Дербес компьютер тарауын қайталау
Тенизбаева Динара Муратбаевна
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылы, М.Әуезов атындағы орта мектеп, Информатика пәнінің мұғалімі
Аудандық семинарда өткізілген ашық сабақ.
Пәні: Информатика Сыныбы: 7ә
Сабақтың тақырыбы: «Дербес компьютер тарауын қайталау»
Сабақтың типі: Қайталау сабағы
Сабақтың түрі: Брейн-ринг
Технология: Деңгейлеп оқыту, коллаж
Өткізу әдісі: Деңгейлеп оқыту әдістің элементтерін қолдана отырып брейн-ринг
сабағын өткізу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың дербес компьютер тарауы бойынша алған білімдерін тексеру, тиянақтап бекіту, қорыту;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділігін арттыру, компьютермен жұмыс істеу шеберлігін одан әрі шыңдау және осы сабақта алған білімдерін өздері өмірде пайдалана білуге баулу.
Тәрбиелік: Өз ойын, пікірін баяндауда әдептілік ережелерін сақтау қабілетін оқушы бойына сіңіру. Шығармашылық қабілеті мүмкіндігінше дамыған азамат болуына ықпал жасай отырып белсенділікке тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: сурет, қазақ тілі мен әдебиеті, математика
Сабақтың көрнекілігі:
1. Семантикалық карталар
2. Қоңыраулар мен зерделер
3. Техникалық диктант карточкалары
4. Дербес компьютердің суреттері салынған плакаттар мен планшеттер
5. Құрастырылатын суреттер қиындысы
6. Оқушылар мен топшалардың үлгерім айнасы
7. Перфакарталар /тест сұрақтары/
8. Деңгейлік тапсырмалар
9. Тапсырмалар жазылған үлестірмелі карточкалар
10. Электрондық оқулық
11. «Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту»
12. «Компьютерлік сауаттылық»
13. «Ақпараттық мәдениет негіздері»
Техникалық құрал-жабдықтар: компьютерлер, колонкалар, құлаққалқан
Брейн-ринг сабағын өткізу үшін оқушыларды 2 топқа бөлу.
1 есепші, бір көмекші сайлау.
Оқушылардың білімдерін бағалау «Үлгерім айнасы» арқылы жүргізіледі. /2 түрі тақтада ілініп тұрады/
Брейн-ринг сабағын өткізу шарты:
1. Оқушыларды 2 топқа бөлеміз. 1.Жүйелік қорап тобы
2. Пернетақта тобы
2. Әрбір топтың бірінші болып жауап беруге белгі беретін қоңыраулары болады.
3. Топтарға әртүрлі тапсырмалар беріледі, олар тапсырманың деңгейіне байланысты «зерделермен» бағаланады да, үлгерім айнасына тіркеліп отырады. Мұндағы зерделер әртүрлі түсті қағазда жасалған: 1 ұпай – күлгін түсті, 2 ұпай – көк түсті, 3 ұпай – жасыл түсті, 4 ұпай – сары түсті, 5 ұпай – қызыл түсті қағазда.
4. Егер топ тапсырмаларды толық орындаса, ол топтың зердесі өседі.
5. Жеңімпаз болған топ «Білікті пайдаланушы» лауазымын алады.
Сабақ барысы:
І кезең. «Әр сұраққа – бір жауап»
ІІ кезең. «Еске түсіру»
ІІІ кезең. «Техникалық диктант»
ІV кезең. «Үй тапсырмасын баяндау»
V кезең. «Көзі өткір, ойы озық Тапқырбек».
| Сабақ кезеңі | Уақыты | Түрі | Сабақтың барысы |
| І.Ұйымдастыру | 1 мин | ұжымдық | а) оқушылармен сәлемдесу
ә) сыныптың тазалығына көңіл бөлу б) оқушыларды түгендеу |
| ІІ. Үй тапсырмасын тексеру | 8 мин | Жеке | Өткенді қайталау. Үйге тест сұрақтарына дайындалып келу керек болатын
Әр топ оқушыларына І, ІІ, ІІІ деңгейдегісемантикалық карталар жәнеперфокарталар /тест сұрақтары/таратылады. Сол карталардағы суреттерге, сұрақтарға сәйкес жауаптарын белгілеп беруі тиіс. Мұндағы семантикалық карталар деңгейіне байланысты әр түрлі түсті қағазда жасалған: І деңгей – /көк түсті/; ІІ деңгей – /жасыл түсті/; ІІІ деңгей – /қызық түсті/ |
| ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру | 25 мин | Жеке, топтық | Енді бүгін осы дербес компьютер тарауынан алған білімдерімізді тексеру мақсатында сіздерге әртүрлі тапсырмалар дайындап келдім. Осы тапсырмаларды орындау барысында белсенділік, шеберлік, білімділік көрсеткен оқушы «Білікті пайдаланушы» лауазымына ие болады.
«Білікті пайдаланушы» лауазымына ие болу үшін сіздер 5-кезеңдегі тапсырмаларды орындайсыздар. |
| І кезең: Брейн-ринг «Әр сұраққа – бір жауап» /5 мин/
Бұрын өткен оқу материалын еске алу. Брейн-ринг әдісімен. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай. Мұғалім қайталау сұрақтарын оқиды. Қай топ бірінші болып жауап беруге белгі берсе, сол топ жауабын айтады да жауабына сай зерде алады ІІ кезең «Еске түсіру» /6 мин/ Электрондық оқулық 1. «Халыққа компьютерлік сауаттылыққа оқыту», 2. «Компьютерлік сауаттылық» Бұл кезеңде әр топ оқушыларына үлестірмелі карточкалар таратылады. Әр топтан 2 оқушыдан шығып, электрондық оқулықтың көмегімен тапсырмаларын компьютерде орындауы тиіс. ІІІ кезең «Техникалық диктант» /3 мин/ Бұл кезеңде техникалық диктантты жазғанда оқушыларға алдын-ала дайындалып қойылған карточкаларды таратамыз да, диктантты оқимыз. Сөз қалдырып орнына сызықша сызып қойыған жерлерге оқушылар өздері жазу керек екенін диктант бойында жазып, үлгеріп отыруға тиіс. Әрбір дұрыс жазылған сөзге 2 ұпайдан береміз. Егер 10 сөз де дұрыс жазылған болса, онда оқушы 20 ұпай жинаған болады. Жинаған ұпайлары үлгерім айнасына тіркеліп отырады. ІV кезең «Үй тапсырмасын баяндау» /6 мин/ Электрондық оқулық 1.«Халыққа компьютерлік сауаттылыққа оқыту» 2.«Ақпараттық мәдениет негіздері» Екі топтың әрқайсысына алдыңғы өткен сабақта үй тапсырмасы ретінде дербес компьютердің бір блогі электрондық оқулықтан тапсырылған, сол туралы топ көшбасшылары толығымен баяндап беруге тапсырма беріледі. Сарапшылар алынған ұпайларын үлгерім айналарына жазып отырады. Тапсырмалар: Жүйелік қорап тобына – Жүйелік қорап Пернетақта тобына – Пернетақта V. кезең «Қөзі өткір, ойы озық Тапқырбек» /5мин Суреттерді құрастыру ойыны. Бұл ойында екі топқа арналған екі түрлі түсті қағазға салынған суретті бірнеше фигураларға қиып, содан қандай сурет шығатынын табуға береміз. Жүйелік қорап тобына – қызыл түсті қағазға салынған сурет. Пернетақта тобына – жасыл түсті қағазғасалынған сурет. Суреттерді жинап құрастырып болған соң әр команда өздерінің суреттері туралы мақал-мәтелдер, қанатты сөздер не болмаса тақпақтар айтып беруі шарт. Тапсырмалар: 1-ші топқа – Баланың компьютерде жұмыс жасап жатқан суреті берілді, оған «ЭЕМ операторы» деп ат қойдым. Топ оқушылары суретті жинап болған соң мынадай қанатты сөз айтты: «Компьютерді білген адам болашақта қор болмайды» 2-ші топқа – Дербес компьютердің негізгі бөліктері салынған суретті бердім, оған«ДК негізгі бөліктері» деп ат қойдым. Топ оқушылары суретті жинап болған соң мынадай қанатты сөз айтты: «ХХІ ғасыр – компьютер ғасыры» |
|||
| VI.Сабақты бекіту | 8 мин | Жеке, топтық | Ал, енді балалар, Ақпарат дегеніміз не? Кім айтады? /Бізді қоршаған ортада болып жатқан әр түрлі құбылыстар/
Жарайсыңдар, Адам ақпаратпен қандай |
| әрекеттер орындайды? /Қабылдайды, жадында сақтайды, өңдейді және оны басқаға жеткізеді/
Осы әрекеттерді қалай атаймыз? /Ақпараттық процестер/ Ия, Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылымды қалай атаймыз? /Информатика/ Дұрыс, Осы Информатика ғылымының негізгі құралы не? /Компьютер/ Ия. /Компьютер суреті тақтаға ілінеді/. Олай болатын болса, осы дербес компьютер қандай негізгі құрылғылардан тұрады екен? /Монитор, Пернетақта, Жүйелік блок, Тінтуір/ Компьютер құрылғыларының суреттері тақтаға ілінеді. Жарайсыңдар балалар, Осы біздің дербес компьютеріміз қандай салаларда қолданылады? /білім беру, медицина, өндіріс, музыка, сауда саттық, бизнес, тұрмыс, ғылым/ қолданылу салаларының суреттері тақтаға ілінеді. |
|||
| VII. Сабақты қорыту | 1 мин | Сонымен біз бүгінгі сабағымызда «Дербес компьютер тарауын» | |
| қайталадық. Дербес компьютер құрылғыларымен, олардың қолданылу салалары туралы толық мағлұмат алып, білімдерімізді кеңейте түстік. Әр кезең барысында берілген тапсырмалар арқылы білімдеріңді тексеріліп отырылды. Сабақ басында ескеріліп өткендей, тексеру нәтижесінде сабаққа белсенді қатысқан және жоғары ұпай жинаған оқушы «Білікті пайдаланушы» лауазымына ие болады дегенбіз. Енді осы оқушыға менің дайындап келген мақтау қағазым бар, ал қалған оқушыларға сабаққа қатысқаны үшін жинаған ұпайларына сәйкес марапаттау қағаздары таратылады. | |||
| VIII. Үйге тапсырма | 2 мин | 1. ІІ тарауды қайталау
2. А3 форматына Дербес компьютер сөзіне ребус, сөзжұмбақ құрастыру 3. Интернеттен, электрондық оқулықтан «Дербес компьютер мүмкіндіктері» тақырыбына мақалалар қарастырып келу. |
|

Динара, сабағың керемет екен