Без рубрики

Механикалық қозғалыс .Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы

Жұмағазиева Халила Ибатоллқызы
Атырау облысы, Мақат ауданы,
Абай атындағы орта мектеп.
Жоғары санатты физика пәнінің мұғалімі

 

1 апта

 

5 күн

2 сабақ (физика-7)
Сабақтың аты Механикалық қозғалыс .Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы.
Сілтеме Оқулық, сабақ жоспары, есептер жинағы, презентация
Жалпы мақсаты

-Денелердің механикалық қозғалысы, санақ денесі, санақ жүйесі және қозғалыстың салыстырмалылығы туралы мағлұматтар беру.

-Оқушылардың сыни ойлауын дамыту

Оқыту нәтижесі Оқушылардың денелердің механикалық қозғалысы, санақ денесі, санақ жүйесі туралы білу,түсінуін, қолдана білуін қалыптастыру.
Негізгі идеялар Абсолют тыныштықта болатын дене жоқ.Қозғалыс-материялық дүниеге тән қасиет.
Дереккөздер Физикалық энциклопедиа, www.fizik.com , ресурс,Астрономия-11сынып 2004ж.
Тапсырмалар

Болжау стратегиясы

Маятниктің қозғалысын бақылау.

Постер қорғау

1-топ .Механикалық қозғалы деп қандай

қозғалысты айтады? мысалдар келтір.

2-топ.Санақ жүйесі деген не?Ол не үшін керек?

3-топ.Оқулықтағы 35-сурет.

Баланың қозғалысын түсіндіру

4-топ. Дене қозғалысын қозғалмайтын денемен

салыстыру не үшін қажет

Ортадағы қаламсап стратегиясы

Есептер жинағы. В.И.Лукашик.№95.№10

Кейінгі тапсырмалар

§11.12.8-тапсырма. Планеталар туралы деректер

жинақтау.Презентация жасау

 

Мұғалім жазбалары:

Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеп, назарын сабаққа аудару. Cыныпты топқа бөлу , топ ережесін қабылдау. 2-минут

Заттың құрлысы тарауы бойынша қайталау Сәйкестендіру тесті беріледі.

-3минут

1 Ядро

 

2 Дене

 

3 Диффузия

 

4 Атом

 

5 Температура

 

6 Ең жеңіл элемент

 

7 Қатты дене қасиеті

 

8 Аққыштық

 

9 Ең ауыр элемент

 

10 Су буы

Дененің жылулық күйін сипаттаитын шама;

Сутегі;

 

Химиялық элементтің ең кіші бөл-

шегі;

Зат молекулаларының бір-біріне жайылуы, енуі;

Әртүрлі заттардан құралады;

 

Сұйыққа тән қасиет;

 

Атомның орталық бөлігі;

 

Уран;

 

Пішіні мен көлемін сақтайды;

 

Газ;

 

 

А. Ой қозғау стратегиясы10минут Қозғалып жаткан денелердің суреттер топтамасын көрсету бұл денелерге ортақ не тән? деген сұрақ қою аркылы ой тастау. (Оқушы жауабы қ о з ғ а л ы с)

 

Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы, максаты айтылып содан кейін тақырып бойынша қысқаша ақпарат беріледі.

Олай болса бізді қоршаған әлемнен әр түрлі қозғалыстарды жиі бақылауға болады екен.

Мысалы; қалықтаған бұлттың,піскен алманың жерге құлап түскенін,үстел үстімен қозғалған ойыншық машинаның,серіппеден тербеліп тұрған шарды көреміз. Бұл жағдайлардың бәрінде дене қозғалады дейміз.Осы денелердің қозғалысына зейін қойып қарасақ қайтеді.

Болжау стратегиясы.Маятниктің қозғалысын бақылау.

Маятниктің қозғалысын бақылағанда оның айналасынада зер саламыз.

Маятник бастапқыда қалай болды?

Енді маятник қозғалысқа түсті не байқадыңыздар?

Оқушылар жауабының жобасы: маятник бастапқы тұрған орнын өзгертті ол әуелі біржаққа сосын екінші жаққа барды және осылай бірнеше рет қозғалды.

Қозғалысты қалай байқалды деп ойлайсың?

Оқушы жауабының жобасы: қозғалыс маятниктің айналасындағы басқа бір қозғалмай тұрған дене штативпен, үстелмен салыстырғанда байқалды және маятник қозғалғанда бір шама уақыт өтті.

Сорымен біз нені байқадық?

дене қозғалғанда орнын өзгертті

уақыт кетті

қозғалыс қозғалмайтын денемен слыстырғанда байқалды.

Бұдан қандай болжам жасауға болар еді?

Денелер уақыттың өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғанда бастапқы орнын өзгерте алады.

Дене тұтасымен қозғала ма? әлде кейде оның бөліктері де қозғала ма екен?

Сергіту сәті –бәріміз орнымыздан тұрамыз қолымызды алға созып тігінен тұрамыз да 3 рет отырып тұрамыз.

Бұл тәжірибеден не байқадыңыздар?

Оқушылар жауабының жобасы: аяғымызбен бірге қолымызда қозғалды

Олай болса бұдан қандай қорытынды жасауға болады?

Денелердің бөліктері де уақыттың өтуіне қарай бір-бірімен

салыстырғанда бұрынғы орнын өзгерте алады.

Физиканың механика деп аталатын бөлімі денелердің:жүретін, ұшатын,суда жүзетін көліктердің зымырандардың,планеталардың,аспан денелерінің қозғалысын зерттейді.Бұл денелердің қозғалысын м е х а н и к а л ы қ қозғалыс деп атайды.

Сонымен, дененің немесе дене бөліктерінің уақыт өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғандағы орнының өзгеруін механикалық қозғалыс деп атайды.

Санақ денесі-қозғалмайды деп есептелетін басқа дененің қозғалысы соған қарап салыстырып қарастырылатын дене.

Демек кзкелген механикалық қозғалыс салыстырмалы екен.Тек қозғалыс салыстырмалы емес тыныштықта салыстырмалы.Абсолют тыныштықта болатын дене жоқ.

Қозғалыс-барлық денелерге, табиғаттағы нәрселердің бәріне,бүкіл материялық дүнйеге тән қасиет.

Зерттеліп отырған қозғалысты сипаттау үшін, яғни дененің уақытқа байланысты орнын қалай өзгерткенін білу үшін санақ жүйесі ұғымын енгізу крек.Кординаттар жүйесі+санақ денесі+сағат үшеуі бірігіп санақ жүйесін құрайды.Қозғалысты сипаттау үшін әр түрлі санақ жүйесін таңдап алуға болады.Бірғана дененің қозғалысын бақылау үшін әр түрлі таңдап алынған жүйе әр түрлі көрніс береді.

В. 1 Топтық тапсырма . Постер қорғау -10 минут

 

2 Топтық жұмыс. Ортадағы қаламсап стратегиясы-10минут

Тапсырма-(Л).№95.№102.

95.Қозғалып келе жатқан жолаушылар поезының вагонындағы үстелде

кітап жатыр.Кітап;а)үстелге,б)рельске в)вагон еденіне,г) телеграф

бағаналарына қатысты тыныштықта тұр ма әлде қозғалыста ма?

102.Ұшақтар тобы 20сурет бір мезгілде бастапқы жұптарын жазбастан

жоғарғы пилотаж фигурасын орындайды.Ұшақтардың бір-біріне

қатысты қозғалысы жайында не айтуға болады?

Тапсырмалар кері байланыс аркылы бақыланады.

 

С. Берілген мәліметтерді жинақтау. Инсерт стратегиясы5 минут

Білемін

 

Қайшы Жаңалық

Түсінбейтін

 

 

 

 

 

 

Бағалау: Тест бойынша : 1-5 ұпай —3;

1-6 ұпай —4;

1-10 ұпай —5;

Формативті бағалау: өте жақсы деп құптау

мадақтау

топтық бағалау

жұптық бағалау

Бағалау критерийі:

Қозғалыстың болу себебін , қозғалыстың әртүрлі санақ жүйесіндегі әрекетін , санақ жүйесі ұғымын дұрыс түсіну-5

Қозғалысты біледі,санақ денесін біледі, санақ жүйесін ұғымын біледі, қозғалыстың салыстырмалылығын дұрыс білмейді-4

Механикалық қозғалыс туралы жалпы мағлұматы бар-3

БАҒАЛАУ:жиынтық баға –тест бағасы+жұптық

бағалау+топтық бағалау +критерий бағасы (3минут)

Механикалық қозғалыс .Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы: 2 комментария

  1. Салеметсиз бе? Сабагыныз маган унады. Себебі окушынын ози кубылысты  байкап, ози корытынды жасайды.Бирнеше рет естигеннен, бир рет корген окушы есинде жаксы сакталады. Курылымы да жаксы. пікір жазган Кулсарыдан ариптесиниз Эльмира Садыкова

  2. Cәлеметсіз бе ? Сабағыңыз маған ұнады. Құрылымы жақсы. Мұғалім айтып түсіндіргенін қағып алатын , өзі жаса есінде тез сақтайтын оқушы да бар. Құлсары қаласынан әріптесіңіз.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.