Без рубрики

Орташа мерзімді жоспарлау туралы жазба

Атырау қаласы, Абай атындағы
№15 орта мектебінің қазақ тілі мен
әдебиет пәнінің жоғары санатты мұғалімі,

инновациялық оқу ісінің меңгерушісі
Избамбетова Гүлнар Наженқызы

Егемендік алып, көк Туымыз желбіреген күннен бастап Президентіміздің алға қойған мақсаты елімізді алдыңғы қатарлы дамыған елу елдің қатарына қосу болды. Ол үшін қоғамымызға білімді азаматтардың қажет екендігі белгілі еді. Сондықтан да білім мен еңбекті басшылыққа алуды талап еткен Елбасымыз халыққа жолдаған дәстүрлі Жолдауларында білім мен ғылымға басты назар аударуда. Бүгінгі жаңа әдіс-тәсілдерді үйретіп отырған «Оқытудағы Кембридж тәсілдерінің теориялық негіздерін» меңгерудегі еңбегіміздің басты мақсаты да Елбасының сындарлы саясатының салиқалы шешімі.

Күрделі диалогқа түсе отырып, қалай оқу керектігін Бағдарламаның жеті модулін басшылыққа ала отырып, тәжірибе барысында жүзеге асырдық. Өзім дайындаған тізбектелген сабақтар топтамасында жеті модуль де бір-бірін толықтыра, орынды үйлесім тапты. Топтағы өз достарымен әңгіміелесе отырып, талантты-дарынды балалардан үлгі алып, қалай оқу керектігін үйренген оқушыларымның сыни ойлау көзқарасы дамыды. Жас екрекшеліктеріне сай берілген тапсырмалар бірте-бірте жоғары дәрежелі сұрақтарға ауысып отырды. Оқушыларды машықтандыра отырып, күрделі талап қойғанда, дәстүрлі сабақтарымызда кездесетін көптеген қиындықтарымыздан арылдық. Әрбір оқушының пікірін құнды деп қабылдап, оларды формативті бағалап отыру алдағы жиынтық бағалаудың жоғары болуына ықпал етті. Сонымен қатар, балалар өздерін критериалды әділ бағалай отырып, өз-өздерін реттеуге дағдыланды. Тапсырмалар әрдайым жас ерекшеліктеріне сай беріліп отырды. Бірақ бұл сұрақ-жауап үнемі төменгі дәрежеде болады деген сөз емес. Балаларды талантты-дарынды немесе орташа үлгерімді деп бөлмей, бір деңгейдегі ашық сұрақтарды қойғанда, талқылау барысында бір-бірінен ізденудің жаңа тәсілін үйренген балалар жаңа жетістіктерге жетіп отырды. Бұл орайда талантты-дарынды балалардың бұған дейінгі тамаша қабілеттеріне алған білімді басқалармен бөлісе білу мүмкіндіктері, ізденушілік, зерттеушілік қабілеттері қосылды. Балалар бір-бірінен жаңа тақырыпты сыни тұрғыдан ойлана меңгеруді үйренді. Мысалы, «Қырық өтірік» ертегісіндегі Тазша баланың өтірік айтудағы мақсатын айқындай отырып, оның бұл қылығын хан жарлығын орындауға мәжбүр болғандықтан және өзінің арман-мұратына жетіп, кедейшіліктен арылуға бел байлады деп шешкенімен, «Өтірік айтуға бола ма?» деген тақырыптағы дебат-әңгіме барысында қандай жағдай болмасын өтіріктен гөрі шындықтың орны бөлек деп дәлелдеді.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.