Оқушылар шығармашылығы

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы

Ақтөбе қаласы, Есет батыр атындағы облыстық
әскери-полициялық мектеп-интернаты
тарих пәні мұғалімі  Ертемиров А.С.

МӘНЖАЗБА

Дайындаған: Амангельды Ануарбек Мейрамбекұлы
Жетекшісі: Ертемиров Айбек Сламгалиевич
Тақырыбы: Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы

Ел тарихының ХХІ ғасырдағы аса бір күрделі кезеңі аяқталып келеді. Дүние жүзінің экономикасын тұралатқан жаһандық дағдарыс дауылы әлі басыла қойған жоқ. Алайда ол өзінің алғашқы алапат қуатынан айырылды. Біз тастүйін дайын болғандықтан, оның салдары біздің еліміз үшін соншалықты ауырға соққан жоқ.
Дағдарысқа дейінгі кезеңде біз Қытай, Үндістан және өзге де экономикасы қарыштап, алға басқан мемлекеттер қатарында дамудың жоғары деңгейіне көтерілді. Өйткені біз оған қалай қол жеткізуге болатынын білдік.
Бәрін дұрыс жоспарлап, сауатты іске асырғандықтан, біздің дамуымыз сәтті болды. Біз жасампаздыққа жұмыла кіріскендіктен, дамудың даңғыл жолына түстік.
Толағай табыстарымен дүние жүзін мойындатқан Қазақстанның әлеуеті артып, экономикасы серпінді бола түсті.
Дамуымыздың маңызды алғышартына айналған қазақстандық бірліктің өнегелі үлгісі ғаламшардағы мемлекет басшылары мен конфессия жетекшілерінен лайықты бағасын алды.
Осылайша Қазақстан қуатты да табысты мемлекетке айналып, өзінің бастамалары арқылы жоғары халықаралық беделге ие болды.
Жасампаздық қуатымен дүние жүзінде даңқы артқан Қазақстан әлемді өз жетістіктерімен таң қалдырды.
Сондықтан Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету мәртебелі миссиясы сеніп тапсырылды.
Біз жаңа онжылдығымызды әлемдік деңгейдегі осындай абыройлы тарихи оқиғамен бастадық.
Басты мақсат – еліміздің алдағы онжылдықтағы экономикалық өрлеуін қамтамасыз етіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу. Бүгінгі Жолдау осыған арналады. «Қазақстан — 2030» Стратегиясын орындай алдық. Ендігі мақсат – осы Стратегияның келесі онжылдығына қарай қадам жасау.
1997 жылы «Қазақстан – 2030» Стратегиясын қабылдап, біз елдің ұзақ мерзімді күн тәртібін, басты мақсаттар мен басымдықтарын қалыптастырдық, кейін олар 2010 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарды қисынды түрде дамытылды.
Сөйтіп біз қалай жоспарласақғ солай өмір сүрдік және мынадай нәтижелерге қол жеткіздік.
2000 жылмен салыстырғанда 2008 жылы-ақ, жоспарланғаннан екі жыл бұрын, біз республика ІЖӨ-сінің көлемін екі еселедік және мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін тиімді орындадық.
Орташа айлық жалақы 5 есеге, ал зейнетақының орташа мөлшері 3 есеге өсті.
Өмір сүрудің ең төменгі деңгейінен аз табысы бар халықтың үлесі 4 есеге (50 %-дан 12 %-ға дейін) азайды.
Халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері жақсарды. Күтілетін өмір ұзақтығы 65-тен 68 жасқа дейін ұлғайды. Ана өлімі екі есеге азайды, бала туу бір жарым есеге өсті.
Он жылда 652 мектеп және 463 денсаулық сақтау нысаны салынды.
Бүгінде бізде әлемдік деңгейдегі медициналық орталықтар – Ана мен баланың ұлттық орталығы және Нейрохирургия институты бар.
Осының арқасында біз өз азаматтарымыздың мыңдаған өмірін сақтап қаламыз!
Біздің жетістіктерімізді мойындай отырып, БҰҰ өзінің 2009 жылы Баяндамасында Қазақстанды адам әлеуетінің жоғары деңгейі бар елдер санатына қосты. Бұл – біздің өскен әл-ауқатымыздың даусыз дәлелі! Он жылда 350 мың отбасы – бұл шамамен 1,2 миллион адам тұрғын үйге ие болды. 32 мың шақырым жолдар салынды және жөнделді, бұл Қазақстанның барлық жолдарының үштен бірі.
2030 жылға дейінгі Қазақстанның Даму стратегиясының қарпі мен рухын негізге ала отырып, біз ХХІ ғасырдың алғашқы он жылдығына белгіленген барлық міндеттерді шештік. Және еліміз одан әрі қарыштап дами түсті.

Жолдаудың негізгі басым бағыттары:

Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарысы экономиканың өсу қарқынына ықпал етті, бірақ біздің дамуымызды тоқтатқан жоқ. Жинақталған экономикалық әлеует соңғы үш жылдың аса қиын дағдарыстық шайқасында бізге тұрлаулылықты қамтамасыз етті.
Біз еліміздің қаржы жүйесін қорғап, жүйе құраушы банктерді сақтап қалдық.
Біз шағын және орта бизнесті қиыншылықта қалдырмадық.
Ұлттық және трансұлттық компаниялардың мемлекеттік сатып алуларындағы «қазақстандық үлестің» болмаған өсіміне қол жеткіздік.
Агроөнеркәсіптік кешенге бұрын-соңды болмаған көмек көрсеттік.
Мемлекет үлестік құрылысты аяқтау жөніндегі барлық шығындарды өз мойнына алды.
«Жол картасы — 2009» бағдарламасын табысты іске асырудың арқасында ел өңірлерінде ТКШ-ны реконструкциялау жөнінде 862 жоба іске асырылып, 737 шақырым электр желісі, 1029 шақырым сумен жабдықтау желілері, 284 шақырым жылу трассасы, автожолдар, жүздеген мектептер мен ауруханалар, мәдениет пен спорт нысандары жөнделді.

Әр ауылға дейін жеткен мұндай аса маңызды жұмысты біз тұңғыш рет жүргіздік. Халық бізге риза – біз жақсы жұмыс атқардық.
Барлығы да менің бақылауыммен, жедел, жария атқарылды.
Біз рецессияға жол бермедік, өйткені не істеу керектігін білдік және мұны жедел істедік.
Ұлы Неру бір кездері былай деген екен: «Табыс кім батыл қимылдаса, соның үлесіне жиі түседі». Ал біз батыл қимылдадық.
2009 жылы экономиканың артуы өнеркәсіпте 1,7 %-ды құрады. Біз оң өсу қарқыны бар елдердің «серіппелі тобына» жаттық.
Ұлттық қордың жалпы халықаралық резервтері мен активтері бүгіннің өзінде 50 миллиард доллардан асып түсіп, соңғы он жылда 25 еседен астамға өсті.
Қордың арқасында біз дағдарысқа қарсы шараларды жүргізіп қана қойған жоқпыз, сонымен бірге мемлекетке, бізге қиын болған кезде, сатуға мәжбүр болған маңызды активтерді қайтардық. Бұл – Екібастұз 1-ші ГРЭС-і, «Богатырь» разрезі, Қашағандағы біздің үлесіміз, Маңғыстаумұнайгаз және барлық үш мұнай өңдеу зауыты.
Жұмыссыздық деңгейі 6,3 %-ды құрады, ал бұл дағдарысқа дейінгі уақыттағыдан төмен.
Тиімді іске асырылған Жұмыспен қамту стратегиясының арқасында елде 400 мыңнан астам жұмыс орындары ашылды.
Енді біз 2020 жылға дейінгі Даму стратегиясын орындауға кірісеміз.
Бізге мыналарды атқару керек:
1. Экономиканы дағдарыстан кейінгі дамуға әзірлеу;
2. Жедел индустрияландыру және инфрақұрылымды дамыту есебінен экономиканың тұрақты өсуіне қол жеткізу;
3. Адам капиталының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін болашаққа белсенді инвестициялау;
4. Қазақстандықтарды сапалы әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету;
5. Ұлтаралық келісімді нығайту, ұлттық қауіпсіздікті арттыру, халықаралық қарым-қатынасты одан әрі дамыту.
Таяудағы онжылдықта тұрлаулы да теңдестірілген даму жедел әртараптандыру және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебінен қамтамасыз етілетін болады.
Еңбек өнімділігінің кешенді артуы аса маңызды міндет болып табылады.
Қорытынды өте түсінікті – бізге жағдайды түзету – өнімділікті арттырып, инновацияларды ендіру керек.
Басқарудың барлық деңгейінің жұмысына баға беру мен жаңағы өлшемдер бойынша қаржылай қолдау көрсету және бақылау Үкіметтің басты міндеті болады.
Инновациялар ғана еңбек өнімділігінің шұғыл артуына жеткізеді.
Алдағы бес жылда қуатты газ-химиясы кешенін, минералдық тыңайтқыштар өндіру жөніндегі зауыттарды, бірқатар ірі электр-энергетикалық стансаларды – Балқаш ЖЭС-ін, Мойнақ ГЭС-ін, Екібастұз 2-ші ГРЭС-інің жаңа блогын және басқа көптеген кәсіпорындар пайдалануға берілетін болады.
Әр өңірдегі әрбір индустриялық жоба жергілікті биліктің ғана емес, сонымен бірге жұртшылықтың да айрықша бақылауына алынуы керек. Бұл жұмыс таяудағы онжылдықта бүкіл еліміздің жалпыұлттық міндетіне айналуы тиіс. Тек осылай ғана біз әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына ене аламыз.
Индустриялық даму бұл – біздің жаңа онжылдықтағы мүмкіншілігіміз, ел дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер.
Болашақта Қазақстан табысты индустриялық держава болады. оның дамуы негізгі үш бағыт бойынша жүруі керек.
Біріншіден, негізгі салмақ еңбек өнімділігінің артуына түсірілуі тиіс.
Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі ең төмені және жылына бір жұмыс істеушіге 3 мың доллар шамасында келеді. Ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш 50-70 мың долларды құрайды.
Бұл ауыл үшін өсу перспективасы. Сондықтан біздің міндетіміз – 2014 жылға қарай агроөнеркәсіптік кешенде өнімділікті кем дегенде екі есе арттыру.
Бұл күрделі міндетті аграрлық-индустриялық әртараптандыру ғана, яғни ауыл шаруашылық шикізатын қайта өңдеуді шұғыл арттыру, жаңа құрал-жабдықтар, жаңа технологиялар мен ауыл шаруашылығындағы жаңа көзқарас шеше алатын жағдайда.
Екіншіден, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
2014 жылға қарай азық-түлік тауарлары ішкі рыногының 80 %-дан астамын отандық тағам өнімдері құрауы тиіс.
Үшіншіден, экспорттық әлеуетті іске асыру, бірінші кезекте бұл – Кеден одағы, Орталық Азия, Кавказ бен Таяу Шығыс елдерінің рыноктары.
Біз қазірдің өзінде «Жетіген-Қорғас» және «Өзен-Түркіменстанмен мемлекеттік шекара» темір жол желілерін салып жатырмыз, олар іс жүзінде біздің өнімдерге Қытай мен Парсы шығанағы елдерінің рыноктарына жол ашады. «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автожолы – тауарлар үшін маңызды магистраль.
«Болашақтың экономикасы» секторлары мыналарды айтуымызға болады. Нәтижелі де тиімді қызмет ететін ұлттық инновациялық жүйе оның негізі болуы тиіс.
Бізде қазірдің өзінде бұл бағыттағы әзірліктер бар. Біз одан әрі ілгері кетеміз. Жаңа Университеттің аясында Астанада үш жаңа ғылыми орталық құрылатын болады.
1. Өмір туралы ғылымдар орталығы органдарды көшіру, жасанды жүрек және өкпе, бағаналы жасауша және ұзақ жасау медицинасы саласында әлемдік жетекші ғылыми орталықтармен бірлескен әзірліктер жүргізеді.
2. Энергетикалық зерттеулер орталығы қайталанба энергетика, жоғары энергиялар физикасы мен техникасы мәселелерімен айналысатын болады.
3. Тақырыпаралық аспаптық орталық инжиниринг орталығы, зертханалық база және констуркторлық бюро болып табылады.
Барлық үш орталық биылғы жылы құрылып жұмыс жасауға бағытталады.
Болашақ дамуымыз үшін маңызды «Ғылым туралы» жаңа заң әзірленуі тиіс.
Қазақстан ТМД-дағы интеграциялық үдерістердің белсенді қатысушысы болып табылады. 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген Ресеймен және Беларусьпен Кеден одағының құрылуы – бұл қазақстандық барлық интеграциялық бастамалардың серіппелілігі.
Үш ел интеграциясының келесі кезеңі 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап Біртұтас экономикалық кеңістіктің қалыптастырылуы болады. Бұл – капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысы қамтамасыз етілетін интеграцияның әлдеқайда жоғары деңгейі. ТМД-дағы өңірлік экономикалық бірлестіктерге қолдау білдіре отырып, Үкімет Қазақстанның экономикалық даму басымдықтарына сай келетін жағдайларда Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру үдерісін жандандыруы тиіс.
Қазірдің өзінде біздің кәсіпкерге жаңа мүмкіндіктердің пайда болуын дұрыс бағалау, жаңа рыноктарға шығу жөніндегі тиімді стратегияларды әзірлеумен байыпты айналысу, бәсекелестік артықшылықтарды өсіре түсу маңызды.
«Бәсекеге жоқ жерде ұйқың жақсы, бірақ та өмірің нашар» дегендей қазақстандықтар жақсырақ өмір сүрмек және өз жоспарларын жүзеге асыруға кедергі келтіретіндерге жол бермеу ниетінде болуы шартты нәрсе.
Әртараптандыру жөніндегі біздің жоспарларымызды іске асыру үшін бір ғана мемлекеттік ресурстар жеткіліксіз болатыны анық. Оның негізгі көзі тікелей шетелдік инвестициялар болуы тиіс.
Бүгінде Қытайдан, Оңтүстік Кореядан, Біріккен Араб Әмірліктерінен, сондай-ақ француз, итальян, ресейлік компаниялардан 20 миллиард доллар көлемінде инвестициялар тарту туралы мәселелер шешілді.
Бұл қаражат шикізаттық емес секторға жұмсалып, индустриялық бағдарламаның, инфрақұрылым мен бірлескен кәсіпорындардың ондаған нысандарын іске қосуды қамтамасыз етеді.
«Батыс Қытай — Батыс Еуропа» автомагистраліне 3 миллиард долларға жуық көлемінде және елдің батысынан оңтүстігіне қарай тартылатын газ құбырына 2 миллиард доллар инвестициялар тарту мәселелері шешетілді.
Мұның бәрі – шикізаттық сектордың инвестицияларынан басқасы, ал ол 10 миллиард доллардан астамды құрайды.
Жобалық қаржыландыру қағидатын ендіру мақсатында заңнамада ерекше құқықтық мәртебесі бар арнаулы жобалық ұйымдар құру мүмкіндігін көздеу керек.
Әртараптандырудың өзегі кәсіпкерлік болады.
Тәуекелдерді өз мойнына алуға, жаңа рыноктарды игеруге, инновациялар ендіруге дайын қуатты кәсіпкерлер табын құру керек.
Нақ осы кәсіпкерлер экономиканы жаңғыртудың қозғаушы күші болып табылады. Сол себепті 2010 жылдан бастап өңірлерде кәсіпкерлікті дамыту жөнінде бірыңғай бюджеттік бағдарлама енгізілуін қамтамасыз ету қажет.
Бағдарламаның мақсаты өңірлерде кәсіпкерліктің, бәрінен бұрын шағын және орта бизнестің жаңа тобын дамыту есебінен тұрақты жұмыс орындарын ашу болады.
Бұл бағдарлама қаражатын пайдалану мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылуы тиіс:
— несиелер бойынша пайыздық ставкаларды субсидициялау;
— шағын және орта бизнеске несиелерді ішінара кепілдендіру;
— бизнес жүргізуге сервистік қолдау білдіру;
— кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру, жастар практикасы және әлеуметтік жұмыс орындары.
«Бизнестің жол картасы — 2020» кәсіпкерлер үшін де, сол секілді банктер мен инвесторлар үшін де шикізаттық емес жобаларды қаржыландыру жөнінен жаңа мүмкіндіктер ашады.
Үкімет әкімдермен бірлесіп үшжылдық бюджет аясында әр өңірдің экономикалық әлеуетін есептеулерге негізделген жылдар бойынша бөлшектелген қаржыландырудың жалпы лимитін әзірлеуі тиіс.
Әкімдер бағдарлама бойынша қаржыландырылатын шағын орта бизнес жобалары үшін толық жауапты болады.
Шикізаттық емес экспорттаушыларды қорғау индустрияландырудың шешуші бағыты.
Қазақстан өнеркәсібі экспорттық рыноктарға отандық брендтердің кең ауқымды тізбегімен ұсынылуы керек.
Сондықтан Үкіметтің міндеті – экспорттаушыларға негізгі құралдарды сатып алуды қаржыландыруды, экспортқа сервистік қолдау көрсетуді, экспорттаушыларға гранттар мен экспорттық саудалық қаржыландыруды қарастыратын біртұтас қолдау жүйесін жасау.
Өңірлік даму реформаларынсыз біз жедел әртараптандыруға қол жеткізе алмаймыз. Сондықтан бізге экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыруды бастау қажет. Қазақстанның батысында мұнай-газ секторын, химия өнеркәсібін, жабдықтар өндірісі мен көліктік қуаттарды дамыту керек.
Орталықта, солтүстікте, оңтүстік пен шығыста – кен-металлургия кешені, атом, химия өнеркәсібі және аграрлық индустрия дамытылуы тиіс.
Жоғары экспорттық әлеуеті бар шикізаттық емес сектор елдің солтүстік және оңтүстік өңірлерінде дамыту орынды саналады. Болашақ экономикасының секторы Алматы мен Астана дамуы тиіс.
Жаңа өңірлік саясат – 2020 Стратегиялық жоспарының аса маңызды бөлігі.
Экономиканы жаһандық қалпына келтіруге дайындау және оның сыртқы сынақтарға тұрақтылығын арттыру үшін біртұтас үш міндетті шешу қажет:
Біріншіден, бизнес-ахуалды елеулі жақсарту;
Екіншіден, қаржы жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
Үшіншіден, сенімді құқықтық орта қалыптастыруды жалғастыру.
Үкімет 2010 жылы бизнестің тіркеуге және бизнесті жүргізуге байланысты операциялық шығындарды 30 %-ға, ал 2015 жылы тағы да 30 %-ға қысқартуы керек.
Онжылдықтың соңында шағын және орта бизнестің үлесі 40 %-ға дейін көтерілуі тиіс.
2020 жылы Қазақстан бизнес-ахуалы ең қолайлы деген 50 елдің қатарына енуі керек.
Қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен орнықтылығын қамтамасыз етудің маңызы зор.
Отандық қор рыногын жұмыс істеуге мәжбүрлеп, ол 2020 жылы ТМД мен Орталық Азиядағы ислам банкингінің өңірлік орталығына айналуы және Азиядағы жетекші қаржы орталықтарының ондығына енуі тиіс.
Отандық қаржы жүйесіндегі реттеулер дағдарыстан кейінгі әлемнің сынақтары мен қатерлеріне сәйкесінше сай болуы керек.
Қаржылық реттеуші банк секторының сыртқы міндеттемелері үлесінің оның міндеттемелерінің жиынтық көлемінде төмендеуін қамтамасыз етуі тиіс.
Бұл ретте сыртқы займдардың басым бөлігі тиімді де бәсекеге қабілетті өндірістер құруға бағытталуы керек.
Банктерді ашық немесе жасырын аффилирленген құрылымдардан аулақ ұстау басты мәселе. Банктердің тек қана банк қызметімен айналысуын және олардың қызметінің барынша мөлдір болуын қаатң бақылауға алу керек.
Ұлттық қордың басты міндеті – тұрақтылық пен өркендеудің кепілі болу.
Осы онжылдықтың соңында бюджеттің мұнайлық емес тапшылығы ІЖӨ-нің 3 пайызынан аспауы керек. Одан кейінде оны нөлге дейін жеткізу қажет.
Үстіміздегі жылдан бастап республикалық бюджетке кепілді трансферт абсолюттік мөлшерде – 8 миллиард доллар көлемінде бекітілетін болады.
Ұлттық қордың активтері 2020 жылға қарай 90 миллиард долларға дейін өсуі тиіс, мұның өзі ІЖӨ-нің 30 %-дан кем емес мөлшерін құрайды.
Тұтастай алғанда 2020 жылға қарай біз экономиканы жеделдете әртараптандырудың төмендегідей негізгі нәтиежелеріне қол жеткізуге тиіспіз.
ІЖӨ-дегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 13 %-дан кем емес мөлшерін құрауы тиіс.
Эскпорттың жалпы көлемінде шикізаттық емес экспорттың үлесі 27-ден 45 %-ға дейін ұлғаюы тиіс. Еңбек өнімділігі өңдеу өнеркәсібінде 2 есе, ауыл шаруашылығында кем дегенде 4 есе артуы керек.
ІЖӨ-нің энергия сыйымдылығы 25 %-дан кем емес мөлшерде төмендеуі тиіс. Кәсіпорындардың инновациялық активтерінің үлесі 4-тен 20 %-ға дейін өсуі керек. 2015 жылдың өзінде-ақ аграрлық саланың экспорттық әлеуеті 4-тен 8 %-ға дейін ұлғайып, құрылыстың ішкі қажеттіліктерінің 80 %-ы қазақстандық құрылыс материалдарымен қамтамасыз етілуі тиіс.
Сондықтан барлық компаниялар мен кәсіпорындар басшыларының жауапкершіліктерін арттыру жаһандық мәселе, мемлекеттік мәселесі, тәуелсіздік мәселесі.
2020 жылға қарай орта білім беруде 12 жылдық оқыту моделінің табысты жұмыс істеуі үшін Үкімет барлық қажетті шараларды қабылдауы тиіс.
Кәсіптік және техникалық білім беру кәсіби стандарттарға негізделіп, қатаң түрде экономиканың қажеттіліктерімен өзара байланыстырылуы керек.
Жоғары білім сапасы ең жоғары халықаралық талаптарға жауап беруі тиіс. Елдегі ЖОО-лар әлемнің жетекші университеттерінің рейтингіне енуге ұмтылулары керек.
2015 жылға қарай Ұлттық инновациялық жүйе толыққанды жұмыс істеп, 2020 жылға қарай елде енгізілетін талдаулар, патенттер мен дайын технологиялар түрінде өз нәтижелерін беруге тиіс.
Білім беру саласында Астана қаласында құрылып жатқан бірегей оқу орындары – «Жаңа Халықаралық Университет», «Арнаулы Қор» және қазірдің өзінде табысты жұмыс істеп жатқан «Интеллектуалдық мектептер» секілді жобалар ерекше басымдыққа ие болмақ.
Отандық білім беру жүйесінің флагманы болып, осы заманғы оқу бағдарламаларын кейіннен оларды бүкіл республика бойынша енгізетіндей етіп әзірлеу мен байқап көру жөніндегі басты алаңға айналуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасау қажет.
Халық денсаулығы ол – Қазақстанның өзінің стратегиялық мақсаттарына жетудегі табысының ажырамас құрамдас бөлігі.
Медициналық қызметке нәтижелерге бағдарланған қаржыландыру мен ақы төлеу жүйесі енгізілуде. Дәрілердің 50 %-ы біздің елімізде шығарылатын болады.
Салауатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігі қағидаты – осылар денсаулық саласындағы және халықтың күнделікті тұрмысындағы мемлекеттік саясаттың ең басты мәселесі болуы тиіс.
Туризм және спорт министрлігі әкімдермен бірге елде бұқаралық спортты дамыту үшін бірлескен іс-шараларды анықтап, оларды нақты іске айналдыруы тиіс. 30 %-ға дейінгі қазақстандықтар бұқаралық спортқа тартылуы керек.
Денсаулық сақтау нысандарын салу және жабдықтау, кадрларды даярлау, салауатты өмір салты жөніндегі мемлекеттік шаралар кешені 2020 жылға қарай ана мен бала өлімін екі есе төмендетіп, жалпы өлімді 30 %-ға азайтып, туберкулезбен ауыруды 20 %-ға қысқартуы тиіс.
Алда тұрған онжылдықтың аса маңызды міндеті – Қазақстанның барлық азаматтарының өмір сапасы мен деңгейін жақсарту, әлеуметтік тұрақтылық пен қорғалуды нығайту. Ел халқы санының 2020 жылы 10 %-ға өсуі үшін мемлекет барлық қажетті жағдайларды жасайтын болады.
Мемлекеттік әлеуметтік саясатымыздағы басты басымдық халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады.
Сондықтан мен 2020 жылға қарай жұмыссыздық деңгейі 5 %-дан, ал табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 8 %-дан аспауы өте қажет.
Дағдарыс сабақтары тұрғын үй құрылысын дамыту саясатын жетілдіруді талап етеді. Ол үшін тұрғын үй құрылыс салымдары жүйесінде зор әлеует бар болуы шарт. Азаматтардың, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің, мемлекет пен құрылыс компанияларының тең құқылы әртіптестігі қағидатын пайдалану қажет.
Азаматтар тұрғын үй құнының бір бөлігін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде жинайды да қымбат емес ипотекалық несие алу мүмкіндігіне ие болады.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, түпкі нәтижесінде тапсырыс беруші ретінде көріне отырып, азаматтардың тұрғын үй жөніндегі қаалуларының пулын қалыптастырады, құрылыс инвесторлары мен тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға дайын екінші деңгейлі банктерді іздеуді жүзеге асырады.
Үкімет 2010 жылы «Жол картасы — 2009» жоспары бойынша басталған тұрғын үй-коммуналдық сектор нысандарын қайта жаңғыртуды жалғастыруы, ал 2011 жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты кең ауқымды жаңғыртудың 2020 жылға дейінгі жоспарын жасауы басты міндеткерлік.
Ауылдық жерлерді құбырлы сумен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыру қажет. Шағын қалаларда халықтың 100 %-ы үшін сапалы су қолжетімді болуы тиіс.
Ішкі саяси сала мен ұлттық қауіпсіздіктің 2020 жылға дейінгі негізгі мақсаттары қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтау, ел қауіпсіздігін нығайту болып қала береді.
Жаңа онжылдықта біз өзіміздің экономикалық жоспарларымыздың табыстарын дәйекті саяси жаңғырту арқылы бекемдеп, саяси жүйемізді жетілдіруді жалғастырамыз. Және мұнда құқықтық реформа маңызды рөл атқаратын болады.
Құқық қорғау жүйесін реформалау бойынша байыпты жұмыс жүргізуге тиіспіз. Құқық қорғау органдары функцияларындағы жанжалдан, тиісті кадрлық жұмыстың болмауынан, сондай-ақ ел құқық қорғау жүйесі қызметінде мөлдірлік пен бақылаудың жоқтығынан туындаған проблемалар анық көрінеді.
Құқық қорғау жүйесін оңтайландырып, әрбір мемлекеттік органның нақты құзыретін түзу керек.
Парламенттік және қоғамдық қатал бақылауды қамтамасыз ету керек болады, сондықтан әрбір құқық қорғау органының қызметінде есептілік пен бағалау жүйесін жетілдіру талап етіледі.
Президент Әкімшілігіне, Үкіметке, Жоғарғы Сотқа, құқық қорғау органдарына құқықтық кеңістікті жетілдіру бойынша жүйелік жұмысқа шұғыл басты міндет.
Президент қолдауышы 7 саяси партия Экономикалық дағдарыс жағдайында әлеуметтік және саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету туралы меморандумды бірлесе әзірлеп, оған қол қойды.
Болашақтағы алға дамуымыз төрт қағидатты басшылыққа алу болып саналады:
Біріншіден, ең басты құндылығымыз ол – Отанымыз, Тәуелсіз Қазақстан!
Екіншіден, мемлекет және оның әрбір азаматы қай жерде де қоғамның тұрақтылығы мен елдің әл-ауқатына кері әсерін тигізуі ықтимал кез келген қадамға бармауы тиіс.
Үшіншіден, экономикалық өрлеу – әрқайсымызға қатысты бүкілхалықтық іс. Бұл – қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешудің және баршамызды табысқа бастаудың кілті.
Төртіншіден, өңірлік және әлемдік нарыққа интеграциялау – дамудың аса маңызды шарты.
Қазақстанның сыртқы саяси бағыты Сыртқы саясат тұжырымдамасына негізделетін болады.
Ұлттық мүдделерді қамтамасыз етуге, елдің халықаралық беделін арттырып, ұлттық, өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған белсенді, прагматикалық және теңдестірілген сыртқы саясат жүргізілетін болады.
Қазақстан халықаралық қатынастардың жаңа архитектурасын және әлемдік сауда-қаржы жүйесінің сұлбасын қалыптастыру кезінде жаһандық шешемідер қабылдау үдерістеріне қатысу ниетінде.
Қазақстан барлық қазіргі бар ұжымдық қауіпсіздік жүйелері арасындағы стратегиялық үнқатысуды жолға қоюға белсенді жәрдемдесетін болады.
Қазақстан өңірлік және жалпыәлемдік экономикалық үдерістердің жауапты қатысушысы ретіндегі өзінің рөлін толық көлемінде сезіне отырып, оны өз тәуелсіздігінің барлық жылдары бойында мінсіз орындап келеді. Біз үшін бұл мақтаныш.
Қазақстанның жоғары халықаралық беделі біздің елімізге Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төраға болуға мүмкіндік берді.
Бұл – біз үшін үлкен абырой.
Бұл – ЕҚЫҰ-ға адамзаттың жаңа тарихындағы аса күрделі кезеңде төрағалық етудің аса жоғары жауапкершілігі.
ЕКЫҰ оған қатысушылардың бірегей географиялық құрамымен – ал бұл үш құрлықта орналасқан 56 мемлекет, мемлекеттердің өзара ықпалдасуының бай тәжірибесімен халықаралық қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың шешуші тетіктерінің бірі болып табылады.
Қауіпсіздік жөніндегі аса ықпалды ұйымға қазақстандық төрағалық мынадай ұранмен өтті: «Сенім. Дәстүр. Ашықтық. Төзімділік».

Біз көптеген көкейкесті мәселелерді шешу жолдарын бірлесе іздеп, ықтимал дағдарысты жағдайлардың алдын алу үшін бірлескен тетіктерді әзірлейтін боламыз.
Біз қауіпсіздіктің негіз қалаушы мәселелері бойынша, сондай-ақ Ұйымның өзін дамыту мәселелері бойынша консенсустық алаңды кеңейту және нығайту ниетіндеміз.
Біз ЕҚЫҰ ХХІ ғасырдағы әлемнің көпқырлылығын танитын құрылым болуы үшін бәрін де жасайтын боламыз.
ЕҚЫҰ-ға мүше көптеген мемлекеттер Қазақстанның жоспарларына, сонымен қатар, үстіміздегі жылы Астанада ЕҚЫҰ-ның Саммитін өткізу туралы менің ұсынысыма қолдау білдірді.
Мен Саммитте ЕҚЫҰ-ның жауапкершілігі аймағында қауіпсіздіктің көкейкесті проблемаларын, Ауғанстандағы жағдайды және төзімділік мәселелерін талқылауды ұсындым.
Біздің ЕҚЫҰ-дағы төрағалығымыз бүкіл әлем халықтарының қауіпсіздігін дамыту мен өркендетуге бағытталатын болады.
Бағдарламаның түпкі мақсаты – еліміздің тәуелсіздігін баянды ету, қазақтың ұлт болып өркендеуіне жол ашу, оның тілі мен мәдениетінің кең құлаш жаюына мүмкіндік туғызу.

Қорытынды: Осы биылғы жолдау алдағы уақытта Қазақстан халқынан үлкен қолдау тауып, еліміздің ішкі – сыртқы саяси дамуында елеулі жоспарлар мен бағыттарды іске асыруға көмектеседі. Және де елдің халықаралық аренадағы саяси мәртебесін жоғары деңгейге көтеруде, сонымен қатар желтоқсан айында болатын ЕҚЫҰ – ның Астанада өтетін Саммитіне үлкен зор көмегі болады. Бұл Саммитте бүгінгі әлемдегі экономикалық-саяси тартыс пен шиеленістерді шешуде еліміздің сыртқы саясатындағы негізгі бағыттарды айқындап, елдер арасындағы бәсекелестікті күшейтуге барынша бағыт-бағдар белгіленіп жарияланады.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.