Сейітқұл Оспанов Шыбын мен көбелек (мысал)

Атырау облысы, Индер ауданы
«Көктем» қазақ орта мектебі

Таженова Назым Сайынқызы
Бастауыш сынып мұғалімі

 

2-апта 2-күн

2-сабақ

Сабақтың аты

Сейітқұл Оспанов

Шыбын мен көбелек

(мысал)

Сілтеме

Оқулық, Роwer Point ,ғаламтор материалдары, суреттер

 

 

Жалпы мақсаты

  • Мысалдағы негізгі ойды түсіну

  • Кейіпкерлерге талдау жасай білу

  • Пайдасы мен зиянын саралау

Оқыту нәтижесі

Мысал мазмұнын өз бетінше оқып,негізгі ойды анықтау.

Топтық жұмысқа берілген сұрақтарды талдауда белсенділігін қалыптастыру

Алынған ақпарат негізінде қорытынды жасай білу

Негізгі идеялар

Ұсақ жәндіктердің тіршілігі,өсіп-өнуі,пайдасы мен зиянын білгізу

Дереккөздер

Оқулық ,ресурстар,қосымша ақпараттар

Тапсырмалар

Қызығушылықты ояту

Білу

Үй тапсырмасын тексеру

«Ыстық орындық» стратегиясы

Ойқозғау

Өткен мысал кейіпкерлеріне талдау

Жаңа білімді игеру

Автор туралы түсінік

Түсіну

Кітаппен жұмыс
Жигсо-2 стратегиясы

Қолдану

Сөздік жұмысы

Топтық жұмыс

Проблемалық сұрақтар

.Сергіту

Талдау

Венн диаграммасы

Жинақтау

Алынған ақпарат негізінде қорытынды жасау

Тест жұмысы

 

Кейінгі тапсырмалар

Оқу,мазмұнын әңгімелеу

Бағалау

Формативті бағалау

Тест жұмысы бойынша жиынтық бағалау

Әр оқушы бағалау өлшемдері арқылы өзін-өзі бағалайды

 

 

Бағалау өлшемдері

 

  • Мысал мазмұнын өз бетінше оқып түсіне білуі

  • Мысалдағы негізгі ойды анықтай білуі

  • Топтық жұмысқа берілген сұрақтарды талдауда белсенділігі

  • Алынған ақпарат негізінде қорытынды жасай білуі

 

Мұғалім жазбалары

Қысқа мерзімді жоспар

Ана тілі 4-сынып

 

Оқыту мен оқудағы өзгерістерге көзқарасым

Мен үстіміздегі жылдың қыркүйек айынан бастап курстың бірінші бетпе-бет кезеңінен өттім.Курс барысында қатаң тәртіптен оқушы бойында сенімсіздік болатынын,ойлануға мүмкіндік берілмейтінін,өз ойын жеткізуге дерменсіздік танытатынын ұқтым.Ал топтық жұмыс оқушының жаттанды оқуға деген көзқарасын өзгертетінін байқадым..Сол уақыттан кейін дәстүрлі оқыту әдісін өзгертіп,баланың оқуға деген қызығушылығын оятып,бірін-бірі оқыту арқылы жақсы нәтижеге жетуге болатынын ұғындырып,өз пікірін нақты жеткізіп,тұжырымды ойын айта алатындай дәрәжеге көтеруді,психолог Дайана Халперннің сыни тұрғыдан ойлау күтілетін нәтижеге қол жеткізудің мумкіндігін ұлғайтатын когнитивтік техникалар мен стратегияларды қолдану деген тұжырымын басшылыққа алып, жұмыс жасауды мақсат етіп қойдым.

Практиканың алғашқы күнінде мектеп басшыларымен,әріптестермен кеңестім.Курстың бірінші кезеңінен өткен мұғалімдер пікірлесіп, семинар өткізу барысында әріптестердің арасында да оқытудың жаңа әдісіне қызығушылық танытқандар көп болды.Сабақ жоспарын құруда бұрынғыша әркім өзінше еңбектенбей,бір-біріне пікір қосу арқылы құрған сабақ жоспары тиімді екенін ұғындым.Сыныпта оқушыларға сауалнама жүргізуден бастап –ақ оқушы белсенділігі байқалды.Сабақтың өзгеше жоспарлануы,сабақта нені ұғу керек екенін,яғни,сабақ мақсатын оқушының білуі,топқа әр сабақ сайын түрлі тәсілдермен бөліну,топ ережесін балалардың өздері құруы бала қызығушылығын арттырып,тәртіптілікке,ынтымақтастыққа ескертусіз –ақ үйрене бастады.

Бұрын сабаққа жиі қатыспайтын баланың өзі де топта сөйлеп өз пікірін білдіруі сабақ нәтижелілігін көрсете бастады.Сабақ барысындағы еркіндік оқушының өз-өзіне деген сенімділігін арттыратынын байқадым.Дарынды балалармен жұмыс бұрынғыдай олардың сабақ үстіндегі зерігуін жоюға ықпал етіп,зерттеуге, сыни ойлауға жетелейтінін ұқтым.Сабақта ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдану, әсіресе, бастауыш сынып баласы үшін жаңалық болатынын,барлық баланың сабаққа қатысуына ықпал ететінін аңғардым.Сабақта қолданылған ашық сұрақтар,проблемалық,зерттеушілік сұрақтар баланы сыни ойлануға жетелеп,проблеманы шешу болашақ өмірінде пайдалы болатынын ұғынуға жол ашатынын біртіндеп санасына сіңіре алды.

Әсіресе,баланың өзін-өзі бағалауы оны мұғалімнің өзімен санасатынын ұғынуына жол ашты, өзін-өзі әділ бағалауға үйретті. Әсіресе, формативті бағалау бастауыш сынып баласының белсенділігін,қызығушылығын арттыруда көп ықпал ететінін байқадым.Яғни, оқушыда мақтаныш сезімі,өз-өзіне сенімділік қалыптасады.Оқушылар сабақ соңынан бүгінгі сабақ туралы рефлексия жазуға үйренді,сол арқылы өзім де сабағыма сын көзбен қарауға үйрендім.Өзім де оқушы пікірін тыңдауға,ой тұжырымын есепке алуға үйрендім.

Мұғалімдерді, соның нәтижесінде, оқушыларды біртіндеп оқытудың жаңа әдіс-тәсілдеріне үйрету өз нәтижесін береді деген ойдамын.Сонда ғана болашағымызға сенімді болып,елімізді дамытуда өзіндік білімі,іс-тәжірибесі бар тереңнен ойлай алатын тұлға қалыптастыратынымызға сенімдімін.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше