«Жолда жүру ережесіне араналған жиын» тақырыбына сабақ жоспары

Балалардың көлік оқиғаларынан жарақаттануының алдын алу үшін атқаратын қосымша шаралар жоспары және оның негізінде құрылған ашық сабақ жоспары Сіздің назарыңызға ұсынылып отыр

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы. №41 «Назерке» МДҰ тәрбиешісі Аззатиева Қымбат Алдашқызы
«Жолда жүру ережесіне араналған жиын» тақырыбына  сабақ жоспары

Тәрбиеші: Әрбір жаяу жүргінші әр бала жол бойында сас сабырлықпен аспай-саспай жүріп тұруға тиіс.

1 бала: Ұшқалақ бала ұрыншақ,

Ойлылық-соны ұғынсақ.

Машина алдынан кеспесек,

Майып боп уайым шекпесек.

Тәрбиеші: Балалар, бағдаршам жарықтарын қалай пайдалануға болады?

 

Бағдаршам жарықтарына сәйкес тақпақтар айтатын үш қыз бала қызыл,сары жасыл көйлектер киіп шығады. Сондай ақ қолдарына көйлектерінің түстеріне сәйкес бағдаршам жарықтарын білдіретін қатты қағаздан немесе жұқа тақтайдан жасалған қалақша белгілер ұстап тұрады. Ал бағдаршам тұғырының кейпінде киінген қыз бала әдеби монтажды бастайды.

 

Бағдаршам: Көшеде бағдаршам болмаса,

Кісі жоқ жөн сілтер өзіңе.

Кідірме, абыржып онда аса,

Сенгейсің өзіңнің көзіңе.

Көшеде ортаға жеткенше,

Әуелі көзің сал сол жаққа.

Балақай, ортадан өткен соң,

Мойның бұр сол жақтан оң жаққа.

 

Қызыл жарық: Қызыл жарық жанғанда,

Қалт тоқтай қал табанда.

 

Сары жарық: Сары шамы жағылса,

Сақ, абай бол барынша!

 

Жасыл жарық: Жасыл жарық-жол ашық,

Зымырай бер, бел асып.

Бағдаршам: Бейғам кісі-бейбақ,

Болбыр, бейғам болма.

Бас аяқты ойлап,

Бол ұқыпты жолда.

 

Үш жарық қосылып: Ирек-ирек көшелер,

Көше деген мың ирек.

Қиындыққа әйтсе де,

Үйренесің біртіндеп.

Барар жерге асықпа,

Бәйге алмайсың, бұрын кеп.

 

Әдеби монтаждан кейін жиынның жетекшісі келесі сөз кезегін дәрігерге немесе автомобиль жүргізушіге береді.

Жиында балалардың көлікке қатысты ойындарымен, асфальтты жол үстіне салынған тақырыпқа байланысты суреттердің конкурсымен аяқтайды.

Балалардың көлік оқиғаларынан жарақаттануының алдын

алу үшін атқаратын қосымша шаралар жоспары

 

 

Р/С Атқарылатын жұмыстар Өткізілетін уақыты Жауапты адам
1

Балалар арасындағы жол көлік оқиғаларын болдырмау барысында өткізілетін жұмыстар бойынша әңгімелер мен баяндамалар.

 

Қыркүйек айы Тәрбиешілер
2

Ата-аналар жиналысында балалардың жол көлік оқиғаларынан зардап шегуін болдырмауға байланысты үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, олардың алдын алудағы ата- аналардың атқаратын рөлі.

 

3 айда бір рет

Тоқсан сайын

Тәрбиешілер
3

Арнайы көлік алаңдарында, көшелер қиылысында жол жүру ережелерінің саяхат сабақтарын ұйымдастыру.

 

Қыркүйек

Қазан

Қараша айларында

Тәрбиешілер
4

«Жол тәртібін білейік, есен-аман жүрейік»

«Бағдаршам -біздің досымыз»

«Көреген дәу қырағы»

тақырыптарына викториналық сұрақ-жауап ойындар.

 

Желтоқсан айы Тәрбиешілер
5

Қыс айларындағы көктайғақ кезінде балалардың жолда жүру қауіпсіздігін барынша мұқият сақтауын қадағалау.

 

Қаңтар

Ақпан айларында

Тәрбиешілер мен ата-аналар
6 Көктем айында кездейсоқ оқиғалардан балаларды қорғауға аранлған әңгімелер айту.

