Без рубрики

«КЕҢСЕ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚҰПИЯЛАРЫ» сабақтан тыс іс — әрекеттің жұмыс бағдарламасы

«Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебі» мемлекеттік мекемесі

«Кеңсе техникасының құпиялары»

сабақтан тыс іс — әрекеттің жұмыс бағдарламасы

  

Құрастырушы – автор:

Мыңжасарова Светлана Кенбайқызы

информатика пәні мұғалімі

Тұрмағамбет ауылы, 2013ж

«Кеңсе техникасының құпиялары» сабақтан тыс әрекеттің жұмыс бағдарламасы. 5 – 7 сыныптар. Құрастырушы – автор: Мыңжасарова Светлана Кенбайқызы, информатика пәнінің мұғалімі.

 «Кеңсе техникасының құпиялары» сабақтан тыс әрекеттің жұмыс бағдарламасы 11 – 13 жастағы (5 – 7 сынып) балаларға арналған, қазіргі заманғы кеңсе техникасы мен ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ойын, тәжірибе, жобалау және зерттеу іс — әрекеттері арқылы оқушылардың әлеуметтік ілімін қалыптастыруға танымдық өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Оқу бағдарламасы бейінді – бағдарлы оқытуға негізделген ақпараттық – технологиялық бағытты көздейді.

 «Кеңсе техникасының құпиялары» сабақтан тыс әрекеттің жұмыс бағдарламасы – «Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебі» мемлекеттік мекемесі, 2013ж, бет.

 

 Мазмұны:

Түсінік хат……………………………………………………………………………………

Жоспарланған нәтиже………………………………………………………………..

Тақырыптық жоспар…………………………………………………………………

Бағдарлама мазмұны…………………………………………………………………

Оқыту процесін оқу — әдістемелік және

материалды – техникалық қамтамасыз ету түсінігі………………….

Қорытынды……………………………………………………………………………..

Түсінік хат

 Қазіргі заманғы адамның жетістігі жаңа технологияларды білуіне және пайдалана алуына, белсенді өмір көзқарасына, уақытын ұтымды пайдалана алуына және болашағын жоспарлауына байланысты анықталады.

Еңбек нарығындағы қажеттіліктерді зерттейтін аналитиктердің хабарлауы бойынша жақын болашақта өзін — өзі дамытуға, білім алуға және танымдық мақсаттағы іс — әрекеттер қалыптастыруға дайын мамандар қажеттілігі артады. Бұл мамандар ақпараттық технологиялар саласында білімі мен тәжірибелік өтілі үлкен ролге ие кәсіби, әлеуметтік қажеттіліктерді бойларына жинақтайды. Бұл – болашақта табысты, абыройлы, беделді және қазіргі техниканы мүлтіксіз меңгерген жас ұрпаққа міндеттелген талап.

Балаларға сенімді болашақ жасау үшін оларға оқыту бағытын дұрыс таңдауға және кәсіби іс — әрекеттің келешектегі сферасына қажетті ілім алуға жағдай жасау керек.

«Кеңсе техникасының құпиялары» сабақтан тыс әрекеттің жұмыс бағдарламасын игеру кезінде оқушылардың мәтіндік құжаттарды, визиткаларды, түйіндемелерді дайындау, кеңсе техникасымен (дербес компьютер, принтер, сканер, ксерокс) жұмыс жасау дағдылары қалыптасады.

  «Кеңсе техникасының құпиялары» сабақтан тыс әрекеттің жұмыс бағдарламасының мақсаты:

Ақпараттық технологиялар мен қазіргі кеңсе техникаларын пайдалана отырып оқушылардың ақпараттық және компьютерлік сауаттылығын қалыптастыру.

 Міндеттері:

Білімділік:

—         ақпаратты құру және құрылымдау дағдысын қалыптастыру;

—         берілген тапсырмаға орай деректерді өңдеуге арналған сәйкес бағдарламаларды пайдаланып, деректерді көрсету тәсілдерін (кесте, сызба, диаграмма) таңдай білу;

—         компьютерлік бағдарламалар мен Интернетті қауіпсіз және орынды пайдалана білу дағдысын қалыптастыру.

 Дамытушылық:

—         қазіргі кеңсе техникасы мен ақпараттық технологияларды пайдалу арқылы зерттеу және жобалау жұмыстарына танымдық қызығушылығын арттыру.

 Тәрбиелік:

—         ақпараттармен күрделі әрекеттер жасацу арқылы өзін — өзі тану мен өзін — өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыруға ықпал ету.

«Кеңсе техникасының құпиялары» сабақтан тыс әрекеттің жұмыс бағдарламасы 11 – 13 жастағы (5 – 7 сынып) оқушылардың сабақтан тыс әрекеттерін үйірме түрінде ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бағдарлама 11 – 13 жастағы балалардың психологиялық – педагогикалық  даму ерекшеліктеріне сәйкес жасалған.

«Кеңсе техникасының құпиялары» сабақтан тыс әрекеттің жұмыс бағдарламасы тақырыптарының мазмұны қазақ тілі, технология және информатика пәндерінің жалғасы болып табылады.

 Сабақ пен сабақтан тыс әрекеттердің байланысы

 

Пәні

Оқу пәндерінің тақырыбы

«Кеңсе техникасының құпиялары» бағдарламасының тақырыптары

Қазақ тілі

Әртүрлі жанрдағы іс құжаттарының жасалуы Арыз жазу

Қазақ тілі

Әртүрлі жанрдағы іс құжаттарының жасалуы Түйіндеме жасау

Информатика

Мәтіндік редакторды пайдаланып мәтін құру Мәтін өңдеу әдістері

Информатика

Мәтіндік редакторды пайдаланып мәтін құру Мәтін енгізу және өңдеу

Информатика

Мәтін фрагменттерімен жұмыс Мәтін пішімдеу тәсілдері

Информатика

Мәтін фрагменттерімен жұмыс Дайын құжатты пішімдеу

Информатика

Мәтінді басып шығару Түрлі – түсті және қара – ақ құжаттар мен графикалық бейнелерді басып шығару үшін принтерлерді баптау

Информатика

Мәтінге тізім, кесте, сурет, диаграмма, формула кірістіру Кестелерді құру және өңдеу тәсілдері

Информатика

Сканердің, графикалық редактор құралдарының көмегімен бейнелерді кірістіру Түрлі – түсті, қара – ақ графикалық бейнелерді сканерлеу

Информатика

Мәтінге тізім, кесте, сурет, диаграмма, формула кірістіру Мәтіндік редакторда диаграмма кірістіру

Информатика

Айырып тану бағдарламалары мен сканерді пайдаланып мәтін жазу Fine Reader бағдарламасында мәтінмен жұмыс

Информатика

Сканердің, графикалық редактор құралдарының көмегімен бейнелерді кірістіру Adobe Photoshop бағдарламасымен танысу

 

Сканердің, графикалық редактор құралдарының көмегімен бейнелерді кірістіру Adobe Photoshop бағдарламасында графикалық бейнелерді өңдеу

Технология

Техника және технология дамуының басым бағыттары Кеңсе техникасының түрлерімен танысу

Технология

Техника және технология дамуының басым бағыттары Құжаттар мен бейнелерді көшірмелеу

 

Іс — әрекет түрлері мен сабақ өткізу формалары

 Бағдарлама сабақтан тыс әрекеттің танымдық және ойын түрлеріне бағытталған. Пікірталас, әңгімелесу, дөңгелек үстел, жобалау және зерттеу формалары бар теориялық және практикалық сабақтарды қарастырады.

 

Сабақты өткізу орны мен тәртібі

 102 сағат 3 жылда оқытылады (әр жылға – 34 сағат)

 Сабақтар оқу кезінде сабаққа дейін немесе сабақтан кейін аптасына 1 рет жаңа заманғы техникамен (дербес компьютерлер, принтер, сканер, ксерокс) жабдықталған дәрісханада өткізіледі. Демалыс уақытында кеңсеге немесе техникалық компьютерлік орталыққа саяхат ретінде өткізуге болады.

Бұл сабақтан тыс әрекеттің тиімділігі мен нәтижелілігі келесі шарттарға байланысты:

—         оқушылардың қатысу ықтиярлығы мен өзін көрсете білу;

—         баланың бастамасы мен мұғалім бағытының сәйкес келуі;

—         жеке және топтық іс — әрекеттің сәйкес келуі;

—         жұмыстық қызық және жаңалыққа толы мазмұны, формалары мен әдістері;

—         барлық жоспарланған іс – шаралардың нақты ұйымдастырылуы мен ұқыпты дайындығы;

—         іс — әрекеттің болашағының болуы, әртүрлі деңгейдегі зерттеу жұмыстарына қатысу мүмкіндігі;

—         оқушылар белсенділігін арттыру үшін педагогикалық әдістерді кеңінен пайдалану.

