Халқымыздың аса бай рухани қазынасы – туған ана тіліміз

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ә.Тәжібаев ауылы
№214 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Cәрсенбаева Төлекүл Қайыпназарқызы

Халқымыздың аса бай рухани қазынасы – туған ана тіліміз.

Ол – қазақ тілі. Қазақ тілі – даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл.

… Тіл қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынасқұралы. Тіл болмаса сөз болмайды. Сөз болмаса адамзаттың тірлігінде мән – маңыз болмайтыны белгілі. Қазақстан 1989 жылы 11 қыркүйекте қабылдаған «Тіл туралы» Заңда  «Тіл – халықтың ұлы жетістігі, әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін белгісі» делінген. Бірінші бабының бірінші тармақшасында  «Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттің тілі болып табылады» деп, жазылған, Ел президенті Н. Ә. Назарбаев өз сөзінде «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген қанатты сөзді үнемі айта жүреді.

Халық тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті.

Қазақ халқының тарихы әртүрлі тарихи кезеңдерді бастан кешкен, қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. Тарихтың  парағына  үңілмей-ақ кешегі Кеңес өкіметі  70 жылдан астам уақыт бойы  ұлттардың жақындасуы деген желеумен ұсақ ұлттардың тілдеріне қысым жасап келгенін білесіздер. Қазастан өз тәуелсіздігін алғаннан бастап мемлекеттік тіліміздің дамуына, өркендеп өріс жайуына көптеген іс-шаралар ұйымдастыруда. Қазақ тілі мәселесі мемлекеттік деңгейге көтерілген кейінгі жылдары бұқара халық және өзге ұлт өкілдері де ана тілі үшін  белсенділік танытуда. Бірақ, әлі шешілмей жатқан  түйінді мәселелер де баршылық. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел  өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Әлемдегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады.  Сондықтан,  кез-келген мелекет өзінің аумақтық салт-дәстүрін, ана тілін ерекше қорғайды. Ана тілін дамыту, қорғау дегеніміз – өз ана тілінде таза сөйлеу және оны ұғынып, туған анасындай сүю. Қазастан дамыған өркениетті  елу елдің қатарына енгізетін біздің болашағымыз – бүгінгі жастар. Олардың міндеті – елдің намысын қорғап, оны әлемге таныта білу. Әлемге таныту үшін әр жас өз елінің тарихын,  тілін жетік білуі керек.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше