«Ресей қамқорлығын қабылдау»
Ақтөбе қаласы, Есет батыр атындағы облыстық
әскери-полициялық мектеп-интернаты
тарих пәні мұғалімі Ертемиров А.С.
Тақырыбы: «Ресей қамқорлығын қабылдау» Ашық сабақ конспекті
Cынып: 10 «д» Пәні: Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §36. Ресей қамқорлығын қабылдау.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қазақ хандығының ХVIII ғ. басындағы саяси жағдайы мен халықаралық тарихи аренадағы орны мен рөлі туралы жалпылама шолу.
Тәрбиелік: Қазақ халқының ғасырлар бойғы егемендік, тәуелсіздік үшін жанқиярлықпен күресе білген азаттық күресінің тарихи маңыздылығымен таныстыру.
Дамытушылық: Патша үкіметінің қазақ өлкесін отарлау шараларын, әскери-әкімшілік аймақтардың саяси беделі мен басқару жүйесіндегі реформаларды саралау.
Сабақ түрі: Аралас сабақ Көрнекілігі: карта, трек-сызбалар, портреттер
Әдістері: әңгімелеу, сұрақ-жауап
Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын сұрау.
1. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» дегеніміз қай кезең?
2. Не себепті Тәуке ханнан соң Қазақ хандығы бытыраңқы күй кешті?
3. Алғаш жоңғарларға қай жерде, қашан соққы берілді?
4. «Аңырақай» шайқасының тарихи маңызы неде?
5. Састөбе құрылтайының маңыздылығын ашыңдар.
6. Кіші жүз ханы Әбілқайырдың ұлы хан болуға құқығы болды ма?
7. Қазақ билерінің саяси қызметі қандай болды?
Жаңа тақырып.
І. Кіші жүздің Ресей империясы құрамына кіруінің алғышарттары.
ІІ. Әбілқайыр хан мен Тевкелев елшілігі.
ІІІ. Патша үкіметінің қазақ жерін отарлау шаралары.
Әбілқайыр хан (1718-1748 ж.ж.)
І. 1731 ж. 19 ақпан – қазақ елшілері – Сейітқұл Қойдағұлұлы мен Құтлымбет Қоштайұлының Кіші жүзді Ресей империясы құрамына алу туралы патшайым Анна Иоановнаға ұсыныс білдіруі. Қазақ жері мен Кіші жүздегі саяси дағдарыстың белең алуы. (құжаттар бойынша деректер).
ІІ. Ресей патшайымы Анна Иоановнаның бұйрығымен тілмаш әрі елші Тевкелев А.И. Кіші жүз ханы ордасы Ырғыз өзені бойындағы Майтөбеге барады. Әбілқайыр хан мен билермен кездесіп келіссөздер жүргізді. 1731 ж. 10 қазанда Әбілқайыр және оны қолдаған 29 би-старшындар Ресей бодандығын қабылдап, грамотаға қол қойды.
ІІІ. Қазақ жерін отарлау: 1734 ж. сенат хатшысы И.К.Кириллов экспедициясы. 1735 ж. Ор өзені бойында Орынбор бекінісі салынды. Қазақ жерін отарлау үшін Орынбор генерал-губернаторы – И.И.Неплюев басқар реформаларын жасады. Патша үкіметінің қазақ жерін отарлаудағы «бөліп ал да билей бер» саясатының жүзеге асуы. Бекіністердің салынуы. 1748 ж. тамызда Әбілқайыр ханның Борақ сұлтан қолынан қаза табуы. Кіші жүздегі билік үшін талас-тартыстың күшеюі.
Қорытынды: «Кіші жүз ханы – Әбілқайырдың» саясатына көзқарастар.
Бекіту.
1. Неліктен Әбілқайыр Ресей бодандығын қабылдауды көздеді?
2. Қазақ елшілерінің патшайымға барудағы негізгі мақсаты не?
3. Ресей империясы Кіші жүзді құрамына алудағы көздегені не?
4. Тевкелев елшілігі қашан Кіші жүзге келді?
5. Қашан Кіші жүз билеушілері бодандыққа өтуге ант берді?
6. Қазақ жерін отарлаудағы Ресейдің ұстанған саясатына баға беріңдер.
7. Қазақ жерінде бекіністер не үшін салынды?
Үйге тапсырма: §36. Хронологиялық шеңбер.
Бағалау.

Сабак такырыбы неликтен «Ресей қамқорлығын қабылдау» деп алынган, бодандыкты “камкорлык” деп карастыру кимге кажет?!…