Жануарлардың бір-біріне қайырымдылығы
Ақтөбе облысы. Атөбе қаласы
Ғ. Ақтаев атындағы №6 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Умирбаева Алия Чекебаевна
Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың бір-біріне қайырымдылығы.
Пәні: Дүниетану
Сыныбы: 2 класс
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Жануарлардың бір-біріне қайырымдылығы туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық: Танымдық белсенділігін арттыру. Өз бетінше жұмыс жүргізу және ой қорытуға дағдыландыру. Ізденімпаздыққа үйрету.
Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға, жануарларға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдістері: Ой қозғау, сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік.
Ақпаратты құрал: Интерактивті тақта.
Сабақтың көрнекілігі: Тірек-сызба, суреттер, кеспе қағаздар, семантикалық карта, тест.
Оқыту формасы: топтық, жеке.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі.
-
Бұл неге ұқсайды? (төртбұрыш, терезе, кітап, т.б)
-
Осыны табиғатқа айналдырайық.
слайд. (табиғат көрінісі)
II. Психологиялық дайындық.
Қоршаған орта табиғат,
Жануар, өсімдік, адамзат.
Сүю, қорғау – парасат,
Білейік оны – жамағат.
III. Үй тапсырмасын сұрау.
Мұғалім: – Үйге қандай тапсырма берілді?
О: – Ұрпақ – тіршіліктің жалғасы. Шығармашылық жұмыс.
М: – Жануарлардың қандай тобы бар? (атау)
слайд. (тірек – сызба)
«Топтастыру ассоциациясы»
Қосмекенділер құстар балықтар
Жануарлар бунақденелілер
Сүтқоректілер жорғалаушылар
М: (үй тапсырмасын2 оқушыдан сұрау)
Шығармашылық жұмыстарын тексеру. Үй жануарларының суретімен бағалау.
Кеспе қағазбен жұмыс.
|
№1
|
№2
көбейеді?
көбейеді? |
М: – Оқушыларды суреттермен бағалау.
М: – Сендерге ата-аналарың қамқорлық жасайма?
«Сәйкестендір» тренингі.
IV. Үй тапсырмасын қорыту.
М: Жануарлар – табиғат перзенті, оларда артына ұрпақ қалдырады. Біздер қолымыздан келгенше оларға қамқорлық жасауымыз керек.
V. Қызығушылықты ояту.
М: Суретті жұмбақ. «Қайырымдылық»
Қайық ʼ ʼАраʼ Ы Мақта ʼʼʼʼ Допʼʼ Ы ʼʼБалық
М: – Қайырымдылық дегенді қалай түсінеміз? ( пікір алысу). Қайырымдылық – көмектесу, жәрдемдесу, қамқорлық деген мағынаны білдіреді.
VI. Мағынаны тану.
М: – Бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақыры:
Жануарлардың бір-біріне қайырымдылығы.
слайд. (түлкі суреті).
М: – Түлкі немен қоректенеді? (тышқан, қоян)
-
Сонда түлкі қоянға дос па, әлде жау ма? (жау)
-
Бірақ түлкінің де қайырымды болатын кезі бар екен. Соны оқып көрейік.
1 оқушы оқиды.
-
Аңшының тұзағына не түсті?
-
Аңшы нені көрді?
-
Аңшы не істеді?
-
Қоянды не босатты?
-
Сонда түлкі қоянға не істеді? (қайырымдылық көрсетті)
слайд. (түлкінің қоянды босатуы).
слайд. (арқар, суыр, шақшақай).
М: Арқар – өте ірі аң. Ол тау жайылымдарын мекендейді. Түнде мұзды биік алқапқа дейін өрлеп түнейді де, ертеңгісін жайылымға қайта түседі.
2 оқушы. ( суыр, арқар, шақшақай туралы оқиды).
-
Арқар қайда тіршілік етеді?
-
Арқар тынығу үшін қайда келеді?
-
Суырдың ініне, жақын жерге қандай құс ұя салады?
-
Неге?
3 оқшы. (арқар, суыр, шақшақайдың достығы туралы оқу)
-
Қауіпті жағдай сезілсе, шақшақай не істейді?
-
Суыр ше?
слайд. (тақырыптық сурет)
М: Бір-біріне сенетін үш дос, осылайша тіршілік етіп, жауларынан қорғанады.
VII. Сергіту сәті.
Бұғының үлкен ұясы бар,
Терезеден қарайды.
Қоян жүгіріп келеді,
Бұғының үйін көреді:
«Тук-тук, досым, есік аш,
Қашып келем аңшыдан».
Қоян, қоян келе ғой,
Қолыңды маған бере ғой.
-
Жануарлар арасындағы өзара қайырымдылық қатынасқа мысалдар келтіру.
слайд. (арыстан мен қозы) (әңгімелеу)
VIII. Семантикалық карта.
| Кейіпкер |
Өмір сүру ортасы |
Қоректенуі |
Қимыл-қозғалысы |
|||||||||
|
орман |
үй |
тау |
ет |
шөп |
жем |
жүреді |
жүзеді |
ұшады |
||||
| Арқар |
|
|
+ |
|
+ |
|
+ |
|
|
|||
| Түлкі |
+ |
|
|
+ |
|
|
+ |
|
|
|||
-
Адам мен жануар арасындағы әр түрлі қарым-қатынасқа мысалдар келтіру.
слайд.
ит
адам
жылқы
(оқушылардың ойын тыңдау).
IX. Ой толғаныс.
Тест.
-
Түлкі кімді көрді?
а) қоянды ә) аңшыны б) тұзақты
2. Арқар қайда демалуға келеді?
а) тауға ә) іннің маңына б) судың маңына
3. Үш дос жануарды тап:
а) түлкі ә) шақшақай б) арқар
арқар суыр суыр
суыр қоян шақшақай
-
Арқар жауының келе жатқанын не арқылы біледі?
а) дыбыс ә) жел б) ауа-райы
5. Шақшақай нені қорек етеді?
а) балық ә) бақа б) қоңыз
Бағалау парағы.
Сәйкестендір бағасы. Тест.
| «Сәйкестендір» |
|
| Тест |
|
«5» – 7 дұрыс «5» – 5
«4» – 5-6 дұрыс «4» – 4
«3» – 3-4 дұрыс. «3» – 3.
«Сәйкестендір» тренингі
Көбелек лақ
Балық марғау
Елік құралай
Мысық жұмыртқа
Қасқыр уылдырық
Киік күшік
Түлкі бөлтірік
X. Бағалау.
а) Оқушылардың өзін-өзі бағалауы.
б) Мұғалімнің бағалауы.
XI. Үйге тапсырма.
Жануарлардың бір-біріне қайырымдылығы. Адам мысық (қарым-қатынас туралы дәптерге жазып келу).
