"Арманы асқақ оқушы" байқауы

Арманы асқақ оқушы Қажыкен Назым – 7-сынып

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Сегізбай ауылы КММ«Тасбұлақ орта мектебі»  
Игисинова Альмира Мұратқызы  Тарих пәнінің мұғалімі

Арманы асқақ оқушы Қажыкен Назым – 7-сыныптың үздік оқушысы. Бастауыш сыныптан бастап Назым өзін жақсы жағынан көрсетіп келеді. Жүрегі кең, пейілі таза, көңілі ақ Назым қазір де мектебіміздің бетке ұстар, үлгілі оқушысы. Назым кішкентайынан өте қағылез, ұғымтал зерек болды. Өзінің білімі мен қатар өнерлі екенін де көрсетті. Ән айтып, би билегенді жақсы көреді. Мектепішілік жарыстарға, аудандық «Жауқазын» фестиваліне қатысып жүр. Мектептегі әр түрлі кештерге, іс-шараларға белсене араласады. Айтулы даталарға арналған концерттерде Назым өзінің әнімен, биімен көрермендердің көңілін жаулап алады.

Назым кішкентайынан Зәукен апасының аялы алақаны мен жылы құшағының мейірімін көріп өсіп келеді. Зәукен апасы ісмер, тігінші, шебер құрақ құрайтын адам, сонымен бірге ол кісі аңыз әңгіме, ертегі, тіпті шежірелерді де көп біледі. Апасының жанында іс тіге отырып, апасының түрлі аңыз әңгіме, шежірелеріне қанып өскен Назымның тіл байлығы да өте жақсы дамыған. Мүмкін сондықтан да болар Назым тарих пәндерін аса қызығушылықпен оқиды. Тарихтан қосымша сабақтарға қатысып, «Тұғыры биік – тұлғалар» тақырыбында шығармашылықпен айналысуда. Бір қызығы Назым екеуіміздің арманымыз бір екен. Кенесары ханның бас сүйегін тапсам дейді. Мені де тура осы арман тарихшы болуыма жетеледі.
Бірақ, Назымның талабы күшті ол өзінің арманына жету үшін алғашқы қадамдарын жасауда. Ғаламтор желісі арқылы ол Ресейдің біршама музейлерін аралап, Кенесары ханның бас сүйегіне қатысты деректер іздеді. Кенесары хан туралы кітапхана, газет, журнал беттерінен жинаған материалдары өте көп.
Бүгінгі күнде Назым «Айгөлек» журналының «жас тілшісі» куәлігінің иегері. «Айгөлек» журналына өз еңбегін үзбей жіберіп жүрген Назымды «Айгөлек» журналының бас редакторы Қымбат Әбілдақызы 2010 жылы «Айгөлектің» 10 жылдық мерейтойына шақырды. Назым анасымен бірге барып «Айгөлектің» мерейтойына қатысып, Қымбат Әбілдақызының қолынан сыйлық алып қайтты.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.