Наурыз

Сәуір,

Мамыр айларында

 

Тәрбиешілер

 

 

Оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Тобы: №3 «Наурыз» ересектер тобы

Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Қыс қызығы

Мақсаты: Балалардың қыс туралы түсінігін кеңейтіп, жыл мезгілінің ерекшелігін айтуға, байланыстырып сөйлеуге төселдіру. Табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Қар, суық, аяз, боран.

 

Әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

 

 

 

Мотивациялық қозғаушы

Артикуляциялық жаттығулар жасату. Жұмбақ шешкізу.

 

*Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тонады.

*Қолы жоқ сурет салады,

Тісі жоқ, тістеп алады.

*Көлдің беті көк әйнек,

Сырғанауға тым әйбат.

 

*Жаттығуларды жасады

*Жұмбақтың шешуін қар деп шешті

*Келесі жұмбақтың шешуін «аяз» деп шешсе, тағы бір жұмбақты «мұз» деп шешуін тапты.

 

 

 

 

 

 

 

 

Іздену ұйымдастырушы

*Казір қай мезгіл?

*Қыста адамдар қалай киінеді?

*Қыстап қалған құстар құстарға қалай көмектесеміз?

Балалардың назарын тақтадағы суретке аудару.

*Мына суреттерден нелерді байқап тұрсыңдар?

* «Қыс қызығы» ойынын ойнайық.

Үлестірмелі суреттер бердім.

Суреттерге қарап әңгіме құрастыру тапсырмасы.

*Қыста қандай ойындарды ойнағанды ұнатасыңдар?

*Ендеше «Аққала» ойынын ойнап жіберейік.

Аққаланың жетіспейтін бөлігін табу тапсырмасы.

*Қыста қандай мерекелер болады?

*Қазір қыс мезгілі.

Қысиа адамдар қалың киінеді. Қыстап қалған құстарға жем шашамыз.

*Қыс мезгілін, боранды күн, айнала аппақ қар.

 

 

Ойынды ойнауға кірісіп кетті.

 

*4-5 әңгіме құрастырды.

 

Шанамен ойнауды, қар атысу, аққала жасағанды ұнатамыз.

*Балалар жұмулы көзбен барып, аққаланың бір мүшесін жабыстырады.

 

Жаңа жыл мерекесі болады.

  • «Көңілді қыс» тақпағын айтты.

Рефлексивті коррекциялаушы

*Балалар, сендерге қыс мезгілі қатты ұнайды екен, алған әсерлерімізді сурет арқылы жалғастырайық.

*Көңілді қыс» суреттер көрмесін жасаймыз. Іс-әрекетін қорытындылай келе мадақтау.

*Балалар қыстан қалған әсерлерін қағаз бетіне түсіреді.

*Бір – біріміз салған суреттерімізді қызықтап қарайық.

 

 

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі?: Балалар табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге, қамқор болуды біледі.

Қандай түсініктерді игерді? Балалар көргендері мен аңғарғандарын дұрыс баяндауға, байланыстырып сөйлеу дағдысын игерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Балалар қыс туралы түсініктерін кеңейтіп, жыл мезгілінің ерекшеліктерін айтуға дағдыға айналдырады.

Сабақтың тақырыбы: «Қыс қызығы»

 

Сабақтың мақсаты: Балалардың қыс туралы түсінігін кеңейтіп, жыл мезгілінің

ерекшелігін айтуға, көргендері мен аңғарғандарын дұрыс

бағалауға, байланыстырып сөйлеуге төселдіру.

 

Көрнекіліктер: Қыс көрінісін сипаттайтын суреттер, қыс құбылыстары

бейнеленген суреттер, үнтаспа, сурет салуға аранлған құралдар,

түрлі-түсті бояулар, губка, ақ парақ.

 

Меңгерілетін сөздер: аппақ, үлпілдек, күмістей, қырау.

 

Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу, көрсету, сұрақ-жауап, түсінік беру.

 

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Сабаққа қатысты көрнекі құралдар, сурет

салуға фон жасау.

 

Сабақтың барысы:

 

Тәрбиеші: Балалар, бәрін де қандай әдемісіңдер, маған өте ұнап тұрсыңдар.

Бүгінгі сабақты жұмбақ-өлең айтудан бастаймын.

 

Аяз қысып, өрнек сызып,

Терезеңді торлайды.

Қарға омбығып, бет домбығып,

Сырғанап балалар ойнайды.

Кейде ұлып, кейде ысқырып,

Ұйытқып боран соғады.

Балаларым, айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс айларын атаңдаршы?

-Қыстың қандай ерекше белгілерін білесіңдер?

 

Айналаның бәрін аппақ қар басады, күн суық, аяз болады.

 

Қыс ханшайымы: Ой, қандай, балалар! Сәлеметсіздер ме, балалар! Аяздатып, борандатып келіп қалдым сендерге.

