 5 5 5
5 Едгеева Бақтыгүл 5 5 5 5
6 Ерғазиев Сопыаллаяр 4 4 4 4
7 Жақып Мұхаммедамин 4 4 3 4
8 Жәнібек Нұрдаулет 3 4 3 3
9 Кенжеғалиева Диана 4 5 4 4
10 Кенжесова Малика 4 5 4 4
11 Қарылданова Жанна 5 5 5 5
12 Өтепқалиева Айымгүл 5 5 5 5
13 Серікғалиев Жайбол 4 4 3 4
14 Серікова Айсұлу 5 5 5 5
15 Төралиев Қуанышбек 5 5 4 5
16 Тілесбаев Мейірбек 3 4 3 3
17 Ұзақова Айгерім 4 5 4 4
18 Ырзуанов Қасымжан 4 4 4 4

 

Сіздер аспан денелері туралы бұрыннан естіп біліп жүрсіздер және

бұл өте қызықтыратынын білемін.

Олай болса Күн жүйесінде неше планета бар?

Ол планеталарды реті бойынша айтып беру керек.

йна

Күн жүйесіндегі 8планета Күнді эллипстік орбиталар бойымла111ен айналып жүреді.Құралсыз көзбен 5 планетаны Меркурий,Шолпан,Марс,Юпитер және Сатурынды көруге болады.Сыртқы түріне қарап планетаны жұлдыздан ажырату оңай емес және жұлдыздардай жарық бола бермейді.

ПЛАНЕТА-деген сөз гректерден қалған қ ыд ы р м а шырақтарды атауына байланысты айтылған.

Планеталар аспан сферасының тәуліктік қозғалысына қатысады сонымен қатар шоқжұлдыздар аясында ығысатын шырақтар қатарына жатады.Планеталар туралы қазақ халқыныңда өзіндік түсінігі бар.Мысалы Меркурийді Кіші Шолпан деп атаса Юпитерді Есекқырған деп атаған екен.Біз Жер планетасының тұрғындарымыз сондықтан Жерге қатысты жағдайларды білеміз көріп жүрміз.Жер 71%судан тұратын планета сондықтан көгілдір болып көрінеді.

С 1.ПРЕЗЕНТАЦИЯ -әр топ өздері дайындаған жұмыстарын

қорғайды- барлығы-13минут

2.СҰРАҚ-ЖАУАП –7минут

1.Күнге ең жақын планета

2.Өз осьтерінен барлық басқа планеталар айналатын бағытқа

қарсы айналатын планеталар

3.Болпан атанған планета

4.Диаметрі Жерден 2 есе кіш планета

5.Жыл мезгілдерінің ауысы болатын планеталар

6.Планеталар Күнді айнала қозғалатын орбита

7.Марс планетасын қазақ халқы қалай атаған

9.Қазақша аталуы Есекқырған деп аталған планета

10.Массасы Жерден 300есе үлкен планета

11.Күнді 1рет айналуы Жердегі 12жылға тең планета

12.Жерде 30жыл болғанда онда 1жыл болып жататын планета

13.Атмосферасы жоқ планета

14.Жыл мезгілдерінің ауысуы болмайтын планеталар

15.Сақиналы планета

16.Астеройдтық атақ берілген планета

17.Математикалық есептеулер жолымен табылған платена

18.Жерде 84жыл болғанда онда 1жыл болып жататын

планета

19.Сатурнның қазақша аталуы

20.Күнді 248жылда 1рет айналып шығатын планета

2.ҰҚСАСТЫҚ ПЕН ДАРАЛЫҚ стратегиясы бойынша тапсырмалар орындау-6минут

а)Шолпан мен Уран

ә)Марс пен Шолпан

б)Жер мен Марс

в)Меркурий мен Юпитер

3.СУРЕТ САЛУ -3минут

Планеталардың орналасуын суретпен көрсету-әр оқушы өзі орындайды.

Бағалау критериясы:-3минут

5бағасы – Планеталар туралы, ерекшеліктерін ұқсастықтарымен

даралықтарын біледі. Тапсырмаларды толықтай

орындайды.Үй тапсырмасын толық орындап клді.

4бағасы – Планеталар туралы біледі, даралығын біледі.

Тапсырмаларды толық орындай алмады. Үй тапсырмасын

орындаған.

3бағасы – Планеталар туралы біледі, тапсырмалар орындай

алмайды. Үй тапсырмасын толық орындамаған.

2 бағасы – Планеталар туралы аздап мағлұматы бар. Үй тапсырмасын

орындамаған.

1бағасы – Планеталар туралы ешқандай мағлұматы жоқ. Үй

тапсырмсын орындамаған.

Оқушыларды бағалау. РЕФЛЕКСИЯ – Бүгінгі сабақтан алған әсерім – 2минут

 

Один комментарий

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше