"Арманы асқақ оқушы" байқауы

Арманы асқақ оқушы» байқауына қатысушы 3-сынып оқушысы Берік Алтын Берікқызы

«Арманы асқақ оқушы» байқауына қатысушы
3-сынып оқушысы Берік Алтын Берікқызы
Жезқазған қаласы №8 қазақ гимназиясы бастауыш
сынып мұғалімі Утеулиева Гаухар Магазовна

     Болашақта менің шәкіртім дизайнер- модельер болғысы  келеді. Ол әртүрлі киім тігіп, сәндегенді ұнатады. Теледидардан сән туралы бағдарламаларды көп көріп, сән туралы журналдарды көп оқиды. Әр түрлі үлгідегі киімнің суреттерін жинайды. Өзі де киімді талғап кигенді ұнатады. «Адам көркі шүберек » дегендей, ол өзінің көрікті, әдемі болып  көрінуіне тырысады.

Сондай-ақ Алтын сыныптың үздік,белсенді оқушыларының бірі.Әр түрлі интеллектуалдық сайыстардың,ғылыми жобаларға қатысушы оқушылардың бірі. Мен Алтынның болашығынан көп үміт күтемін.Болашағың алтындай жарқырай берсін! Арманыңа жет! Сенімімізді ақтай біл! Еңбегіңнің жемісін көр!

 Алтынның болашақта мамандық таңдауда  үлгі тұтатын адамы- Құралай Нұрқаділова.Құралай Нұрқаділова- дизайнер, суретші, стилист, «Құралай» сән үйінің жетекшісі.  Құралай 1992 жылы Алматы мемлекеттік университетінің суретші- графика факультетін бітіреді. Творчестволық карьерасын 1990 жылы өткен «Азия дауысы» атты жас орындаушылар конкурсының режиссер көмекшісі мамандығынан бастайды. 1992 жылы «Сымбат» сән үйінде киім коллекциясын жасауда суретші- модельер мамандығы бойынша қызмет етеді. 1994- 1995 жылдары «Дала ТV» компаниясында, 1994- 1998 жылдары  «Хабар» телекомпаниясында, «Қазақстан-1» телекомпаниясында стилист болып қызмет етеді.   1995 жылы «Құралай» сән үйін құрды және осы сән үйінің жетекшісі болып тағайындалды.«Миссис Мәскеу 2002»,  «Азия Дауысы» , «Жас Қанат» конкурстарының бас стилисі болды.   2007 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық модалар палатасының директоры болып сайланады.   Құралай Нұрқаділова – атақты қазақстандық дизайнер- модельер. 

Алтынның мамандық таңдауына әкесі, анасы және мен үлкен бағыт беріп отырамын.  Ата- анасының сабақты жақсы оқы, үлкенді тыңда, үнемі жинақы, таза жүр деген ақыл- кеңестерін тыңдап, естен шығармай отыруға тырысады. Алтын да Құралай Нұрқаділова сияқты тарихымды өз қолыммен жасағым келеді деп армандайды. Әрине, мақсатқа жету үшін үлкен еңбек ету керек деп болашаққа үлкен сенім артады. Ол сән, дизайн туралы журналдар жинап, ғаламтордан әдемі киім үлгілерін іздеп, үнемі іздену-менің мақсатым дейді. Бос уақытында сурет салумен, киім үлгілерін пішумен айналысады.

Алтынның ұстанымы: «Тарихта атың қалу міндет емес, халқыңа өшпес мұра қалдыру міндет».

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.