«Ертегі балығын мүсіндеу»

Ақтөбе қаласы. Заречный мектеп- балабақшасының
тәрбиешісі  Мухамбетпайзова Нурила Рахметовна

 Ересектер  тобындағы мүсіндеу сабағы.
Тақырыбы:
«Ертегі балығын мүсіндеу»

    Сабақтың мақсаты: Балаларға балық туралы жан-жақты түсінік беру, тіршілік ортасымен таныстыру, ермексазды  алақан арасына салып домалақтау, жаншу, жалпақтау, есу тәсілдерін  меңгертіп үйретуді жалғастыру. Мүсіндеуде саусақ қимыл-қозғалыстарының ептілігін қалыптастыру, бірнеше бөліктен тұратын заттарды бір-біріне біріктіруді, пішінді бұзбай, ұқыпты орындауға үйрету мақсаты көзделеді.

Көрнекіліктер: аквариумдағы балықтар, бос аквариум, балықтардың суреттері, ермексаз, тақтайша, сүрткіш, үлгі мүсін, кескіш, үнтаспа.

Әдіс- тәсілдер: әңгіме, түсіндіру, сұрақ-жауап, өлеңдер.

Сөздік жұмыс: балық, алтын, балдыр, ұлу, аквариум.

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші: балалар, біздің бүгінгі мүсіндеу сабағымыз ерекше болмақ. Өйткені біз жәй балық емес, ертегідегі біздің тілегімізді орындай алатын балықты мүсіндейміз. Ол үшін біз балықтар туралы жан-жақты мәлімет алайық. Балықтар қайда тіршілік етеді?

Балалар: балықтар суда тіршілік етеді, сусыз өмір сүре алмайды.

Тәрбиеші: дұрыс айтасыңдар, балалар, енді балық туралы тақпақтарды есімізге түсірейік.

Табиғаттың бұйрығы,

Ол балықтың жүйрігі.

Құйрығы оның сияқты,

Қарлығаштың құйрығы.

 

Айқайлама, ұрыспа,

Тіпті ақырын тыныста.

Сазан нағыз сақ балық,

Жоламайды дыбысқа.

 

Қармақ салсаң сазанға,

Бар өзенге азанда.

Оңайлықпен сазанның

Түскісі жоқ қазанға.

 

Тәрбиеші: Балық туралы тақпақтар айттық, енде мен сіздерге орыс халқының «Балықшы мен  алтын балық» туралы ертегісінен үзінді айтып берейін.  «Көк теңіздің жағасында, бір жаман үй панасы бар шал мен кемпір болыпты, олар теңізден балық аулап, өмір сүріпті. Бір күні ата торын тартқан кезде, әдемі алтын балық торға түседі. Ол жәй балық емес, сөйлейтін балық болады. Атайға былай деп тіл қатады: «Теңізге жібер, атай, торды алып! Жіберген мені қайта, теңізге сал, берейін тілегіңдң не қаласаң!». Атай: «Жаратқаның жар болсын, алтын балық! Жүзе бергін айдында асыр салып» деп балықты теңізге жібереді. Балық атайға мен сіздің барлық тілегіңізді орындаймын депу әде береді. Алтын балық тек қана жақсы тілектерді орындаған екен».

Балалар, бүгін біз ертегідегі алтын балықты мүсіндеп, өз тілектерімізді айтайық. Сендердің балықтарың ертегідегі тілек орындайтын балық болады.

Жұмысқа кіріспей тұрып, саусақтарымызды жаттықтырып алайық.

Саусақ жаттығуы:

«Қайық»

Қайық суда жүзіпті,

Сақинасын тізіпті.

Тәрбиеші балалармен сұрақ-жауап арқылы әңгімелесе отырып, ермексазды бірнеше бөлікке бөлу арқылы балықты мүсіндеу тәсілдерін көрсетіп, түсіндіреді. (Бірінші балықтың денесін жасау үшін ермексазды алақанға салып, айналдыра отырып домалақ пішінге келтіріп, домалатылған пішінді екі алақанның арасына салып, жаншу арқылы, ал құйрығын есу, жалпақтау арқылы жасайды. Денесіне қанаттарын, құйрығын өз қалаулары бойынша әсемдеу. Бөліктерді бір-біріне ұқыпты жапсыруды, жұмысты ұқыпты орындауын қадағалау).

Осы кезде «Су перісі» келеді. Балалармен амандасады.

–         Балалар, мен су перісінің қызымын, суда ғана өмір сүремін. Мен сендердің балықты мүсіндеп жатқандарыңды көріп, еңбектеріңе риза болып, аквариум ала келдім, өйткені балық суда ғана өмір сүреді.

Тәрбиеші: Біз жәй балықты емес, тілегімізді орындайтын ертегідегі балықты мүсіндедік, аквариум үшін рахмет! Балалар, тілектеріңді  айтып, балықтарыңды жібере қойындар.

Балалар тілектерін айтады. Су перісі балаларды мадақтап,  жұмыстарына баға береді.

Қорытынды: Балалардың жұмыстарынан көрме ұйымдастыру, мадақтау.

Қимылды ойын: «Шортан мен шабақтар»

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше