Ақпараттық технология негіздері

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы
Новобаженово ауылы, А.Ибраев атындағы орта мектептің
cызу,технология мұғалімі Жанысбаева Алмагул Адильхановна

Пәні: Технология.   Сабақтың тақырыбы: Ақпараттық технология негіздері
Сабақтың мақсаты:  Ақпарат ұғымын обьектілердің өзара әсерінің нәтижесінде алынатын алуан түрлі көрініс деп қарастырып ұғыну
Сабақтың міндеттері:  Білімділік:  1. Қоршаған орта туралы мәліметтер, болып  жатқан процестер деп түсіну
Дамытушылық:
   2.Ақпарат туралы білімдерін дамыту
Тәрбиелік:
3. Қоршаған ортаны бағдарлауға , өз әрекеті туралы ойлануға , жоспарлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:    аралас

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру,сарамандық жұмыс,ой-қиялға үңілу,ынтымақтастықта оқыту.

Сабақтың көрнекілігі: тірек –сызбалар,сурет-сызбалар,журналдар,үлгі беттері,таратпа материалдар

Пәнаралық байланыс: сызу, информатика, физика, геометрия

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезең

Дайындық бөлім:

 

 

II. Өткенді қайталау

1.Ауызша (пайдалы кеңестер айту)

2.Жазбаша(тест)

3.Сызбаша

 

III.Жаңа сабақ

Кіріспе

Сабақтың мақсатын,міндеттерін хабарлау.

Ақпарат-латын тілінен аудағанда –мәләмдеу,түсіндіру,хабарлау

Философияда «ақпарат» ұғымын обьектілердің өзара әсерінің нәтижесінде алынатын алуан түрлі көрініс деп қарастырады.Тұрмыста,ол адамның қабылдауымен немесе арнайы құрылғының көмегімен алынған күнделікті өзін қоршаған орта туралы мәліметтер және ондағы болып жатқан процестер деп түсінеді.Техникада «ақпарат» ұғымын техникалық құрылғылардың көмегімен сақталатын ,берілетін және өңделетін белгілер мен мысалдар деп қарастырады.Теорияда ақпарат деп кез-келген мәліметтті айтпайды,белгісіз мәліметтті толығымен немесе біраз мөлшерде анықтап беретін мәліметті айтады.

Ал кибернетикада ақпарат-белсенді әрекетті басқаруды бағдарлау үшін,яғни жүйенің дамуын жоғарғы сатыға көтеру,сақтау мақсатында пайдаланылатын білім.(Н.Вингер)Семантикалық теорияда ақпароатты жаңалық туралы мәлімет деп қабылдайды.Ақпарат адамға жай ғана қажет емес ,өте қажет.Қоршаған ортаны бағдарлауға  және өзіңнің одан арғы әрекетің туралы ойлауға ,жоспарлауға қажет.

Информатика.-айналада болып жатқан ақпараттық процестерді , сол сияқты олардың автоматтандырылу мүмкіншілігін қарастыратын фундаментальді сала.Қоғамдағы ақпарат көлемінің тез артуы және айналымға енуі қазіргі заман адамдарының алдында онымен жұмыс істей білу мәселесін қойып отыр.

1.Ақпарат біреудің ойына ,пікіріне тәуелді болмаса,ол обьективті және әділ.

2.Ақпарат шынайы жағдайды көтерсе,ол-шүбәсіз.

3.ақпарат түсінуге және қандай да бір шешім қабылдауға жеткілікті болса,ол -толық.

4.Ақпарат сол уақытта қажет және мәнді болса , ол –көкейкесті.

5.Ақпараттың маңыздылығы соның көмегімен қандай да бір мәселені шешуге болатындығымен бағаланады.

6.Ақпарат барлық адамға түсінікті тілде айтылса , ол ұғынықты.

Ақпарат жинау мақсат емес . Бірақ алынған ақпаратты көбірек қолдану үшін оны сақтау керек. Ақпаратты сақтау оны уақытында тарату үшін қажет.

Өте көлемді ақпаратты сақтағанда,керек ақпаратты жылдам тауып алуға болатын болса,ал мәліметті қажетті формада ала алсақ,оны жинап сақтаған еңбегіміз ақталады деуге болады.

Ақпаратты қабылдау оның жеткізушісіне байланысты.(кітап-кітапхана,картина-мұражай,фотосурет-альбом)

Ақпаратты негізгі салушылар.

Адам ұшін-ес(жад)оның ішінде,генетикалық жад.

Қоғам үшін- кітапхана ,мұрағаттар,патентті бюро,мұражайлар,картиналар галереясы.

Компютерлік сақтағыштар:базалар және банктік мәліметтер,ақпараттық іздеу жүйесі,электрондық энциклопедиялар,медиатекалар,т.б.

Ақпараттық іздестіру жүйесі-бұл іске қосу,іздеу,орналастыру және ақпаратты беру рәсімдерімен жабдықталған ақпараттар қоймасы.

Ақпарат сақтауға және таратуға арналады,құжат түрінде ұсынылады.Құжат деп таратуға арналған кез-келген материалды тұтынушыға жеткізуші обьектіні түсінеміз.Құжат әр түрлі мәселелерді шешуде ақпараттың көзі ретінде қолдананылады. Барлық сақталатын құжаттар индекстеледі, яғни әрбір құжатқа жеке код беріледі. Сақтау қоймаларында құжаттар өз аттарымен емес,құжатты іздестірудің сыртқы бейнесі бойынша сақталады. Және солай ізделеді.Автоматтандырылған ақпарат сақтау қоймасының міндеті- ақпаратты өзінің түрінен басқалай түрлендіріп,физикалық сигналдар,яғни жинақтап, «таңба» түрінде сақтау.Сол сияқты ақпараттың артығын қысқартуға да болады.

 

 

 

 

Ақпарат түрлері

Аңғару тәсілі бойынша

Ұсыныс формасы бойынша

Қоғамдық маңызы бойынша

Көзбен шолу

(визуальды)

 

Есту арқылы

(аудиальды)

Дене арқылы түйсіну

(тактильді)

Сезу арқылы түйсіну

Иіс сезу арқылы,дәм сезу арқылы түйсіну

 

 

мәтіндік

 

 

сандық

 

кескіндемелік

 

 

дыбыстық

жалпы

 

 

 

арнайы

 

 

 

 

 

жеке

біріктірілген

қоғамдық-саясаттық

эстетикалық

ғылымдық

өндірістік

техникалық

басқармалық

білім,ақыл

 

болжау,жоспар

сезім,интуиция

 

 

 

 

 

 

 

IV.Сарамандық жұмыс

Көзбен көру,ойды бөлу,меңгеру

 

V.Қауіпсіздік ережелері

VI. Сабақты қорытындылау.

Рефлексия(оқушыларды бағалау)

Оқушылар өзара тәжірибе алмасу,пысықтау бөлімінде оқушының іс-әрекетін бағалаймыз,жинақтаймыз,оқушы ойланады,табады,салыстырады,талдайды,байланыстырады,жауап береді

 

Бекіту кезеңі.Оқушылармен сұрақ-жауап,ой-толғаныс айту,тосын сұрақтарға жауап алу,оқушыларды бақылау,бағалау,мадақтау,ескерту жасау,әділ бағалау

Үйге тапсырма беру

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше