Планеталардың қозғалысы

Жұмағазиева Халила Ибатоллқызы
Атырау облысы, Мақат ауданы,
Абай атындағы орта мектеп.
Жоғары санатты физика пәнінің мұғалімі

 

2 апта 2 күн 2сабақ
Сабақтың аты Планеталардың қозғалысы
Сілтеме Оқулық, сабақ жоспары, есептер жинағы, презентация
Жалпы мақсаты

-Күн жүйесі планеталарының қозғалысы туралы

білу;

-Ерекшеліктері мен ұқсастықтары туралы сыни

ойлауға үйрету;

Оқыту нәтижесі Табиғат құбылыстарын жете түсіну арқылы, Планеталардың қозғалысының ерекшеліктерін білу,қолдану,талдау және бағалау;
Негізгі идеялар Тұңғиық Ғалам ғажайыптары. Әлемнің құрылысы. Табиғат құбылыстарының бір-бірімен байланысы.
Дереккөздер Астрономиялық энциклопедиа, www.fizik.com , ресурс, Астрономия-11сынып 2004ж. Бұл не? Ол кім? балалар энциклопедиясы.
Тапсырмалар

1.Презентация жұмысын қорғау:

1-топ. Меркурий және Шолпан планеталары.

2-топ. Жер және Марс планеталары.

3-топ. Юпитер және Сатурн алып планеталар.

4-топ. Уран және Нептун ең алыс планета.

2. Сұрақ-жауап стратегиясы

3.Ұқсастық пен даралық стратегиясы

4.Сурет салу

Кейінгі тапсырмалар

§12.9-тапсырма. Планеталар туралы деректер

жинақтау. Реферат «Плутон ғаламшары»

 

Мұғалім жазбалары:

Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасып топпен отырғызып назарын

сабаққа аударамын-1минут

А.Үй тапсырмасын тексеру Сұхбат стратегиясы

Оқушылар бір-біріне сұрақтар қоя отырып жауап

береді – 5 минут

8-тапсырма бойынша оқушылар жұмысын тексеру.

1.Бақыланатын жолаушы

Санақ денесі орындық немесе еден Жер

Жолушы еденмен салыстырғанда тыныштықта болады

Жер мен салыстырғанда қозғалыста болады

2.Күн тұман болған соң санақ денесін таңдап алу қиын сондықтан

Қайықтың қозғалысын бақылай алмаймыз.

Б.Жаңа тақырып бойынша ақпарат беру – 5минут

Ой шақыру стратегиясы

Cіздер аспан денелері туралы бұрыннан естіп біліп жүрсіздер және

бұл өте қызықтыратынын білемін.

Олай болса Күн жүйесінде неше планета бар?

Ол планеталарды реті бойынша айтып беру керек.

Күн жүйесіндегі 8планета Күнді эллипстік орбиталар бойымен айналып жүреді.Құралсыз көзбен 5 планетаны Меркурий,Шолпан,Марс,Юпитер және Сатурынды көруге болады.Сыртқы түріне қарап планетаны жұлдыздан ажырату оңай емес және жұлдыздардай жарық бола бермейді.

ПЛАНЕТА-деген сөз гректерден қалған қ ыд ы р м а шырақтарды атауына байланысты айтылған.

Планеталар аспан сферасының тәуліктік қозғалысына қатысады сонымен қатар шоқжұлдыздар аясында ығысатын шырақтар қатарына жатады.Планеталар туралы қазақ халқыныңда өзіндік түсінігі бар.Мысалы Меркурийді Кіші Шолпан деп атаса Юпитерді Есекқырған деп атаған екен.Біз Жер планетасының тұрғындарымыз сондықтан Жерге қатысты жағдайларды білеміз көріп жүрміз.Жер 71%судан тұратын планета сондықтан көгілдір болып көрінеді.

С 1.ПРЕЗЕНТАЦИЯ -әр топ өздері дайындаған жұмыстарын қорғайды- барлығы-13минут

2.СҰРАҚ-ЖАУАП –7минут

1.Күнге ең жақын планета

2.Өз осьтерінен барлық басқа планеталар айналатын бағытқа қарсы айналатын планеталар

3.Болпан атанған планета

4.Диаметрі Жерден 2 есе кіш планета

5.Жыл мезгілдерінің ауысы болатын планеталар

6.Планеталар Күнді айнала қозғалатын орбита

7.Марс планетасын қазақ халқы қалай атаған

9.Қазақша аталуы Есекқырған деп аталған планета

10.Массасы Жерден 300есе үлкен планета

11.Күнді 1рет айналуы Жердегі 12жылға тең планета

12.Жерде 30жыл болғанда онда 1жыл болып жататын планета

13.Атмосферасы жоқ планета

14.Жыл мезгілдерінің ауысуы болмайтын планеталар

15.Сақиналы планета

16.Астеройдтық атақ берілген планета

17.Математикалық есептеулер жолымен табылған платена

18.Жерде 84жыл болғанда онда 1жыл болып жататын планета

19.Сатурнның қазақша аталуы

20.Күнді 248жылда 1рет айналып шығатын планета

2.ҰҚСАСТЫҚ ПЕН ДАРАЛЫҚ стратегиясы бойынша тапсырмалар орындау. (6минут)

а)Шолпан мен Уран

ә)Марс пен Шолпан

б)Жер мен Марс

в)Меркурий мен Юпитер

3.СУРЕТ САЛУ -3минут

 

Планеталардың орналасуын суретпен көрсету-әр оқушы өзі орындайды.

Бағалау критерийі:-3минут

5бағасы – Планеталар туралы, ерекшеліктерін ұқсастықтарымен

даралықтарын біледі. Тапсырмаларды толықтай

орындайды. Анализ-синтез жасай алады.

4бағасы – Планеталар туралы біледі, даралығын біледі.

Тапсырмаларды орындауға түсінеді, қолданады.

3бағасы – Планеталар туралы біледі, тапсырмалар орындауда қолдана алмайды.

Оқушыларды бағалау

РЕФЛЕКСИЯ – Бүгінгі сабақтан алған әсерім — 2минут

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше