«Мектепке дейінгі ұйымның отбасымен ынтымақтастығының негізгі бағыттары»

Ақтөбе қаласы. Заречный мектеп- балабақшасының
тәрбиешісі  Мухамбетпайзова Нурила Рахметовна

«Мектепке дейінгі ұйымның отбасымен ынтымақтастығының негізгі бағыттары»

Әлеуметтану ғылымында «отбасы» ұғымы үш аспектіде қарастырылады.
-адамның әлеуметтік өмірі басталатын және оны әлеуметтендірудің негізгі факторларының бірі болып табылатын алғашқы әлеуметтік топ.
– қоғамда қабылданған ұсталымдар, нормалар, ережелер негізінде өмірдің түрлі жақтарын бақылайтын және қадағалайтын әлеуметтік институт;
-барлық мүшелерінің нақты статустары мен рөлдері анықталған әлеуметтік жүйе.

Отбасымен мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің бірлестігі оқыту және тәрбиелеу жұмысының дұрыс жолға қойылуына ықпал етеді.

Отбасының мынадай міндеттер атқаратыны баршамызға белгілі.

-Балаларға тәрбиелік ықпал әдістерін салт дәстүрлерді анықтайтын конструктивтік міндеті;

– балалардың ойының, еңбек іс-әрекеттерін және демалыс тәртіптерін үйымдастыратын ұйымдастырушылық міндетті.

Ата-аналар арасындағы , балалар арасындағы, тағы сондай ара қатынастар нормаларын құрастыратын комунукативтік міндетті.

Отбасының педагогикалық үрдісіне дұрыс ұйымдастырылған ара қатынастар балалардың көзқарастарының дамуына, мінез құлықтарына, балалардың басқа адамдармен араласуына әсері зор, себебі кіші жастағы балалар сенім, еліктегіш ықыласты болып келеді.

Баланың жеке қасиеттерінің, психологиясының дұрыс дамып кетуі  үшін педагогтік ұжымдардың кәсіптік білгірлігі, ата-аналардың саналы көзқарасы және осы принцптерге негізделген мектепке дейінгі ұйым мен отбасы арасындағы тығыз одақ, нәтижелі жұмыс қажет.

Жас ұрпақ тәрбиесі- адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ұлттың бүгіні де, болашағыда тәрбиелі  ұрпаққа байланысты. Баланың шын мәнісіндегі адам болып қалыптасуы қыруар уақыт пен еңбекті қажет ететін ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұмыс. Ұлы атамыз : «Адам ат- анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп,ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы – жаманды таниды- дағы сондайдан білгені, көргені көп адам білімді болады»- десе, француз педагогы  Жан Жак Руссо : «Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстіне шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді»- деген екен. Әрбір тұлғаның тәрбиесі отбасынан басталады. Отбасы тәрбиесі өте күрделі жүйе.  «Адам ұрпағымен мың жасайды»- десе, мәңгі жасағысы келетін халық атадан балаға ауысатын қара шаңырағын көзінің қарашығындай сақтап, болашағының үздіксіз өркендеуін үнемі қалт жібермей отырған.

Қазіргі қоғам жан-жақты, білімді де білікті, мәдени ой-өрісі өсіп жетілген, ұлттық салт- санасы бойына сіңіріп өске жаңа адамды тәрбиелеуді бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кірудің маңызды алғы шарттарының бірі ретінде қарастыруда. Бұл өз кезегінде отбасы мен бала тәрбиесімен айналысатын қызметкерлерге орасан зор жауапкершілік  жүктеп отыр. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының отбасымен ынтымақтастығының негізгі бағыттары атап көрсетілгендей

Отбасы және мектепке дейінгі тәрбие мен  оқыту ұйымдары- баланы әлеуметтендірудің маңызды екі институты. Бала  тұлғасы, оның қызығушылығы, дамуы, тұлғалық әлеуетін ашу педагог пен отбасы арасындағы қатынас стратегиясының орталығы болып табылады.

Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары:

–         Серіктестік пен ынтымақтастық негізінде отбасы мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында балаларға қойылатын біркелкі талаптармен бірыңғай білім беру кеңістігін қамтамасыз ету.

–         Баланың отбасы мен мектепке дейінгі ұйымдарда психикалық –физикалық денсаулығын қамтамасыз ету;

–         Баланың жеке дамуы үшін білім беру траекториясын құруда баланың бейімділігі мен отбасы қажеттілігінің есепке алу.

–         Баланы мектепке даярлауды қамтамасыз ету;

–         Отбасы жағдайында жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету;

–         Балалармен  бірлескен шығармашылық іс- әрекет түрлеріне қатысу;

–         Ата-аналардың педагогикалық және психологиялық сауаттылығын мектепке дейінгі ұйымдармен өзара тығыз іс-әрекет негізінде арттыру және ата-аналарды оқыту үшін берілген бағдарламаны меңгеру негізінде көтеру.

Мектепке дейінгі мекемелердегі оқу – тәрбие жұмысы ең алдымен, ата-аналармен  жұмысты сауатты және дүрыс ұйымдастырудан басталады.    Балалар мекемесіндегі тәрбие жоспарында басты көңіл  ата-анамен жүргізілетін түрі мен тәрбиелік маңызына бөлінуі тиіс.  Балалар – біздің болашағмыз, ұмітіміз. «Егер біздің балаларымыз шын мәнісіндегі білімді адамдар болғысы келсе, олар өз беттерімен шұғылдану арқылы білім алуға тиіс»,- деген  орыс жазушысы Н.Г. Чернышевский, тәрбие мәселесінде ата-аналардың рөліне ерекше мән берген. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым  министрлігінің тәрбие тұжырымдамасында «Баланың танымдық және  психологиялық мүмкіндіктерін жетілдіріп, адамның күнделікті өмірінде білім алудың  қаншалықты маңызды екеніне көзін жеткізу қажет. Өйткені балабақша жасындағы балалар әсершіл және ұғымтал келеді»,- деген нұсқау мәселенің қоғам талабынан туындап отырғандығын дәлелдейді. Белгілі педагог К.Д. Ушинскийдің «Баланы жан-жақты етіп тәрбиелеу үшін оны жан-жақты білу керек» деген көрегендігі тәрбие процесінде ата- ананың орнын тағы да ерекшелейді. Атап айтар болсақ, дәстүрлі ата-аналар жиналыстарымен бірге түрлі семинарлар, ашық есік күндері, психологиялық тренингтер,  топсеруендер, ойын сауық кештері және басқа да шаралар ұйымдастырып отырылуы тиіс. Ата-аналарға балалардың мектепке дейінгі ұйымда үйренген білімдік дағдыларын үйде баласымен қайталап  үшін « не артық»,  «өз орнын тап», «сөзге не қосылған?»  ойындарын жүргізуге болады. Мысалы : «Сөзге не қосылған?» ойынын бос  уақытта баласымен былай ойнатады: тігін- тігінші, ән- әнші, дәрі- дәрігер. Бұл ойында ойлану, есте  сақтауға дағдыландырамыз. Сондай –ақ , ата-аналармен жүргізілетін әңгіме- кеңес,ойын- сауық тақырыптары саналуан. Мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерімен, басқа ата-аналармен, басқа ата-аналармен кездесіп, пікірлесіп отыру қажет. Ата-аналар тәрбиешінің басты көмекшісі деуге болады.

Тәрбие ешқандай үзіліс, демалыс күндер дегенді білмейді. Жас ұрпақты қоғамымыздың саналы азаматы етіп тәрбиелеу- тәрбиеші және отбасының негізгі міндеті. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауып әкеледі» деп философ Әбу Насыр әл Фараби айтқандай, балаларға жан- жақты тәрбие беруді жетілдіріп отыру –басты  парызымыз. Өйткені бала ата-ананың ғана емес, ұлыс пен үлттың ертеңі, келер тарихқа аманат. Жас  ұрпақты жан-жақты жетілген, ақыл парасатты, өрісі биік азамат етіп тәрбиелеу – қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы- туған үясы, өз отының басындағы ата-ана тәрбиесі.

Қазақтың  «Баланың бас ұстазы ата- ана», «Балапан ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі» деген қанатты сөздер бар, отбасында әдемі таным, түсінік қалай қалыптасса, өскенде сол қасиет бойынан табылады. «Болса  тәртіп бала өседі сомдалып, қатал ұста бос жүресін сандалып» деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, есі кіріп, тілі шыға бастасымен- ақ баланы шектен тыс шолжаңдатпай, байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн.

Адамзаттың бәрі де анадан туып, соның бауырында өсіп ер жетеді. Сүтпен кірген сүйекпен кетеді дейді халқымыз. Ендеше, жаны таза, денсаулығы мықты, ақылды, сұлу бала тәрбиелеуді басты назарда ұстайық. Бұтағымен ағаш сымбатты, ұрпағымен адам қымбатты деген аталы сөзден алыстамайық. Олай болса, қазақ ұлтын аспандататын  ұрпақ тәрбиелеу- баршамыздың еншімізде.

Әдебиеттер тізімі:

1.     «Бала мен балабақша» журналы №4 2007. Балабақшадағы бала тәрбиесі. Г. Мұқажанова.

2.      «Бала тәрбиесі»  журналы.  №9 2007. Балаңызбен қарым қатынасыңыз дұрыс па ? К. Бакеева.

3.     ҚР МЖМБС 1,001-2009

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше