Амалдардың орындалу реті. Жақша

Ақтөбе облысы. Атөбе қаласы
Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі

Қоянбаева Гүлдана Құлтайқызы

Математика.

Сабақтың тақырыбы: Амалдардың орындалу реті.

Жақша.

Сабақтың мақсаты: 1. Амалдардың орындалу реті туралы түсінік беру. Жақшаның қолдану ретін түсіндіру.

2. Ондық, бірлік жөніндегі түсініктерін дамыту. Байқампаздық, шапшаңдық дағдыларын қалыптастыру.

3. Табиғатты, қоршаған ортаны аялай білуге, сүюга, қорғауға үйрету.

Көрнекілігі: Плакат үлестірмелі карточкілер.

Сабақтың түрі: Ойын сабақ.

Әдісі: Сұрақ – жауап, ойын есептер.

 

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушыларды түгендеп, ынтасын аудару. Сабаққа дайындығын тексеру кітап, қалам, сызғыш, қарындаш, дәптер, бор, тақта.

  1. Үй тапсырмасын тексеру:

Тақтаға үй тапсырмасы жазылады.

Үш қатардан үш оқушы шығады.

 

29 + 1 30 – 1 60 + 20 60 + 30

18 + 2 18 – 2 40 + 7 40 + 5

50 + 3 50 + 4 30 + 9 30 + 7

19 + 1 20 – 1 50 + 6 50 + 4

40 + 2 40 + 5 20 + 30 30 + 20

 

  1. Жаңа сабақты түсіндіру.

  • Ал, балалар, есімізге түсірейік, қандай амалдарды білеміз.

  • “ – “ , “ + “ .

  • Балалар, енді бері қараймыз. Стол үстінде 10 алма, 1 қызанақ жатыр. Осы 10 алманың 6 – уын Алмас алды, 1 қызанақты Жанна әкеліп қосты. Осы есепті шығаруымыз керек.

10 – 4 + 1 6 + 1 – 7

10 – 4 + 1 10 – 5 – 5

  • Барлық картоп саны 10 еді, Ақмарал әуелі 4 үлкен картоп, содан кейін 1 кішкентай картоп алды. Ақмарал барлығы неше картоп алды, тарелкеде неше картоп қалды.

  • Енді, балалар, есептер шығарамыз.

1 – ші есеп.

Тақтаға үш оқушы шығарамын.

6 + 3 + 1 6 + 4 10

6 + 3 + 1 9 + 1 10

80 – 20 + 30 80 – 50 30

 

Қалған 3-еуін өз бетімен жұмысқа.

80 – 20 + 30 60 + 30 90

4 + – 3 10 – 3 7

4 + 6 – 3 3 + 4 7

– Енді ойын ойнаймыз. «Мақсатқа жету». Ойыны. Жемістердің артына есептер жазылады. Кім есепті шығарады сол бала сол жемісті жейді.

– Енді «Машинист болам» ойынын ойнаймыз.

– Мына суреттен нені көріп тұрмыз.

– Тепловоз бірнеше вагондарды алып бара жатыр.

– Бұл суретте машинисті көріп тұрсыңдар ма?

– Жоқ

– Енді осы тепловозды жүргізетін машинист керек. Оны білімді адам жүргізеді, білімді болмаса жүргізе алмайды. Ол үшін мына есепті дұрыс тез шешу керек. Тақтаға 3 оқушы шығады.

 

4 – 1 + 2 1 6 + 3 – 2 7 8 – 5 + 1 2

– Қай оқушы бұрын шығарса, сол оқушы машинист болады.

3-ші есеп ауызша

Баян 8 жаста.

Бағлан 6 жаста.

Баян Бағланнан неше жас үлкен.

8 – 6 2

– Енді «Жаралы тырна» ойынын ойнаймыз.

– Суретте не көріп тұрсыңдар.

– Ұшып бара жатқан тырналар. жылы жаққа.

– Балалар, құстарды атуға бола ма.

– Болмайды.

– Ал мына тырналар жылы жаққа ұшып бара жатқанда, бір жауыз адам атып жаралапты.

Енді осы тырнаны емдеп ұшырып жіберуіміз керек.

  • Мына есепті дұрыс шешкен оқушы тырнаның жарасын жазады.

Үш оқушы тақтаға шығады.

 

60 + 20 80 20 + 4 24 30 + 10 40

80 – 60 20 24 – 20 4 40 – 30 10

80 – 20 60 24 – 4 20 40 – 10 30

– Сонымен, балалар, бүгінгі сабақта немен таныстық.

– Жақшамен.

– Егер жақшасы бар есеп кездессе, есепті қандай ретпен шығарамыз.

– Алдымен жақша ішіндегі амал орындалады.

– Бағалау.

– Үйге тапсырма: 4-ші есепті шығарып келеміз. Қосу мен азайтуға берілген есептер Күнделікке жазу

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше