Сидеғалиева Айгүл Зинұрқызы
Атырау облысы, Махамбет ауданы
О. Шонаев орта мектебінің жоғары
санатты бастауыш сынып мұғалімі
|
|
|
Сабақ тақырыбы | Мәтін түрлерін қайталау. С.Датұлының шешендік сөздері. | |
Сілтеме | Оқулық,С.Датұлының шешендік сөздері жинақ,жоспар. | |
Жалпы мақсаты |
Мәтін бойынша алған білімді бекіту жаттығулары ретінде С.Датұлының шешендік сөздерін меңгеру.Сөйлем мен жазуда сауаттылыққа үйрету.Шешендік сөздердің мағынасын түсінуге,өз идеяларын дәлелдеуге үйрету. | |
Күтілетін нәтиже |
Ұсынылған ақпараттан дәйектерді таба біліп,негіздей алуы.Түрленген жаттығуларды орындай отырып,шешендік сөздерінен нәр алуға үйрету. | |
Дереккөздер |
Power point, оқулық,С.Датұлының шешендік сөздері жинағы. | |
Тапсырмалар |
1-тапсырма “Миға шабуыл”стр. Сұрақ жауап 2 — тапсырма “Ойлан,жұптас,пікірлес.“стр Берілген мәтінді суреттеу мәтіні түрінде жазу 3 — тапс. “Корректор” шешендік сөзден еміле қатесін табу 4— тапс. Жұптық жұмыс Екі жақты күнделік стр. шешендік сөзден пайымдау бөлігін табу 5— тапс. Дөңгелек үстел стр. Постер қорғау Сырым шешенді суреттеу мәтіні Шешендік сөз не үшін қажет? Пайымдау мәтіні Сырым шешен туралы не білеміз? Әңгімелеу мәтіні 6— тапс. Шығармашылық тапсырма шешендік сөзге керекті сөзді қою |
|
Қосымша тапсырмалар |
Сырым шешеннің сөздерін мәтін түрлеріне айналдырып жазып келу |
-
Ұйымдастыру кезеңі
-Пазлдар арқылы топқа бөлу
-
Үй жұмысын тексеру
-26-жаттығу, дәптерлерін тексеру, оқыту.
Бағалау
1 – тапсырма: “Миға шабуыл” стратегиясы
1 ұпай – Бір сұраққа жауап бергендер
2 ұпай – Екі сұраққа жауап бергендер
3 ұпай – Үш сұраққа жауап бергендер
2 – тапсырма: Мәтінді түрлендіріп жазу “Ойлан, жұптас, пікірлес” стр.
1 ұпай -Үш сипаттама жазғандар
1 ұпай –Сипаттама берген, бірақ мәндес сөздерді жиі қолданғандар
1 ұпай – Толық сипаттама беріп, тиісті ақпаратты бере алғандар
3 – тапсырма:”Корректор”
1 ұпай – Үш қатені ғана түзетсең
1 ұпай – Бес қатені ғана түзетсең
1 ұпай — Мәтінді толық түзетсең
4 – тапсырма: “Екі жақты күнделік” стр.
2 ұпай – Пайымдау бөлігін дәл тапқанға
5 – тапсырма “ Дөңгелек үстел” стр. Мәтін түрлерін құрастыру
1 ұпай – Тек пікір білдіргендер
2 ұпай – Толық емес, бірақ байланыстыра сөйлеп, жазуға тырысқандар
3 ұпай – Идеясымен көзқарасын білдіріп, түсіндіре алады
6 – тапсырма: Шығармашылық жұмыс
2 ұпай – Бір шешендік сөзді құрастырғандар
3 ұпай – Екі шешендік сөзді құрастырғандар
Жиынтық бағалау
14- 17 ұпай – “5”
9 – 13 ұпай – “4”
4 – 8 ұпай – “3”
-
Сұрақ-жауап «Миға шабуыл» стратегиясы
1.Сөйлем дегеніміз не?
-
Мәтін құрау үшін сөйлем қалай байланысуы керек?
-
Мәтін неден құралады?
-
Абзац деген не?
-
Пайымдау мәтінінің сызбасын айту.
(Дәлелденетін пікір дәлелдеу пікірі қорытынды)
-
Бұл қандай мәтін?
-
Тақырып деген не?
-
Мәтіндегі негізгі ой деп нені айтамыз?
-
Әңгімелеу мәтіннің сұрағын айт
-
Сипаттау мәтіннің сұрағын айт
-
Пайымдау мәтіннің сұрағын айт
-
Әңгіме мәтіні неше бөліктен тұрады?
-
Жаттығу жұмыстары
-
Ресурстармен жұмыс:
Ойлан,жұптас, пікірлес стратегиясы -Берілген мәтіннен Сырым шешенді сипаттап жазу
С.Датұлындай қазақтың асыл ұлы қай заманда өмір сүрмесін ол туған елінің жадында әділет азаттық жаршысы, әлсізге қамқор қорған, батыр хақында мәңгі есте. Ол Нұралы, Есім хандарға қарсы ұлт азаттық қозғалысының басшысы болған.
Сырым- батыр, би, шешен, тапқыр, дана. Оның айтқан әр сөзі өзінің маңыздылығы мен тәрбиелігімен ерекшеленді.
-
«Корректор тапсырмасы»
Берілген мәтіннің еміле қатесін табу
Сенің балаңмын…
Сырым кішкене бала күнінде далада ойнап жүріп бір қартқа кездесіп сәлем береді. Қарт: « Балам аман ба кімнің баласысың» деп сұрайды.
Сырым: «Сенің балаңмын» дейді.
Қарт таң қалып,қайта сұрайды.Сырым да сол жауабын қайталайды.
Қарт енді: « Қалай менің балам боласың» дейді.
Сырым: « Неге сіздің балаңыз болмаймын жаңа ғана өзіңіз «балам аман ба?» дедіңіз ғой,» дейді.
Қарт Сырымның жауабына риза болып жүре беріпті.
6. Жұптық жұмыс Екі жақты күнделік стр. Мәтінінің пайымдау бөлігін табу
Бірде Малайсары Сырымға:
Ата тұрып, ұл сөйлегеннен без,
Ана тұрып, қыз сөйлегеннен без.
Сырнайдай сайраған мына бала кім еді?- дейді. Сырым:
Ата тұрып ұл сөйлесе – ер жеткені болар,
Ана тұрып қыз сөйлесе – бой жеткені болар,
Ата балаға кесір болса кері кеткені болар, — дейді. Малайсары: Сен толған екенсің, мен тозған екенмін, — деп Сырымды қасына шақырады
7. Жоба қорғау.Дөңгелек үстел стр. Мәтін құрастыру
-
Сырым батырды сипаттау
-
Шешендік сөздер не үшін қажет?
3.Сырым батыр туралы білгенімізді әңгімелеу
8. Шығармашылық тапсырма Шешендік сөздерді құрастыру.
Дау мұраты…
Сауда мұраты…
Жол мұраты…
-
Оттан өткір (қайғы) бар.
Таудан биік (көңіл) бар.
Теңізден терең (ғылым) бар.
3.Сөз анасы- (құлақ)
Су анасы- (құрақ)
Жол анасы- (тұрақ)
9. Өзін өзі бағалау
Жиынтық бағалау.
10. Үйге тапсырма: Сырым шешеннің сөздерін мәтін түрлеріне айналдырып жазу.