Без рубрики

Жемістер

Амангелді негізгі мектебі

химия, биология пәнінің мұғалімі

Қуанышбаева Гүлзада Қамбарқызы

Биология 6-сынып

Тақырыбы: Жемістер

Мақсаты:Оқушыларға жемістердің түрлері, құрылысы олардың бір-бірінен айырмашылығы, адам өміріндегі маңызы жайлы түсінік беру.

Көрнекілігі:  тірек-сызбалар, кестелер

Сабақтың түрі:  жаңа сабақ

Сабақ беру әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақ барысы:   1. Ұйымдастыру кезеңі

Психолгиялық дайындық

         2. Үй жұмысын тексеру.

Сұрақ-жауап арқылы үй жұмысын сұрау.

  1. Жынысты көбею дегеніміз не?
  2. Тозаңдану түрлері қандай?
  3. Өздігінен тозаңдану дегеніміз не?
  4. Айқас тозаңдану деген не?
  5. Ұрықтану жолын түсіндіріңіз?

Биологиялық диктант.

  1. Аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы—(ұрықтану)
  2. Гүлдің көбеюге қатысатын бөлімдері — (аталық пен аналық)
  3. Бір гүлдің аталық тозаңының сол гүлдің аналығының аузына (қос жынысты

гүл) түсуі — (өздігінен тозаңдану)

  1. Бір гүлдің аталық тозаңының екінші гүлдің аналығының аузына түсуі — (айқас тозаңдану).
  2. Қосарлы ұрықтануды ашқан кім? (С.Г.Навашин)
  3. Бунақденелілер арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктерді атаңдар — (шие,

алхоры, алма ағаштары, лимон, шай, асқабақ).

  1. Жел арқылы тозаңданатын өсімдіктерді атаңдар — (қант қызылшасы, құлмақ, жүгері, қарабидай, қарасора)

3. Жаңа сабақ.

І кезең: Ой шақыру.

Сыныпқа сұрақ: а) жемістер дегенде қандай ой келеді?

—         өздеріңіз білетін жемістерді атаңыздар.

—         қолыңызбен ұстап, дәмін татып жүрген қандай жемістерді білесіздер?

Тақтадағы суреттік сызбалар көрсетіледі. Оқушылар ненің суреті екенін тауып, жауабын айту арқылы өтілетін сабақтың тақырыбын табады.

Тамыр → Сабақ → Жапырақ → Гүл → Жеміс

    ІІ кезең: Жаңа сабақты суреттік тірек-сызбалар арқылы түсіндіру.

Өсімдік гүлдеп болғаннан кейін ұрықтанған аналықтың жатыны жеміске айналады – мұны жемістер деп атаймыз.  Жемістің түзілуіне жататынымен бірге гүлдің басқа да бөліктері қатысады, жеміс қабырғасы сыртқы, ортаңғы, ішкі қабаттардан тұрады. Бұл қабаттарды қосып жемс серігі дейді. Барлық гүлі өсімдіктердің жемістері шырынды және құрғақ деп 2 топқа бөлінеді.

Жемістер

                  Шырынды                                                                    Құрғақ

 

 

шырыны мол, жұмсақ болады                    қабығы қатты, сүектенген, құрғақ (кебу)

болады

жидек, жидек тәрізді, сүйектішырынды

бұршаққап, бұршаққын, қауашақ, дәнек,

тұқымша, қанатты жеміс,жаңғақ т.б.

Жалпы өсімдіктер екі түрде өседі

 

         Жабайы                                                                                Мәдени

 

 

долана, тікенгүл, бүлдірген,                   тағамдық                                  дәрілік

итмұрын

                                             ө с і м д і к т е р і

алма, алмұрт, алхоры,                                                        алмұрт, алма, өрік, бүлдірген,

өрік, шабдалы                                                             алхоры, құлпынай

ж а с а л а т ы н   т а ғ а м д а р ы

шырын, компот, салат дайындалады                        жемістерінің дәнінен, тамыры-

әрі кептіріп алады                                                      нан дәрі алынады

 

ІІІ кезең. Тақырып соңындағы тапсырмалар:

1 тапсырма. Берілген жемістерді кестеге топтастырып бөліп жазыңыз.

  1. Қауашақ              2. Жидек             3. Сүйекті шырынды            4. Дәнек
  2. Бұршаққап          6. Жидек тәрізді   7. Алма жеміс            8. Асқабақ жеміс

  3. Жаңғақ                10. Бұршаққын

Шырынды жемістер Құрғақ жемістер
12

3

4

5

12

3

4

5

Тапсырма жауаптары

Шырынды жемістер Құрғақ жемістер
1. Жидек2. Сүйекті шырынды

3. Жидек тәрізді

4. Алма жеміс

5. Асқабақ жеміс

1. Қауашақ2. Дәнек

3. Бұршаққап

4. Жаңғақ

5. Бұршаққын

 

2 тапсырма. Сызықтық диктант.

“    ”  дұрыс “ —” қате

  1. Піскен жемістің дәмдік сапасын жоғары, әрі тәтті.
  2. Нашар піскен жеміс ұзақ уақыт сақталады.
  3. Үсіген жемістердің дәмдік құндылығы артады.
  4. Шырынды жемістер шырыны мол, әрі жұмсақ.
  5. Шіріген жемістер адам өмірін ұзартады.
  6. Жемістер хош иісті әрі дәмді.

Жауабы:

0       1       2       3       4       5       6

3 тапсырма. Суретті сипаттаңыз: (құлпынай, таңқурай, қызанақ суреттері беріледі)

  1. Сызбада қандай өсімдік жемісі берілген?
  • Бұл жеміс жемістердің қай тобына жатады?

  •  

     

     

     

    Жауаптары:

    Өсімдік жемісі Жеміс тобы
    1. Құлпынай Жинақталған жеміс (көпжаңғақшалы)
    2. Бүлдірген Жинақталған жеміс (көпсүйекті)
    3. Қызанақ Шырынды (жидек жеміс)

     

    ІV кезең. Топтастыру.

    І. а) Сүйекті жеміс                         б) Жидекті жеміс

    1. шие                  3. жүзім               5. қызанақ
  • қарақат           4. алхоры            6. шабдалы

  • ІІ. а) Дәнек                                     б) Тұқымша

    1. күнбағыс             3. тары                5. өгейшөп
    2. бидай                  4. бақбақ             6. күріш

    Жауаптары: а) 2,3,6  б) 1,4,5

    V кезең. Үйге тапсырма §26 оқу

    «Менің сүйікті жемісім» тақырыбында реферат жазу

    VІ кезең. Қорытынды

     

    Бағалау парағы

    Ұпайы Бағасы
    15-18 “5”
    12-14 “4”
    8-10 “3”

     

    Әр тапсырмаға қойылған ұпай санын қосып қорытынды бағасын шығару:

    Р/с Оқушыныңаты-жөні Кесте толтыру Сызықтық диктант Топтастыру Суретті сипаттау Қорытынды
    1
    2
    3

     

     

     

    Амангелді негізгі мектебі

    химия, биология пәнінің мұғалімі

    Қуанышбаева Гүлзада Қамбарқызы

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.