«Сын есімнің мағыналық түрлері»
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Онды орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Саржанова Күнімкүл Аманқосқызы
Сабақтың тақырыбы: «Сын есімнің мағыналық түрлері»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сын есім туралы білімдерін толықтыру. Оқушыларға сын есімнің, сапалық сын есім мен қатыстық сын есімнің өзара байланысын ұғындыру.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау қабілетерін, сөздік қорын дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды мейірімділікке, Отансүйгіштікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі:Түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,сабаққа қажетті құрал-жабдықтар
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі
2.Үй тапсырмасын тексеру
3.Жаңа сабақты игерту
Үй тапсырмасы: 1/ Сын есім дегеніміз не?
2/Сын есім құрамына, тұлғасына қарай нешеге
бөлінеді?
|
Сын есім мағыналарына қарай |
Жаңа сабақ:
| Сапалық сын есім | Қатыстық сын есім |
|
Негізгі түбір сын есімнің өзінен болады |
Басқа сөз табының қатысы арқылы жасалады |
|
Сұр, қызылдау, жақсы,үлкен |
Бойшаң адам, өнерлі бала, Орманды алқап |
Оқулықпен жұмыс:146 –жаттығу. Сапалық сын есімді бір бөлек, қатыстық сын есімді бір бөлек жазу.
1/Сапалық сын есімдер: ақшыл, жасыл, тәтті,үлкен,жаман,жарық, ұзын. Т.б
2/ Қатыстық сын есімдер: аттылы,балалы,иманды,білгір.т.б
147,148,149-жаттығу.
150-жаттығу. Сын есімдерді тіркескен сөздерімен теріп жазу.
Қандай ауылдың? -Үлкен ауылдың, сапалық сын есім
Қандай үй?-Қоңыр үй, сапалық сын есім
151,152-жаттығу /ауызша орындату/
153,154-жаттығу./ауызша,жазбаша орындату/
Жаңа сабақты қорытындылау:
1/ Сапалық сын есім мен қатыстық сын есімнің ортақ белгілері, байланысы қандай?
2/ Сапалық сын есім мен қатыстық сын есімнен айырмашылығы неде?
Үйге тапсырма беру. 155-жаттығу.
Оқушыларды бағалау.
