Ашық сабақ: Аса қауіпті жұқпалы аурулар
Пәні: Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі
Сабақтың тақырыбы: Аса қауіпті жұқпалы аурулар
Сабақтың мақсаты: тақырып бойынша оқушылардың білімін бекіту,
ойлану қызметін дамыту, шығармашылық қабілеттерін жинақтау.
– Білімділік: аса қауіпті жұқпалы аурулардың түрлерін, берілу жолдарын, сақтану шараларын терең ұғыну– Тәрбиелік: гигиена мәдениетінің жоғарылауы, этикалық нормалар мен
ережелердің бұзылуына шыдамсыздығын арттыру. Рухани деңгейде жағымсыз іс-әрекеттерден аулақ болуға тәрбиелеу
– Дамытушылық: адам құндылығының дүниетанымдық көзқарастарын
қалыптастыру. Салауатты өмір негізінде білімдерін жетілдіру.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың тегі: тақырып бойынша қайталау және бекіту сабағы
Оқыту әдісі: модерация
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, карточка-лото, фишкалар, плакат
Пәнаралық байланыс: биология, экология, медицина
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі 1 минут
– оқушылармен амандасу
– оқушыларды түгендеу, аудитория дайындығын тексеру
– оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Кезең Оқытушы әрекеті Оқушы әрекеті
1. Шақыру
(брейнсторминг)
- Үй
тапсырмасын тексеру -
Оқу
қызметіне ынталандыру Кіріспе сөзі
Алдыңғы сабақта жұқпалы аурулардың түрлерімен, олардан сақтандырудың негізгі бағыттарымен танысқан болатынбыз.
Сабағымызды бастамай жатып, «Тынысым барда, үміттенемін» деген сөзге тоқталып кетсек…
Бұл айтылғанды қалай түсінесіздер?
Сонымен, тыныс алу – осы өмірдегі ең қымбат, қорғаныш «жібі».
Бүгін осы айтылған ойлармен сабағымыз жалғасын табады. Бүгін «Аса қауіпті жұқпалы аурулар» тақырыбын жалпылама түрде өтеміз және ол – сайыс сабақ түрінде өтетін болады.
Топ екіге бөлінеді: «Иммунитет», «Активия».
Ендігі кезекте үйге берілген тапсырманы тексеріп өтейік.
1. Жұқпалы
аурулардың өздеріңе белгілі түрлерін атаңыздар.
2. Жұқпалы
аурулардың қарапайым аурулардан айырмашылығы неде?
3. ЖИТС пен АИТВ-
тің айырмашылығы
4. Суреттер арқылы
қорғану шараларын ата
5. Келесі ең негізгісі екі топқа
да екі презентация дайындап, қорғау керек болатын.
Ендігі кезекте сіздердің білімдеріңізді кеңейту мақсатында сайысымызды бастайық. Ережелермен таныстырып отыратын боламын. Ұпай сандарыңызды тақтадағы қоржынға жиналып тұрады.
1 тур – «Пирамида» ойыны
Бұл турда топ алмасып шықпайды, кім шапшаң, әрі дұрыс жауабын тапса тақтадағы плакатқа дұрыс жауабын жазасыздар. Және жауаптарыңыздың дұрыс-бұрыстығын слайд арқылы тексеретін боламыз. Интербелсенді тақтадан слайд-шоу арқылы көрсетілген сұрақтарға жауап бере отырып, пирамида шыңына жеткен топ осы турда жеңіске жетеді. Сұраққа жауапты төменнен бастайсыздар, неғұрлым жоғарылаған сайын, соғұрлым ұпай сандарыңыз да жоғарылайды. Мыс.: 1 сұрақ – 1 ұпай; 2 сұраққа – 2 ұпай; 3 сұраққа – 3 ұпай, …, 7 сұраққа – 7 ұпай беріледі.
2 тур – «Лото» ойыны
Мұнда мен сіздерге, екі топқа да екі карточка-лото таратамын. Бір топқа «Аса қауіпті жұқпалы аурулар», екіншісіне «Қазақстандағы әлеуметтік маңызы бар жұқпалы аурулар» атты тақырыптарда болады. Және 4 сұрақ қойылады, астында 8 нұсқа көрсетіледі, алдарыңызда тұрған фишкалармен дұрыс нұсқаларын сұрақтардың ретіне сәйкес жауабын тауып, қойып отырасыздар.
3 тур – «Эстафета» ойыны деп аталады.
Бұл турда мен сіздерге сұрақ қоямын, кім бірінші жауап берсе, сол топ оқушылары келесі топқа сұрақ қояды. Солай алмасып отырады..
4 тур – «Кластер»
Оқушылар, бұл ақтық сайыстарыңыз. Шешуші тур болғандықтан, одан әрі белсене қатысамыз. Мұнда тақтада көрсетіліп тұрғандай, «жұқпалы аурулардың түрлері» деп тұр. Енді осының жалғасын табамыз. Яғни мен атаған жұқпалы аурудың себебін, берілу жолын, сақтандыру немесе емдеу жолдарын жалғастырып жазасыздар.
Оқушылар өздерінің ойларын ортаға салады.
(2 минут)
Әр топ атауларын не себепті қойылғандығын түсіндіреді (1 минут)
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
(15-20 минут)
Екі топтағы оқушылардың бірінші қайсысы сұрақтың жауабын тапса, сол шығып плакатқа жазады және слайдпен салыстырады.
(7-8 минут)
Оқушылар карточкадағы сұрақтардың жауаптарын қолдарындағы фишкалармен жауып отырады. Болған соң оқытушы алдына ұсынады.
(10 минут)
Оқушылар қарсылас топқа сұрақтар қоя отырып, белсенді жауап берулері тиіс.
(8-10 минут)
Әр топтан оқушылар шығып, интербелсенді тақтаға тапсырманы орындайды.
(15 минут)
ІV. Берілген материалды жүйелеу және қорытындылау 10-12 минут
Жұқпалы аурулар тобы Жұқпалы арудың берілу жолы Негізгі ауру аттары
Ішек-қарын жұқпалы ауруы Азық-түлік тағамы, су, топырақ, лас қол, тіршілік заттары, шыбын арқылы Қан тышқақ, іш сүзегі. Тырысқақ. Бруцеллез. Ботулизм.
Тыныс жолдарының жұқпалы ауруы Ауа тамшысы Тұмау және асқынған тыныс жолы жұқпалы аупуы. Дифтерия. Құрт. Қызылша.
Қан жұқпалы ауруы Қан сорғыштар- масаның,кененің, биттің, бүргенің, шыбынның шағуы арқылы Қышыма Оба.
Сыртқы жамылғы жұқпалы ауруы Негізінен қатынас жолдары Түйнеме. Қотыр.
V. Оқушылар білімін бағалау 2 минут
Жеңіске жеткен топ оқушыларына «5» деп бағаланады. Ал жеңілген топқа «4» бағасы қойылады.
VІ. Үй жұмысын хабарлау 1 минут
Глоссарий дәптерлеріне тақырып бойынша сөздерге анықтама беру