 

-Балалар қыс мезгілі сендерге ұнай ма?

 

Қыстың аяқталуына да аз уақыт қалды. Сендердің қыс ерекшеліктері туралы не білетіңдеріңді білгім келеді.

 

-Қане, сиқырлы қарым ашылшы,

Ішінен қарлар шашылшы!

Сиқырлы қар.

 

1- тапсырма: Сюжетті сурет бой ынша әңгімелету.

 

«Қысқы орман»

 

Орман іші неткен керемет әдемілік! Аңдар да көп екен, солай ма, балалар!?

 

-Қоянды қарандаршы, не ойлап тұр екен -деп ойлайсыңдар?

Мені көріп қойды, маған тиетін болды,- деп қорқып тұрғандай.

-Түлкіні қандай?

-Қу, құйрығымен бұлаң-бұлаң етеді.

-Орман ішіндегі ағаштар қандай?

(Ағаштар, шыршалар өте көп.)

-Қандай құстар қыстап қалады?

(қарға, сауысқан, суықторғай, сары шымшық, кептер) Құстар табиғатты қорғайды.

 

-Кім құстар туралы тақпақ біледі?

 

Қарға, қарға, қарғалар,

Қар үстінде жорғалар,

Боран соқса қор болар,

Бұтаға келіп қарғалар.

 

Торғай, торғай, тоқылдақ,

Жнрден тары шоқып-ап,

Бөтегесі томпайып,

Шіп-шіп десіп отырар.

 

«Сиқырлы қар»

 

2-тапсырма: Дамытушылық ойын-тапсырма «Не жетіспейді?»

 

Шарты: Сурет мазмұнына байланысты керекті заттарды тауып, анықтау.

 

«Сиқырлы қар»

 

3-тапсырма: Қыс мезгіліне байланысты жұмбақ, тақпақтар.

 

Қыста жер бетін басады, Қолы жоқ сурет салады,

Жазда сайға қашады. Тісі жоқ, тістеп алады.

(қар) (Аяз)

 

Көлдің беті көк әйнек,

Сырғанауға тым әйбат.

(Мұз)

Аяз келіп қаһарлы, Қар жатыр аппақ,

Айналаны қар жапты. Ойнауға жақсы-ақ.

Ақ тон киіп орман тұр, Осындай шақта

Дәл атамдай салмақты. Кім үйде жатпақ?

 

Айналамда ұшып жүр, Жерге көрпе жайылды,

Ақ мамық қар себелеп. Қаймақтанды су беті.

Қалт-құлт еткен бейне бір, Терезеге салынған,

Ақ қанатты көбелек. Талай көрдім суретті.

 

«Сиқырлы қар»

 

4- тапсырма:

 

Тәрбиеші: Балалар, шаршаған сияқты. Денемізді сергітіп, ойын ойнайық!

 

Қыс ханшайымы: Балалар, мен де шаршадым, сендермен бірге ойнайыншы!

 

Бәріміз орнымызда тұрып, шаңғы тебеміз.Коньки тебеміз, қар лақтырысып ойнаймыз.

-Ойын ұнады ма, балалар?

 

«Сиқырлы қар»

 

5- тапсырма: Көлеңке театры арқылы табиғатта болатын құбылыстарды қарап, анықтау. Боранның соғуын, жаууын, балалардың шанамен сырғанауын қарау.

 

-Балалар сендерге қыс мезгілі қатты ұнайды екен.

 

Есіне сақтау керек: Қарды, мұзды жеуге болмайды! Қыстыгүні темір заттарды тіліңмен жалама, жарақаттап аласың! Осындай ережелерді есімізде сақтауымыз керек!

 

Сиқырлы қар:

6-тапсырма: Қыс туралы әсерімізді сурет арқылы жеткізейік!

 

Әркім өзінің кішкентай тақтасына қыс мезгілін сипаттай отырып бейнелейді.

 

-Балалар қараңдаршы, қандай қысқы орман пайда болды. Керемет жұмыстар жасадыңдар.

 

Қыс ханшайымы: Балалар, қыстың ерекшеліктері туралы жақсы білетіндеріңді көрсеттіңдер. Сыйлыққа енді жеттіңдер!

Сиқырлы қарым ашылшы,

Ішінен сыйлық шашылшы!

Мына сиқырлы қарлар сендердікі, мен басқа жерге кетіп барамын.

Сау болыңдар!

Тәрбиеші: Балалар мен сендерге өте ризамын. Сабаққа өте тамаша қатыстыңдар.Рахмет айтамын. Сабақ аяқталды.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше