Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Қорғантұз орта мектебі
Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді қосу
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бөлімдері бірдей, бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу
туралы түсінік беру
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Жай бөлшектерді қосу ережесін есептер шығаруда
қолдана білу, оқушының пәнаралық байланыс
арқылы интеллектісін дамыту, өмірмен байланыстыра
отырып,баланың қоғамға бейімділігін дамыту .
Сабақтың тәрбиелік мақсаты:Оқушыны ұлттық рухта тәрбиелеп, қоғамдағы
жаңалықтармен байланыстыра отырып, пәнге
қызыгушылығын арттыру, оқушыларды ұйымшылдыққа
тәрбилеу
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Жаңа педтехнология: Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясы.
Қолданылған көрнекіліктер: Интерактивті тақтадағы слайд, үлестірмелер
І.Ұйымдастыру
ІІ. Сен білуге тиістісің .(қайталау сұрақтары)
1. Жай бөлшек дегеніміз не?
2. Жай бөлшектің негізгі қасиеті қалай тұжырымдалады?
3. Жай бөлшектерді қысқарту дегеніміз не?
4. Қандай бөлшектер дұрыс, бұрыс бөлшектер деп аталады?
5. Бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге қалай келтіреді?
6. Үлес дегеніміз не?
Оқушылар, сендер өткен сабақтан алған білімдеріңді көрсеттіңдер . Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерекесін тойлағалы жатқанымыз баршамызға белгілі. Тәуелсіздіктің арқасында 1997 жылы 10-желтоқсаннан бастап елорда ретінде Ақмола қаласы таңдап алынды. Н.Назарбаевтың ұсынынсы бойынша 1998 жылы 6-мамыр күні Ақмола қаласы Астана қаласы болып өзгертілді. Содан бері Астана ерекше өзгеріп әсем қала-Астана атанды. Бүгінгі сабағымызда осы әсем қалаға саяхат жасайық. Алдымен жай бөлшектерді қосуды үйреніп алайық.
ІІІ. Жаңа сабақ
І.. Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу
- =
Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосқанда олардың алымдарын қосып, алым етіп, ал бөлім етіп,сол бөлімнің өзін қалдыру керек.
Бұл-бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу ережесі.
Әріптерімен жазсақ:
2-мысал. Қысқаша:
3-мысал:
және бөлшектерін координаталық сәуледе қосуды қарастырайық . Қосындының мәні А нүктесінің координатасына тең
+
О А
0
1
ІІ .Бөлшектері әр түрлі бөлшектерді қосу.
4-мысал: қосындысының мәнін табайық. ЕКОЕ (4;8)=8
- = + =
Қысқаша:
Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу үшін, оларды ең кіші ортақ бөлімге келтіріп, бөлімдері бірдей бөлектерді қосу керек.
Бұл – бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу ережесі.
5-мысал:
Бөлшектерді қосуда да қосудың ауыстырымдық қасиеті орындалады:
6-мысал: ;
Бөлшектерді қосуда қосудың терімділік қасиеті де орындалады.
7-мысал: ;
І. «Бәйтерек» аялдамасы
Бәйтерек. Бәйтерекке қош келдіңдер ,балалар .
Астана қаласының символы Бәйтерек болып табылады. Бәйтерек
құрылысына 5 миллион доллар қаражат жұмсалған. Бұл ғимараттың
биіктігі-97 метр. Басындағы шар тәрізді күмбездің диаметрі – 22 метр,
салмағы-300 тонна.
Бәйтеректі тамашалау үшін мына есептерді шығарайық.
І Деңгей
ІІ. «Ғимараттар әлемі» аялдамасы.
Оқушылар ,Астанамыздың тағы да бір көрнекі ғимараттарының бірі Ақорда .
Ақорда. Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы, яғин жұмыс жасайтын орны. Бұл жерде Нұрсұлтан атамыз елдің әлеуметтік экономикалық жағдайын, халықтың тұрмысын, әл- ауқатын қадағалап, елге жағдай жасайды. Ғимарат 2004 жылдың 24 желтоқсанында ресим түрде ашылды.
ІІ деңгей
ІІІ. «Мұражайлар» аялдамасы.
Мұражайларға қош келдіңіздер ,балалар .
ҚР тұңғыш президентінің мұражайы. Мұражай 2005 жылдың 4 шілдесінен бастап жұмыс істейді. Онда Елбасыға тару етілген кәдесыйлар, кітаптар, суреттер, қолжазба материалдары, фотоқұжаттар, Нұрсұлтан атамыздың жеке заттары мен құжаттары, марапаттары сақталуда. Мұражай қорында 106 мыңнан астам құнды жәдігерлер бар.
Мұражайларға саяхат жасау біздің білімімізге білім қосады. Ендеше мына есептерді шығарсақ мұражайды тамашалуға мүмкіндік аламыз.
ІІІ деңгей
1) +□=1 2) +□=1 3) + □=1 4) + □=1
ІV. «Ескерткіштер мен монументтер» аялдамасы.
Астананың тағы да бір көрнекі жеріне келдік .
«Қазақ елі» монументі. 2008 жылы 6 шілдеде ашылды. Ескерткіштің биіктігі -91 метр . Монументтің жалпы ауданы -5,2 гектар. Бұл монумент қазақ халқының ежелден еркіндікті аңсаған арманын бейнелейтін, жастардың отансүйгіштік қасиетін қалыптастыруға және өз елін мақтаныш етуге тәрбиелейтін, ел рухын биіктете түсетін обьект болып табылады.
ІV деңгей
1) Бірінші қорапшада кг, екінші қорапшада кг кәмпит бар. Екі қорапшада қанша кәмпит бар?
2) Гүлзардағы гүлдердің -сі раушан гүлі, ал қалампыр гүлінің одан -і артық. Қалампыр гүлі гүлзардағы гүлдердің қандай бөлігі .
Тест.
1.Есептеңдер:
В)4
2. Есептеңдер:
- Есептеңдер:
-
Есептеңдер:
-
Есептеңдер:
Осымен, Астанаға саяхатымыз аяқталды.
V.Бағалау.
VІ. Үйге тапсырма №610,615