Без рубрики

ТЕХНОЛОГИЯ

                                                           Қызылорда облысы Қармақшы ауданы

№80 мектеп-гимназияның

 ТЕХНОЛОГИЯ пәні мұғалімі

Шүкірәлиева Г

 

 

                               Сабақтың тақырыбы: Бұйымның жағасын және майда бөліктерін

өңдеу,әрлеу.

                               Сабақтың мақсаты:

                               А)Білімділік: Оқушыларға жаға,жең,қалта үлгілерінің

ерекшеліктері,өңдеу,әрлеу тәсілдері туралы мағлұмат беру.

                               Ә)Дамытушылық: Кәсіптік бағдарға қызығушылығын

арттыру,қолмен,тігін машинасымен бұйымды әрлеу қабілетін

дамыту.

                               Б)Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа,сыйластыққа,эстетикалық талғаммен

киінуге, жолдастық көмек көрсетуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Типі:аралас.

Сабақтың әдісі: Жаңа сабақты меңгеру,сарамандық жұмыс,суреттеме сұрағы, мультимедия, кітапша.

Пәнаралық байланыс: бейнелеу,математика,тарих,әдебиет.

Көрнекілігі: Жаға түрлері,бұйым бөлшектері,лента,бейка,қалта өңдеу.шілтер

Пайдаланған әдебиеттер: «Мектептегі технология», «Шьем сами», «Іс тіге біл» журналдары,оқулық.
Қажетті құралдар: Қайшы,ине,жіп,тігін машинасы,сантиметрлік таспа, бор,  сабын, масштаб сызғыштары.

Жабдықтар:үлгілер,бұйым бөлшектері,маталар,беймата,лента,бейка,шілтер.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

А)Сынып оқушыларымен амандасу,түгелдеу,журналға белгілеу.

 

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

 

Б) Суреттеме сұрақтарына жауап алу.

В)Бұйымдарын қорғау.

ІІІ.Үй тапсырмасын бекіту.

Еңбек,тігіе,қолөнер,ою-өрнекке мақал-мәтелдер айту.

1.Кедеймін деп қысылма,

Өнерің болса қолыңда.

2.Түйменің инесіз күні жоқ.

3.Көрікті ісің үлгі болар,

Көріксіз ісің күлкі болар.

4.Көз қорқақ,қол батыр.

ІV.Жаңа сабақ.

-Оқушылар біз қандай бұйым тігіп жатырмыз?

-Блузка,яғни кофта.

-Осы блузканың майда бөліктері туралы мультимедия тақтасынан түрлерімен танысайық.

 

 

 

 

 

 

(Коко шанель өмірінен үзінді)

 

 

 

 

(сарамандық жұмыс)

 

Шеттіктелген қондырмалы жаға.Қондырылған шеттіктің ені дайын күйінде 0,2-0,5см болу керек.Қиғаш жолақты одан бес есе енді етіп қиып алады.Шеттіктеуге дайын бейканы алып,жаға жиегіне тігуді бастайық.

Шілтерлі қондырмалы жаға. Қондырмалы шеттікті жаға сияқты өңдейді. Айырмашылығы: жағаның қондырып тігу сызығы ұшына қарай жіңішкереді.

 

(жағаны өңдеу киносын тамашалайық)

 

 

(жасырын сөзді түсіндіру,шапан кигізу)

 

V.Бекіту.

(Жақсы жасалған жұмыстарды атап өтіу,қателерді талдау)

VІ.Қорытындылау.

Жағаның қандай түрлері бар?

Жаға шеттерін немен әшекейлеуге болады?

Қалта неше түрге бөлінеді?

VIІ.Бағалау.

(Жұмыс орнын жинау,бағалау.)

VIIІ.Үйге  тапсырма беру.

(Тест кітабын ұсыну,жауаптарын тауып келу)

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.