 Жоспарланған нәтижелер:

«Кеңсе техникасының құпиялары» бағдарламасын игеру барысында оқушылар жеке, регулятивті, коммуникативті және танымдық әмбебап оқу әрекеттерін, жүйелік білімді игеру дағдысын психологиялық – педагогикалық және аспапты негізде қалыптастырады, ауызбіршілікке, келісімге, коммуникативті, жеке және әлеуметтік мағынаға ие мәселелерді шешуге, шешімдерін практикада қолдану, өзін — өзі тану, өзін — өзі дамыту қабілеттерін қалыптастырады.

Метапәндік нәтижелер төмендегіше әмбебап оқу әрекеттері болып табылады:

Жеке әмбебап оқу әрекеттері:

—         оқу – танымдық негізде өзін — өзі тану қабілеті, соның ішінде бейінді – бағдарлы бағытты таңдауы;

—         өз ойын ашық білдіру және қорғау, құрылымдық диалог жүргізуге дайын болу;

—         әртүрлі қор көздерінен ақпарат алуға, талдау жасауға, керекті білім көздерін табуға дайын болуы;

 Регулятивті әмбебап оқу әрекеттері:

—         жаңа мақсаттар қоюға, тәжірибелік тапсырманы танымдыққа ауыстыруға қалыптастыру;

—         мұғалім көрсеткен әрекеттері негізінде мақсатқа жетудің талаптарын өз бетінше талдау;

—         мақсатқа жету жолдарын жоспарлау;

—         уақытын өзбетінше бақылау және басқаруды білуі;

—         проблемалы жағдайларда әңгімелесу арқылы шешім қабылдау;

—         әрекеттің дұрыс орындалуын өзбетінше бағалай алуы және орындалу барысында және соңында қажетті өзгертулер енгізу.

 Коммуникативті әмбебап оқу әрекеттері:

—         ынтымақтастықта әртүрлі пікірлерді ескеру және әртүрлі бағытта дәлел келтіруге талпыну;

—         өз ойы мен бағытын қалыптастырып, дәлелдер келтіру, ынтымақтастықта ортақ шешім қабылдау кезінде серіктестіктердің бағытымен сәйкестендіру;

—         шешім қабылдап, таңдау жасамас бұрын әртүрлі көзқарастарды салыстыру.

 Танымдық әмбебап оқу әрекеттері:

—         жобалау – зерттеу негіздерін жүзеге асыру;

—         зерттеу барыснда ашылған құбылыстарды, процестерді, байланыстар мен қарым – қатынастарды түсіндіру;

—         мұғалім жетекшілігімен тәжірибе және бақылау жүргізу;

—         мәселені шешу тәсілдерінің нәтижелілерін таңдау.

 

«Кеңсе техникасының құпиялары» бағдарламасының тақырыптық жоспары

 5 сынып

 

Мерзімі

Бағдарлама бөлімі

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Іс — әрекет түрі

Әмбебап оқу әрекеттері (ӘОӘ)

Бақылау формасы

Барлығы

Лекция

Практика

Қыркүйек

Кіріспе

(1 сағат)

Кіріспе сабақ

1

1

 

Кеңсеге саяхат

Жеке ӘОӘ:

—       оқу – танымдық мақсат.

Регулятивті ӘОӘ:

—       мақсатқа жету жолдарын жоспарлау.

Коммуникативті ӘОӘ:

—       өз әрекетін ұйымдастыруға қажетті сұрақтар қою.

Танымдық ӘОӘ:

— мұғалім жетекшілігімен бақылау жүргізу.

 

Бөлім бойынша барлығы:

1

1

 

 

 

 

MSWORD мәтіндік редакторы (33 сағат)

Мәтінді редакциялау әдістері

1

1

 

Дөңгелек үстел

Жеке ӘОӘ:

—       оқу – танымдық мақсатпен өздігінен білім алуға дайын болу.

Регулятивті ӘОӘ:

—       жаңа оқу материалдарын мұғалімнің берген бағдарын есепке алып, мақсатқа жетудің талаптарын өз бетінше талдау;

—       мақсатқа жету жолдарын жоспарлау;

—       уақытын өз бетінше бақылау және басқаруды білуі;

—       проблемалы жағдайларда әңгімелесу арқылы шешім қабылдау;

—       әрекеттің дұрыс орындалуын өзбетінше бағалау.

Коммуникативті ӘОӘ:

—       өз ойын тұжырымдап айту, дәлел келтіру;

—       өз іс — әрекетін ұйымдастыруға, серіктестерімен жұмыс жасағанда керекті сұрақтар қою.

—       Мұғаліммен, құрдастарымен оқу ынтымақтастығын құру және жоспарлау, қатысушылардың міндеттері мен мақсаттарын анықтау, жұмыстың ортақ тәсілдерін жоспарлау.

Танымдық ӘОӘі:

—       жобалау – зерттеу негіздерін жүзеге асыру;

—       зерттеу барысында ашылған құбылыстарды, процестерді, байланыстар мен қарым – қатынастарды түсіндіру;

— мәселені шешу тәсілдерінің нәтижелілерін таңдау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қабырға газеттерін шағын  жобаның нәтижесі ретінде «портфолионы» бағалау

Мәтінді енгізу және редакциялау

1

 

1

Практикалық жұмыс

Визитка жасау

1

 

1

Практикалық жұмыс

Қазан

Мәтінді пішімдеу әдістері

1

1

 

Дөңгелек үстел

Мәтінді пішімдеу әдістері: қаріптермен жұмыс

1

 

1

Практикалық жұмыс

Мәтінді пішімдеу әдістері: абзацты туралау

1

 

1

Практикалық жұмыс

Мәтінді пішімдеу әдістері: тізіммен жұмыс

1

 

1

Практикалық жұмыс

Қараша

Мәтіндік редакторда графикалық бейнелерді жасау, кірістіру және редакциялау әдістері

1

1

 

Ойын

Мәтіндік редакторда векторлық бейнелер жасау

1

 

1

Практикалық жұмыс

Мәтіндік құжатқа графикалық бейнелерді кірістіру және редакциялау

1

 

1

Практикалық жұмыс

Әртүрлі қаріпті пайдалану арқылы құттықтау қағазын жасау

1

 

1

Практикалық жұмыс

Желтоқсан

Графиканы пайдаланып құттықтау қағазын жасау

1

 

1

Практикалық жұмыс

Тәуелсіздік күніне құттықтау қағазын жасау

1

 

1

Практикалық жұмыс

Кестелерді құру және редакциялау тәсілдері

1

1

 

Ойын

Жолдар, бағандар және ұяшықтар қою және өшіру

1

 

1

Практикалық жұмыс

Қаңтар

Ұяшықтарды біріктіру және бөлу

1

 

1

Практикалық жұмыс

Кестелерді пішімдеу: ұяшықтарды бояу, шекаралардың түрлері мен түсі

1

 

1

Практикалық жұмыс

Үлгі бойынша кесте құру

1

 

1

Практикалық жұмыс

Сыныптың кезекшілік кестесін құру

1

 

1

Практикалық жұмыс

Ақпан

«Қыс кереметтері» тақырыбында қабырға газетін жасау

3

 

3

Практикалық жұмыс

Наурыз

Мәтіндік редакторда диаграммалар кірістіру

2

 

2

Практикалық жұмыс

Сәуір

Мектеп оқушылары арасында «Зиянды әдеттер» сауалнамасын жүргізу. Сауалнама нәтижесін талдау.

2

 

2

Зерттеу жұмысы

Мектеп оқушыларынан алынған сауалнама нәтижесі бойынша есеп беру құжатын жасау

2

 

2

Практикалық жұмыс

Мамыр

«Сыныптастарымның хоббилері» қабырға газетін жасау

4

 

4

Шағын жоба жасау және қорғау

 

Бөлім бойынша барлығы:

33

4

29

 

 

 

БАРЛЫҒЫ:

34

5

29

 

 

 

6 сынып

 

Мерзімі

Бағдарлама бөлімі

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Іс — әрекет түрі

Әмбебап оқу әрекеттері (ӘОӘ)

Бақылау формасы

Барлығы

Лекция

Практика

Қыркүйек

Кеңсе техникасы

(10 сағат)

Кеңсе техникасымен танысу

1

1

 

Кеңсеге саяхат

Жеке ӘОӘ:

—       оқу – танымдық мақсат.

 

Регулятивті ӘОӘ:

—       мақсатқа жету жолдарын жоспарлау.

 

Коммуникативті ӘОӘ:

—       өзара бақылау жүргізу, ынтымақтастыққа қажетті өзара көмек көрсету.

 

Танымдық ӘОӘ:

— мұғалім жетекшілігімен тәжірибе және бақылау жүргізу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Сканерленген құжаттарды жасау, сақтау және электронды поштамен жіберу» практикалық жұмысы

Түрлі – түсті және қара – ақ құжаттарды басып шығару үшін принтерді баптау

1

 

1

Практикалық жұмыс

Принтерді баптау және графикалық файлдарды басып шығару

1

 

1

Практикалық жұмыс

Құжаттарды сканерлеу

1

 

1

Практикалық жұмыс

Қазан

Түрлі – түсті және қара – ақ құжаттарды сканерлеу

1

 

1

Практикалық жұмыс

Fine Reader айырып тану бағдарламасымен танысу

1

1

 

Әңгімелесу

Fine Reader бағдарламасында мәтінді айырып тану

1

 

1

Практикалық жұмыс

Қараша

Құжаттар мен графикалық бейнелердің көшірмесін жасау

1

 

1

Практикалық жұмыс

http://www.mail.ru серверінде электрондық пошта құру

1

 

1

Практикалық жұмыс

Сканерленген құжаттарды жасау, сақтау және электронды поштамен жіберу

1

 

1

Практикалық жұмыс

 

Бөлім бойынша барлығы:

10

2

8

 

 

 

Желтоқсан

Компью терлік графика

(16 сағат)

MS PAINT бағдарламасымен танысу

1

1

 

Дөңгелек үстел

Жеке ӘОӘ:

—       оқу – танымдық мақсат

Регулятивті ӘОӘ:

—       мақсатқоюшылық, практикалық тапсырманы танымдыққа айналдыру;

—       мұғалім көрсеткен әрекеттері негізінде мақсатқа жетудің талаптарын өз бетінше талдау;

—       мақсатқа жету жолдарын жоспарлау.

Коммуникативті ӘОӘ:

—       өз іс — әрекетін ұйымдастыруға, серіктестерімен жұмыс жасағанда керекті сұрақтар қою;

—    ынтымақтастықта әртүрлі пікірлерді ескеру және әртүрлі бағытта дәлел келтіруге талпыну.

Танымдық ӘОӘ:

—       жобалау – зерттеу негіздерін жүзеге асыру;

—       зерттеу барысында ашылған құбылыстарды, процестерді, байланыстар мен қарым – қатынастарды түсіндіру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Фотоколлажды шағын жобаның нәтижесі ретінде «портфолионы» бағалау

MS PAINT-тың аспаптар тақтасы: сурет салу құралдары, масштаб

1

 

1

Практикалық жұмыс

MS PAINT-тың аспаптар тақтасы: жазу, кірістіру және қаріпті пішімдеу

1

 

1

Практикалық жұмыс

Қаңтар

MS PAINT-та палитраның жаңа түстерін жасау

1

 

1

Практикалық жұмыс

Графикалық бейнелерді редакциялау: бейнелеу және бұру

1

 

1

Практикалық жұмыс

Adobe Photoshop бағдарламасымен танысу

1

1

 

Дөңгелек үстел

Adobe Photoshop бағдарламасында сурет салу, ерекшелеу және көшіру құралдары

1

 

1

Практикалық жұмыс

Ақпан

Adobe Photoshop бағдарламасында шаю, жарықтандыру, күңгірттеу құралдары

1

 

1

Практикалық жұмыс

Adobe Photoshop бағдарламасында фотоның түсін түзету

1

 

1

Практикалық жұмыс

Adobe Photoshop бағдарламасында коллаж жасау

1

 

1

Практикалық жұмыс

Наурыз

«Мектеп мақтаныштары» тақырыбында фотоколлаж жасау

4

 

4

Шағын жоба жасау және қорғау

 

Бөлім бойынша барлығы:

16

2

14

 

 

 

Сәуір – мамыр

Жоба жасау және қорғау

(8 сағат)

Ұсынылған тақырыптар бойынша жоба жұмысы:

 

1. «Сыныбымның фотоальбомы»

 

2. Құттықтау қағазы

 

3. «Менің отбасым» фотоколлажы

 

4. «Атамның жеңісі – менің жеңісім» фотоколлажы

8

 

8

Жоба жасау және қорғау

Жеке ӘОӘ:

—       өз ойын ашық білдіруге және қорғауға дайын болу.

Регулятивті ӘОӘ:

— мұғалім көрсеткен әрекеттері негізінде мақсатқа жетудің талаптарын өз бетінше талдау;

Коммуникативті ӘОӘ:

—       өз ойын тұжырымдап айту, дәлел келтіру.

Танымдық ӘОӘ:

жобалау – зерттеу негіздерін жүзеге асыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жеке жобасын қорғау

 

Бөлім бойынша барлығы:

8

 

8

 

 

 

 

 

БАРЛЫҒЫ:

34

4

30

 

 

 

 

7 сынып

 

Мерзімі

Бағдарлама бөлімі

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Іс — әрекет түрі

Әмбебап оқу әрекеттері (ӘОӘ)

Бақылау формасы

Барлығы

Лекция

Практика

Қыркүйек

MS Publisher бағдарлама

сы

(10 сағат)

MS Publisher бағдарламасымен танысу

1

1

 

Дөңгелек үстел

Жеке ӘОӘ:

— оқу – танымдық негізде өзін — өзі тану қабілеті.

Регулятивті ӘОӘ:

—       мақсатқа жету жолдарын жоспарлау.

 

Коммуникативті ӘОӘ:

—       өзара бақылау жүргізу, ынтымақтастыққа қажетті өзара көмек көрсету.

 

Танымдық ӘОӘ:

— мұғалім жетекшілігімен тәжірибе және бақылау жүргізу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Буклетті шағын жобаның нәтижесі ретінде «портфолионы» бағалау

Жариялау түрін таңдау (буклет, бюллетень) және оны макеттер жиынтығынан құру

1

 

1

Практикалық жұмыс

Құрылым жасау (беттердің саны мен мазмұны, қаріптік және түстік сызбаларды таңдау)

1

 

1

Практикалық жұмыс

Мәтін мен график енгізу үшін өрістер қосу және өшіру

1

 

1

Практикалық жұмыс

Қазан

Обьектілерді топтастыру және ажырату

1

 

1

Практикалық жұмыс

Буклеттер мен бюллетеньдерді басып шығару

1

 

1

Практикалық жұмыс

Қараша

«Ауылдың науқас балаларына қол ұшын бер!» буклет жасау

3

 

3

Шағын жоба жасау және қорғау

 

Бөлім бойынша барлығы:

10

1

9

 

 

 

Желтоқсан

MS Power Point бағдарлама сы

(16 сағат)

MS Power Point бағдарламасымен танысу

1

1

 

Дөңгелек үстел

Жеке ӘОӘ:

—       оқу – танымдық мақсат

Регулятивті ӘОӘ:

—       мақсатқоюшылық, практикалық тапсырманы танымдыққа айналдыру;

—       мұғалім көрсеткен әрекеттері негізінде мақсатқа жетудің талаптарын өз бетінше талдау;

—       мақсатқа жету жолдарын жоспарлау.

Коммуникативті ӘОӘ:

—       өз іс — әрекетін ұйымдастыруға, серіктестерімен жұмыс жасағанда керекті сұрақтар қою;

—    ынтымақтастықта әртүрлі пікірлерді ескеру және әртүрлі бағытта дәлел келтіруге талпыну.

Танымдық ӘОӘ:

—       жобалау – зерттеу негіздерін жүзеге асыру;

—       зерттеу барысында ашылған құбылыстарды, процестерді, байланыстар мен қарым – қатынастарды түсіндіру;

—   мәселені шешу тәсілдерінің нәтижелілерін таңдау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Презентациянышағын жобаның нәтижесі ретінде «портфолионы» бағалау

Презентация жасау және безендіру әдістері. Дизайн ережелері

1

1

 

Ойын

Шаблон негіздерінде презентация жасау

1

 

1

Практикалық жұмыс

Мәтіндік жазбалар жасау және редакциялау: қаріптер, туралау және мәтін бағдары

1

 

1

Практикалық жұмыс

MS Power Point-та WordArt объектісін жасау.

1

 

1

Практикалық жұмыс

Қаңтар

Растрлық бейнелерді кірістіру және редакциялау

1

 

1

Практикалық жұмыс

Кестелері бар слайд жасау. Кестелерді безендіру

1

 

1

Практикалық жұмыс

Диаграммалары бар слайд жасау

1

 

1

Практикалық жұмыс

Ақпан

Презентациядағы анимация түрлері

1

1

 

Ойын

Анимация эффектілерімен жұмыс

1

 

1

Практикалық жұмыс

Презентацияға дыбыс енгізу және редакциялау

1

 

1

Практикалық жұмыс

Керекті слайдқа өту үшін басқару батырмаларын жасау

1

 

1

Практикалық жұмыс

Наурыз

«Менің сүйікті ауылым!» тақырыбында презентация жасау

4

 

4

Шағын жоба жасау және қорғау

 

Бөлім бойынша барлығы:

16

3

13

 

 

 

Сәуір – мамыр

Жоба жасау және қорғау

(8 сағат)

Ұсынылған тақырыптар бойынша жоба жұмысы:

 

1. «Дені саудың – жаны сау» буклет жасау

 

2. «Ауылым – алтын Ордам» буклет жасау

 

3. «Қазақстан қорықтары» презентация жасау

 

4. «Бейбіт өмірдің батырлары» презентация жасау

8

 

8

Жоба жасау және қорғау

Жеке ӘОӘ:

—       өз ойын ашық білдіруге және қорғауғадайын болу.

Регулятивті ӘОӘ:

—       мақсатқоюшылық, практикалық тапсырманы танымдыққа айналдыру;

—       мақсатқа жету жолдарын жоспарлау.

Коммуникативті ӘОӘ:

—       өз ойын тұжырымдап айту, дәлел келтіру, өз бағытынан айнымау.

Танымдық ӘОӘ:

жобалау – зерттеу негіздерін жүзеге асыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жеке жобасын қорғау

 

Бөлім бойынша барлығы:

8

 

8

 

 

 

БАРЛЫҒЫ:

34

4

30

 

 

 

 

 

Бағдарламаның мазмұны:

5 сынып

1. Кіріспе (1 сағат)

Кіріспе сабақ (кеңсеге саяхат)

 2. MS WORD мәтіндік редакторы (33 сағат)

Мәтінді редакциялау әдістері. Мәтінді пішімдеу әдістері. Мәтіндік редакторда графикалық бейнелерді жасау, кірістіру және редакциялау әдістері.

  1. Мәтінді енгізу және редакциялау
  2. Визитка жасау
  3. Мәтінді пішімдеу әдістері: қаріптермен жұмыс
  4. Мәтінді пішімдеу әдістері: абзацты туралау
  5. Мәтінді пішімдеу әдістері: тізіммен жұмыс
  6. Мәтіндік редакторда векторлық бейнелер жасау
  7. Мәтіндік құжатқа графикалық бейнелерді кірістіру және редакциялау
  8. Әртүрлі қаріпті пайдалану арқылы құттықтау қағазын жасау
  9. Графиканы пайдаланып құттықтау қағазын жасау
  10. Тәуелсіздік күніне құттықтау қағазын жасау
  11. Кестелерді құру және редакциялау тәсілдері
  12. Жолдар, бағандар және ұяшықтар қою және өшіру
  13. Ұяшықтарды біріктіру және бөлу
  14. Кестелерді пішімдеу: ұяшықтарды бояу, шекаралардың түрлері мен түсі
  15. Үлгі бойынша кесте құру
  16. Сыныптың кезекшілік кестесін құру
  17. «Қыс кереметтері» тақырыбында қабырға газетін жасау
  18. Мәтіндік редакторда диаграммалар кірістіру
  19. Мектеп оқушылары арасында «Зиянды әдеттер» сауалнамасын жүргізу. Сауалнама нәтижесін талдау.
  20. Мектеп оқушыларынан алынған сауалнама нәтижесі бойынша есеп беру құжатын жасау

 «Сыныптастарымның хоббилері» қабырға газеті түрінде шағын жоба жасау және қорғау

 6 сынып

1. Кеңсе техникасы (10 сағат)

Кеңсе техникасының түрлерімен танысу. Fine Reader айырып тану бағдарламасымен танысу.

Практикалық жұмыстар:

  1. Түрлі – түсті және қара – ақ құжаттарды басып шығару үшін принтерді баптау
  2. Принтерді баптау және графикалық файлдарды басып шығару
  3. Құжаттарды сканерлеу
  4. Түрлі – түсті және қара – ақ құжаттарды сканерлеу
  5. Fine Reader айырып тану бағдарламасымен танысу
  6. Құжаттар мен графикалық бейнелердің көшірмесін жасау
  7. http://www.mail.ru серверінде электрондық пошта құру
  8. Сканерленген құжаттарды жасау, сақтау және электронды поштамен жіберу

 2. Компьютерлік графика (16 сағат)

MS PAINT бағдарламасымен танысу. Adobe Photoshop бағдарламасымен танысу.

Практикалық жұмыстар:

  1. MS PAINT-тың аспаптар тақтасы: сурет салу құралдары, масштаб
  2. MS PAINT-тың аспаптар тақтасы: жазу, кірістіру және қаріпті пішімдеу
  3. MS PAINT-та палитраның жаңа түстерін жасау
  4. Графикалық бейнелерді редакциялау: бейнелеу және бұру
  5. Adobe Photoshop бағдарламасында сурет салу, ерекшелеу және көшіру құралдары
  6. Adobe Photoshop бағдарламасында шаю, жарықтандыру, күңгірттеу құралдары
  7. Adobe Photoshop бағдарламасында фотоның түсін түзету
  8. Adobe Photoshop бағдарламасында коллаж жасау

 «Мектеп мақтаныштары» тақырыбында фотоколлаж ретінде шағын жоба жасау және қорғау

 3. Жоба жасау (8 сағат)

Ұсынылған тақырыптар бойынша жоба жұмысын жасау және қорғау.

 7 сынып

1. MS Publisher бағдарламасы (10 сағат)

MS Publisher бағдарламасымен танысу.

Практикалық жұмыстар:

  1. Жариялау түрін таңдау (буклет, бюллетень) және оны макеттер жиынтығынан құру
  2. Құрылым жасау (беттердің саны мен мазмұны, қаріптік және түстік сызбаларды таңдау)
  3. Мәтін мен график енгізу үшін өрістер қосу және өшіру
  4. Обьектілерді топтастыру және ажырату
  5. Буклеттер мен бюллетеньдерді басып шығару

 «Ауылдың науқас балаларына қол ұшын бер!» буклет түрінде шағын жоба жасау және қорғау.

 2. MS Power Point бағдарламасы (16 сағат)

MS Power Point бағдарламасымен танысу. Презентация жасау және безендіру әдістері. Дизайн ережелері. Презентациядағы анимация түрлері.

Практикалық жұмыстар:

  1. Шаблон негіздерінде презентация жасау
  2. Мәтіндік жазбалар жасау және редакциялау: қаріптер, туралау және мәтін бағдары
  3. MS Power Point-та WordArt объектісін жасау.
  4. Растрлық бейнелерді кірістіру және редакциялау
  5. Кестелері бар слайд жасау. Кестелерді безендіру
  6. Диаграммалары бар слайд жасау
  7. Анимация эффектілерімен жұмыс
  8. Презентацияға дыбыс енгізу және редакциялау
  9. Керекті слайдқа өту үшін басқару батырмаларын жасау

 «Менің сүйікті ауылым!» тақырыбында презентация түрінде шағын жоба жасау және қорғау

 3. Жоба жасау (8 сағат)

Ұсынылған тақырыптар бойынша жоба жұмысын жасау және қорғау.

Оқу — әдістемелік және материалды – техникалық кешен

 Материалды – техникалық кешен:

  1. Дербес компьютерлер
  2. Лазерлік принтер
  3. Сканер
  4. Ксерокс

 Оқу — әдістемелік кешен:

1. Козлов Н.В. Компьютерное делопроизводство и работа с офисной техникой. Учебный курс.-СПб.: Наука и техника, 2007. – 304с.

 

Қорытынды

Жалпы білім беру процесіне қойылатын талаптарды талдай келе сабақтағы және сабақтан тыс іс — әрекеттерді жүзеге асыру арқылы төмендегідей қорытынды жасауға болады:

—          «Кеңсе техникасының құпиялары» сабақтан тыс іс — әрекет бағдарламасы мектептің  негізгі білім беру бағдарламаларын меңгеруде жоспарлаған нәтижелерге жетуді қамтамасыз ететін оқу пәндерінің қосымша бағдарламаларымен бір деңгейде;

—          бұл бағдарламаны меңгертудің жоспарланған нәтижесі әмбебап оқу әрекеттерін қалыптастыру (жеке, регулятивті, коммуникативті және танымдық), оқушылардың АКТ – құзіреттілігін жалпыландыру, жобалау әрекетінің тәжірибесі, ақпаратпен жұмыс жасау дағдыларын қамтамасыз етеді;

—          сабақтан тыс іс — әрекет информатика пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстардың әртүрлі әдістері мен формаларын пайдалануға мүмкіндік береді;

—          «Кеңсе техникасының құпиялары» бағдарламасын іске асыру оқушыларға ақпараттық технологияларды әртүрлі жұмыс түрлері арқылы пайдалана білу дағдыларын дамытуға және мейлінше жетілдіруге мүмкіндік береді.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.